Windows 7-де қатқыл дискті бірнешеге бөлу

Компьютерлер туралы /
Бүгінгі мақалада Windows 7-дегі өзінің жүйесінде бар қосалқы бағдарлама арқылы қатқыл дисті бірнеше бөлімге бөлу туралы жазылмақ.

Ол үшін Пуск->Компьютер->Управление таңдаймыз немесе «Компьютер» таңдап, тышқанның оң жағын басып, «Управление»-ны таңдаймыз.


Ашылған терезеден «Управление дисками» таңдаймыз. Бұл терезеде компьютеріңізге қосылған қатқыл диск (неше қатқыл диск бар, неше бөлімге бөлінгені) туралы ақпарат ала аласыз. Ал төмендегі терезеде көріп тұрғаныңыздай менде бір қатқыл диск екіге бөлінген (С аумағы 41,53Гб және Д аумағы 107,42 Гб, ал «зарезервировано системой» деген жүйенің өзіне керек бөлігі, оған тимеген жөн).
Енді бөлгіңіз келетін қатқыл дискті (Мен Д бөлігін таңдадым) таңдаймыз да, тышқанның он жағын басамыз. Сосын «Сжать том» дегенді таңдаймыз.


Жүйе сол қатқыл дискте неше бос орын бар екенің есептеп болғаннан кейін төмендегідей терезе ашылады. Қазір бізде Д дискісінде 84594 Мб бос орын бар.


Ал біз Д дискідеден барлық бос орынды алып кетпеу үшін тек 40000 Мб ғана таңдадық.
Таңдап болғаннан кейін «Сжать» батырмасын басамыз.


«Сжать» батырмасын басқаннан кейін көп ұзамай «Управление дисками»-ден «нераспределен» деген жаңа бөлім ашылады. Енді оны толықтай аяқтау ушін том жасақтаймыз. Ол үшін жаңа бөлімді таңдап, тышқанның оң жағын басып, «Создать простой том» дегенді басамыз.


Ашылған терезеге «далее» деп басамыз.


Кез келген әріпті таңдаймыз да, «далее» басамыз.


NTFS файлдық жүйені таңдаймызда, «далее» басамыз.


Соңғы батырма «Готово» басамыз.


Көріп тұрғаныңыздай жаңа бөлім (Н) пайда болды.


19 пікір

serjan
Өте жақсы осындай жазбалар көбейе берсін.
khairbek
көзін плюстен ашылмасын)))) енді Жетінші терезені қалай орнату керек екенін көрсетсен жаксы болып кетеді
qyrmyzy
көзін плюстен ашылмасын))))

түртіп алдым
khairbek
qyrmyzy
артық ештеңе жазбадым ғой. Олай қарамаңызшы…
khairbek
qyrmyzy
Тәйт!
khairbek
не болды тегі
qyrmyzy
флудты доғарайық! Басқа жазбаға барайық оданша
Karlen
Жетінші терезе қалай орнату туралы алдағы уақытта жазармын.
khairbek
Раха саган Марлен
khairbek
или Карлен
Karlen
Карлен))
khairbek
жалпы киын емес деа ойлаймын, жалпы бырыншы рет жасайын деп отырмын
Karlen
Қиындығы жоқ. Бір екі жері болмаса. Қатқыл дискке жүйені орнату барысында бөлу жағы қиын болмаса. Қалған жері оңай.Хр-ден айырмашылығы аса көп емес. Тек графика түрінде демесең.
zhurttyn_balasy
Мынауың өте пайдалы болды, рахмет. Әлгі бала қайда жоқ боп кетті деп жүр едім, бар екенсің ғо. Келіп тұр, жаза түс. Оқырманыңмын.
Karlen
Рахмет! Жаздан жаңа ес жиған баламыз! Енді келіп жазып түрамын.
Manas
Пайдалы жазба.Юнтаус Ехпиди қалай жасайтыны болса енді маған жақсы болып кетер еді)
Karlen
EASEUS Partition Master 9.1.1 Home Edition тегін бағдарлама арқылы бөлуге болады.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.