Қазақша пернетақта

Компьютерлер туралы /


Бүгінгі күндегі қазақша пернетақта туралы ойландыңыз ба?

Қазір қолданып отырған қазақша пернетақтамыз, орыс тілінің пернетақтасының нұсқасына негізделіп жасалған. Пернетақта қазақ тіліне тиесілі, бірақ ең қажетті қазақтың төл әріптері жоғарғы символдар қатарынан орын алып, әріптер қатарынан шығып қалған. Кезінде А. Байтұрсынов бастаған қазақ зиялыларының қазақ әліпбиін құрастыру кезінде, орыстандыру саясатының ықпалымен қазақ әлеміне еніп кеткен жат әріптер, пернетақтада өздеріне лайықты емес орын алып тұр. Тіпті, бұл әріптер қазақша сөздерге қолданылмайды да. (Қосымша, татар, беларус, украин пернетақталарына назар аударуларыңызды сұраймын). Себеі, кезекті: “Ц, Щ, Х, Ъ, Ф, В, Э, Я, Ч, Ь, Ю” тырнақшаға алынған осы әріптің 9-ының орнын Ә, І, Ң, Ғ, Ү, Ұ, Қ, Ө, Һ төл әріптерімізбен алмастырғанымыз дұрыс болар. Пернетақта қазақ тілінікі, қазақтың төл әріптері символдар қатаріна кіріп, әріп санатынан шығып, бүгінгідей кедергілерге ұшырамауы керек. Жоғарыдағы 11 әріп онсызда әріптің қасиетін жоғалтпайды, ол әріптерді қазақ пернетақтасы қолдамағанымен, толып жатқан басқа кирилл әріптерінде жазатын тілдер қолдай береді. Қазақтың төл әріптерін, тек қазақ тілі ғана қолдай алады. Жаңа пернетақтаға үйрене алмай қаламын деп қарсы шықпауларыңызды сұраймын, басты проблема ол емес, басты проблема – қазақ тілінің кедергілерге ұшырамай, әріптерінің дербес тілдік қасиетін қаыптастыруда.

P.S.: бұл сонау 2008 ж келген идея көрінед :)
nurzhol.wordpress.com
Архивті еске алып тұрған жақсы.

11 пікір

qyrmyzy
Мынау дұрыс сияқты жаңағыға қарағанда.
pari
енді қазір жарияланып тұрғо
AL-ASTER
Ең алғаш қалалық ғылыми жобаға шыққан оқушылар арасынан бұндай тақырыпты алып шығу күлкілі жағдай әрине. Кейін орысша бір форумға қойғаным есімде ол қазір жабық, одан соң вордпресстегі блогқа жария болды (шамамен 2010-2011 ж). Бірақ енді жақсылап қолға алуға боладе. Қазіргі жаңа клавиатураның да оңып тұрғаны шамалы екен, қазақша әріптерді топырлатып бір «шетке» жинап тастаған екен. Соны сенсациялап жүр.
pari
енді түсіндім… Бұл жазбаның негізгі мақсатын
beko
Алмастырған жөн деймісіздер? ыңғайлылық жағынан да(яғни тілді ауыстырмай), осы сіздердің айтуларыңызша символдар қатарында тұрмайтындай, үшіншісі сол өзгерістен ортасындағы әріптердің өзгеріссіз (үйреніп қалған, өзгертуге міндетті емес батырмалар) қалуын ойластырып барып жаңа пернетақта шығарған жөн ау(бір және соңғы мәрте), өз ойым.
beko
nurzhol.wordpress.com Кейбіреулеріңізге сайт ашылмаса мұнда басамыз.
pari
Мына сайт арқылы кіріп отырсызба?
samarhan
Кұшты йдя қолдаймын! бізде осы қйыншылықты ескерып қазақша әріптерды латын әрпіның орнына орналастырып қазақша keyboard немесе қазақша хат тергыш жасаған болтынмыз біздегы артықшылқ орыс әріптерын жоғары орынға орналастырп қазақ әірыптерын латын әріптер ден орын алған! Біздың keyboard шетелде жұрген студентерымз ұшын қолайлы деп ойлайым жұктеу әдірысы :www.kazakhsoft.com www.tintw.com/korkem
maksimuly
Budan koru latinmen jazganda tura kazakh aripterine audarin bolsa.misali krilleer.blogspot.com/ sitetagi kusagandai brak bul mongol aripine arnalgan odan tagi jeke program jasasa misali mongol aripine arnalgan code.google.com/p/buuz/.
Latinnan kirillitsaga audaradi automat :)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.