Керемет сала

Компьютерлер туралы /
Рас, алғашында мені жұрт программист дейтін. Жұрт дегені, тамыр-таныс, көз көріп қол ұстасып амандасқан шағын орта ғана деп мақтан етіп жариялаудан басқа вариант жоқ. Мектепте пайнтпен үйшік салғанға мәз болған кездер де жоқ емес. Себебі, аспаннан түскен жоқпыз ғой. Алғаш көк экранды қызықсыз программаның көмегімен төртбұрыштың ауданын есептеп шығаратын программа жазып шығарып, кәдімгідей ғылымға бас сұғып жемісін көріп отырған адамша нәтижесіне масаттана іштей қуанатын кездер, фотошоппен монтаждаулар (яки өзіңнің жеке суретіңді кистпен батпитып бояп, болмаса фифтисенттің басын кесіп, орнына контрасты сәйкеспейтін сапасыз суреттен қиып алған сопақша басты орналастырып, мәмбеттік шедебір әзірлеп, мирге қоятын кездер ше). Жоқ, оны да білмейтіндер «Уау! Хакер!» дегенде, көзді жұмыңқырай төмен қаратып қалатын кездер таныс па? Әрине. Тек бқл жерде әділдік еместігін де мойындау керек. Пиннекл мен мовие мейкер қалып кетпесін. Әйтсе де, программист деген мамандық бүгін жойылып барады. Бұл заңдылық. Резюмеңізде "Қосымша жетістігім — ағылшын тілін білемін" деген сияқты, белгілі бір (майкрософт Офис, Адоб, Автодеск т.с.с) программаларда жұмыс жасай алатыныңыз бүгінде қарапайым қосымша «білімге» ғана айналып шыға келді.

Компьютері НТЛДР ис миссинг! деген қате шығарды ма, дереу алып НТЛДР файлын жүктеуші дискке Виндовс папкасының жанына көшіре сал, кетті әрі қарай жұмысын жалғастырып. Мұндайда, көлігінің дөңгелегі жарылған адам да өзі дөңгелегін ауыстырып алмай ма, сол сияқты жағдай. Қысқы маусым келе жатыр, көлігіме қандай диаметрлі қай сападағы қай брендтің дөңгелегін аламын деген сияқты, видеокартасын жаңартқысы келген адам да осындай параметрлерге сүйеніп қажет тауарын өзі таңдай алатын күндер жетіп қалыпты.

Дизайнер өз тәрелкесінде: дизайнын әзірлеп, оны өзінің "қосымша білімі" арқылы бір бағдарлама арқылы компьютер көмегімен жұртқа демонстрациялап жатыр; Суретші өзінің суретін салып, оларды орналастырған күйі компьютерлік программаға салып, «косымша білімінің» көмегімен шағын скрипт жазып, сызғанына жан бітіріп анимация әзірлеуде. Физик амиго да қарап қалмай, белгілі бір мақсатты орындауға арналған оқушыларының лабораториялық жұмыстарын жеңілдету және озық техника көмегімен түсіндіру үшін, Си тілімен өзінің мыжық дәптеріндегі сызбаларын программалап, тәуір программа жазып шықты. Ал кіреберістегі бұғалтыр тәте, 1с-тің айлық кварталдық есептеу жұмысын жеңілдету үшін, жеке конфигурация программалап шығыпты. 1с программистке жалынбайды, себебі екеуінің де қолданып отырғандары бір программа, ал кварталдық есепті программисттен гөрі, есептік мамндығы бар бұғалтыр формулаларды жақсы түсінеді, керегі тек: бағдарламалау тілі: процедуралар мен функциялардың сипатталуы. Оны өз қажеті үшін меңгеріп алған. Программисттің ендігі қажеті жоқ. Ол ол ма, сырттағы дүңгіршектегі етікші де, әр келген аяқ киімнің параметрлері бойынша төлемін автоматтандыратын терминалға программа жазып шығыпты.

Сексенінші жылдары «ақ халат» киіп, абайлап кіріңдер, «компьютерге вирус жұқтырасыңдар» деген әңгімелер 360 градусыңыз бірнеше рет айналып, бесіктен белі енді ғана шығып жатқан бала өзіне логин ашып алып, гуглдан сүйікті персонаждарының өнерін тамашалап отырса, ол ешқандай да программитс деген сөз емес, қарапайым қолданушы. Ал оның компьютерді жетік меңгеруі, кім болса да тек заман талабына ілесуші адам ретінде қабылдауға болады.

Қап. Қайда сол программисттер? Олар — түгел халық. Әр маман классикалық бағдарламалаудың негізінен хабардар болып жатса, кешегі «ағылшын тілінен хабары бар» модерн маман иесі, бүгінде және бір қосымша білімді қажет етуі айқын білінуде.

Сонымен қатар, программалаудың майын тамызатын нағыз программисттер де өте қажет! асылы, ондай мамн иелері тек бір ғана саламен айналысады. Сайт жасаушы мамандардың қарапайыи құрамымен танысайық: Жоба жетекшісі, кодер, дизайнер, үйлестіруші css маманы, сео мамн, контент менеджер, дайын жобаны басқарушылар тобы т.с.с.

18 пікір

ereke_enu
«Тыжпрограммист» — деген компьютерге байланысты бүкіл нәрсені білуге тиісті маман иесін де жаза кетсеңші))
AL-ASTER
Быдлакодер?)
MSHERIMBEK
Жоооқ, быдло уә индус кодерлер басқа:) тыжпрограммист деген бар. онжпрограммист дегені де:)
AKA
Дұрыс қой, мұндай ортақ, жалпы білім барлық салада да бар, иә. Мәселен, дәрігер. Тұмауратып не басымыз ауырғанда үйде емделе саламыз, соған бола дәрігер жағаламаймыз. Құрылыс, ауылдық жердің көбінде есік алдындағы сарай мен қораларды өз қолдарымен тұрғыза салады, арнайылап бригада шақырмайды. Осындай мысалдар көп… сондықтан тереңдетілген оқу, тек сол маман ғана жасай алатындай білім бізге қатты қажет. Өз саласында мықтап меңгерген адам ғана "өлмейді", қай кезде де сұраныста болады.
Осы сәтте өзімнің «Геодезия» сабағынан сабақ берген ағайымды атап өткім келеді. Ол сабақ бергенде сұұұұұммммдық енді, лекцияның кез келген жерінен тоқтат, дәл сол жерін мүдірместен, дәл солай айтып береді. Болмаса, есебін сұра, жауабын жатқа біледі, бірден қарайды да, дұрыс не дұрыс еместігін момент сол жерде айтады. Тіпті, қарсы шығып әуре болмаңдар дейтін, шынымен де оныкі дұрыс болатын. Ошым, сабағына, мамандығына қатты берілген, геодезиядан не сұрасаң да айтып береді. Міне, мықты маман! Ал, әлгі кандидат, профессор дегендермен ол кісіні салыстыруға да келмейді, өкініштісі…
Jako
Тамаша пікір, елдің бәрі машина жүргізеді бірақ бәрі кәсіби емес.Көбі шинаны аккумлятордан ажырата алмайды дегенім ғой.
Соңғы өңделген уақыты:
MSHERIMBEK
иии заны, сен прям точкаға тидің:)
ereke_enu
«Анда компьютер жөндейсіңдер ма?» деп сұрағанда қаным басыма шапшып кетеді))) Бас десе құлақ деп. Бағдарламалаудың темір терсек, атверткіге қандай қатысы бар екенін ұқпай-ақ қойдым бар ғо. Компьютердің ішіндегісінің бәрі өзімен келеді деп ойлайды ма, теледидарға ұқсатып жүр ма дим) «Системный администратор», «инженер-техник», құрығанда «айтишник» деп атауға болады ғо. Жооқ, программммииист. «Программистсің ғо, компьютерімді қарап жібеш, принтерімді көріп жіберш, мынау неге жасамайд?». «Программист» деген сөзді морфологиялық талдау жасамай-ақ қояйық та ендігі!!! Жақында за моральный ущерб сотқа беретін болам… РР ырр р р р ...))
AL-ASTER
Соңғы кездері мен де қашамын ондайдан. Құдды слесарь көріп тұрғандай әсер береді. Өзін сыйлайтын программист — кодер деген тұжырым шығып тұр.
rauan
#НевтемуӘңгіме
Менің жасаған видеом дискте жүр екен… ауылға барсам двд-ін қосып түрлі түрлі клиптер қосып жатыр, бір кезде менің жасаған видеом двд-де ойнап жатыр Я В ШОКЕ… туысқандар менің жасаған видеом екенін біліп аңтаң… сосын қайдан алдыңдар десем центрде 100 шақтысын сатып жатыр дейді… бәрі сатып алып жатыр ғой, қумашы сен жасамағансың деп сенбейді… содан кейін ютубка кіріп көрсетіп сендердім ғой ақыры… Туысқандардың алдында мәәәз болып отырдым )) видео басталғанда менің атым жазылғанын айтсай… солай менің видеом дискке тараталып кетіпті.Мақтанып жатырмын (қазақпыз ғой) Звезданулся дегендей (кеше болған оқиға)
pari
қай видеоң?
rauan
Скоро во всех базарах страны ))
yesbolat83
Сол видеоңның сілтемесін нұсқап жіберсең, тамашалар едік.
rauan
zhurttyn_balasy
плагиат қой )

түүү соны да әңгіме қылып
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.