Вебсайттардың дизайны бойынша кеңестер

Компьютерлер туралы /
Сәлем достар. Шамамен жарты жыл бұрын сайт дизайны туралы кітап оқығанда, қажетті жерлерін дәптерге түртіп алған едім. Кітап авторы мен атауы еске түспей жатыр, кейін еске түссе жаза кетермін. Жалпы, сайт дизайнері болмасақ та, шағын білім базымызды кеңейтіп қояйын деген ниет қой.

Кез-келген сайт жасау кезінде, оларға ортақ талаптар болатыны белгілі.

1. Сайт дизайнын жасар кезде, алдымен әлбетте сайт тематикалық мақсатын нақты анықтап алу керек. Кейін, сайттың шешетін тапсырмалары мен атқаратын функциясын, міндеттерін анықтау қажет. Әрі қарай дизайндік балансқа көшеміз. Басқа өзіңіздің сайтыңыздың тематикасына сай, онымен қоса басқа да жақсы дамыған оншақты сайттарды шолып, оларда кездесетін нақты бір элементтері мен формаларын назарға алып, сол қалпында көшіріп алмай, өз ыңғайымызға қарай түрлендіре өз мақсатымызда қолданамыз. Кейін, элементтің атқаратын қызметі мен көлеміне сай, белгілі бір позициядан орын береміз.

2. Акценттеу. Сайт элементтерінің орналасу тәртібі. Парақтағы элементтердің орны мен өлшемі, стилі және позициясы.
Мысалы, сайттың жоғарғы бас бөлігін алайық. Көптеген сайттар арасында ол ауданда логотип, бас мәзір, графикалық шапка, слайд сияқты элементтер орналасу кеңінен үрдіс алған. Қолданушы сайтты ашқанда, бұлар көзге ерекше байқалатын, тартымды элементтер болып саналады. ірі сайттарда шағын, ал шағын сайттарда мұндай элементтер үлкен өлшемде кездесіп жатады көбіне.

3. Баланстау. Сайт элементтерінің өзара орналасуындағы көріністері. Оларды симметриялы және ассиметриялы деп қарастыруға болады.
Симметриялы орналасу реті. Бұл жағдайда, элемент формасы мен өлшемі жалпы сайт дизайнының оң және сол жағынан бірдей арақашықтықта алыстап, қақ ортасына орналасады.



«Робот» стиліндегі сайт элементінің позициясы, формасымен қосы сайтта симметриялы күйде орналасқан.

Ассиметирялы орналасу реті. Логикалық тұрғыдан, симметриялыға қарсы түсінік. Бұл жағдайда, элемент формасы мен позициясы, сайттың жалпы дизайнының оң жақ және сол жақ бөлігінен әр түрлі арақашықтықта орналасады. Бұл орналасу реті, көптеген сайттарда кездеседі.
Мысалы, қызылмен бөлінген блоктар сайттың оң және сол жағынан санағанда әр түрлі пиксельде орналасқан:
ассиметриялы сайт

4. Тегістеу. Сайт элементтерінің өзара орналасуындағы үйлесімділік. Мәселен, сайттың логотип ені мен астындағы блок бағаны ені сәйкесуін мысалға алуға болады. Сонымен қатар, басқа да мақсаттары бөлек, бірақ формасының ұзындығы, ені бір біріне ұқсас элементтердің парақшадағы орналасуын айтамыз. Мысалы:
логотип енімен сәйкес блок

5. Қайталау. Сайт каркасындағы бір форманың бірнеше рет қайталануы. Төменде мысалы посттың сипаттау формасы бірнеше рет қайталанып тұр, қызылмен ерекшеленген:

қайталау түріндегі орналасқан сайт элементі

6. Көргенге ыңғайлы болуын қамтамасыз ету. Сайт парағындағы материалдар орналасу ретін, жоғарыда атап өтілген параметрлер бойынша ескерумен қатар, сайттың «фишка» деген элементтерін (саны бар жоңы шамамен 2-3 ғана) жоғары бөлікке және сол жақа қойған дұрыс. Себебі, қолданушы сайтты ашып тамашалаған кезде, бірден жоғары бөлігінен бастап тамашалап, алғаш әсерді сол жерден алады. Сайт туралы мазмұнның 20 процентке жуығын осы «фишка» арқылы қабылдайды. Олар: әсем логотип, ыңғайлы жаңалық слайды, ортақ бас мәзір т.с.с. элементтер, сонымен қатар адам «бейнелі» ақпаратты есте жақсы сақтайды.
Екіншіден, қолданушы сайтты сол жақ жоғары тұсынан бастап тамашалайды. Барлық кітап, журнал, газет оқыңанды, сол жақ абзацтан оқып дағдыланып қалғаны белгілі.

7. Соңғы және басты ескерерлік жағдай. Мүмкін бұны ең бірінші деп жазуға да болар еді. Түс.
Сайт парағының түстерінің сәйкестену кобинациясы. Әдетте, екі түстен бірнеше түске дейін қолданылады. Және ол түстер бір бірімен гармониялы түрде табиғи үйлескен де дұрыс. Міселен, colorschemedesigner.com/ сайты арқылы варианттар қарастырып көруге, болмаса психологиялық тұрғыдан түстік әсер ету қасиеттерді ескеріп таңдау жасаған лазым дегеннен басқа айтар жоқ. Мысалы, көк түс көптеген тематикаға сәйкеседі. Ірі фейсбук, вконтакте, майл.ру сияқты жобалар осы түсті басты назарға алған.

Жалпы дизайн жасар кезде, барлық парақтың үстіне дизайнерлер тор (сетка) қою арқылы жасауды кеңінен дағдыға айналдырған көрінеді.

2 пікір

Jako
Пайдалы кеңестер екен.
khairbek
АЩТЫЭМЭЛ кодты жай жай тусынып кеатрм))))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.