Блокиратор вирусы немесе СМС-блокерден құтылудың амалы...

Компьютерлер туралы /

Соңғы уақытта: Microsoft Security обнаружил нарушение использования сети интернет.Причина Просмотр и расспространение Гей и Детского порноДля разблокировки виндоус необходимо оплатить ШТРАФ В размере 3000 тенге (сонғы кездері 5000,10000,15000,20000 ға дейін сұрайтын болған ), деген хабарлама жиі кездесетін жағдай. Мен осыдан операциялық жүйені (ОЖ) қайта орнатпай-ақ құтылу амалын айтып кетейін.

Біріншіден комьютерді қосамызда F8 пернесін басамыз. Безопасный режим с поддержкой командной строки- дегенді таңдаймыз. Ашылған терезеде, regedit.exe- деп тереміз. Реестр редакторы ашылады. Енді қызық басталады… HKEY_LOCAL_MACHINE\ SOFTWARE\ Microsoft\ Windows NT\ Current version\ Winlogon — үстінен шертіп ашамыз. Терезенің оң жақ бөлігінен SHel — деген жазбаны тауып ашамыз. Ішінде explorer.exe- деп тұру керек. Олай болмаған жағдайда(іздегеніміз осы) бәрін өшіріп explorer.exe — деп жазамыз да, ОК -деп басып, сақтаймыз. Енді userinit — жазбасын ашамыз, оның ішінде C:\windows\ System32\userinit.exe, -деп тұру керек. Олай болмаған жағдайда, бәрін өшіріп: C:\windows\ System32\userinit.exe,-деп жазамыз. ОК деп басып, сақтаймыз. Болды, компьютерді қайта жуктейміз. сәттілік тілеймін!!!

P.S: Бұл тек бір ғана ең қарапайым жолы. Басқада көп жолдары бар. Егер мен ұсынған әрекет көмектеспей жатса кешірім өтінем! Бірақ бірнеше рет осы жолмен ОЖ сақтап қалдым.

7 пікір

AshTrollToqTrollmenOinamaide
Причина Просмотр и расспространение Гей и Детского порно Для разблокировки виндоус необходимо оплатить ШТРАФ В размере 3000 тенге


Бұл жәйдән жәй шықпайды) ятцыз
newkazah
қателесесіз жәй жәй шығады!!!
Abylai
негізі әңгімеңнің жаны бар
STR
компьтер андай кілттеніп қалғанда, инструкцияларың боққа жарамай қалады
жайдан*джай шықпайды, аниме фанаттарын сорлататын фирус қой
newkazah
қателесесің!!! егер дурыстап оқыған болсаң тусінер едің!!! бұл инструкция сол кілттен құтылу үшін жазылған!!! бул вирус тек кана ондай ;) видео караганнан кілттемейді!!!
saduakasov
Мен де осы әдіс арқылы операциялық жүйемді сақтап қалғанмын. Бірақ бұл тек бір ғана жолы. Қазір ондай баннерлердің түрлері көбейді. Өзім компьютер саласында жүрмін. Неше түрін көріп жүрмін. Windows 7-де баннерден құтылу бұдан өзгешелеу.
directxr
Менде осы вирусқа байланысты қызық оқиға болған) Жаман ойлап қалмаңдар! Бірақ мен оны переустановка арқылы жойып бергенмін. Жай ғана «безопасный режиммен» ашылмаған вирустың атын білмеген соң қалай құтылуды да білмейсің, мынандай жолын енді ғана оқып отырмын. Авторға +
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.