Ағылшын тілді Windows 7 ОЖ нұсқаларын орыс тілді интерфейске ауыстыру.

Компьютерлер туралы /
Тақырыпты бастамас бұрын жаңа ашылған танымдық Айтабер.кз сайтының ашылғанымен құттықтай кетейін! Сайттың ғұмыры ұзағынан болсын.

Жақында WorkAndTrevel бағдарламасымен АҚШ-еліне барып қайтқан ағам өзімен бірге сол елден арзан бағаға тамаша ноутбук алып келген екен. Сырт келбеті өте шамаша. HP-дің мықты ноутбуктерінің бірі екен, сипаттамасы таң қалдырады. :) Оның өтініші бойынша, ноутбуктің тілі ағылшын тілінде екен. Өзінің қарындасына силамақшы екен, бірақ ноутбуктің интерфейсі ағылшын тілінде. Оны оңайлықпен түсініп кету қиынға соғып жатыр деп өзінің сырын айтып қалды. Компьютерден менің хабарым бар екендігін ескеріп маған орыс тіліне ауыстырып бер деп өтініш қылғаны бар. Ноутбукті уйге әкеліп біраз әбігерге түстім. Сөйтсам Windows 7 Home Premium нұсқасында өздігінен тілдік файлды интернеттен жүктеп ауыстыра салатын мүмкіншілігі жоқ болып шықты. Ондай мүмкіншілік тек Windows 7 Ultimate нұсқаларында қарастырылыған екен. Сомен интернетті ақтарып жүріп Vistalizator бағдарламасына келіп тоқтадым. Бұл бағдарламаға қосымша аударғыңыз келген Windows 7 нұсқасын жүктеп алып аласыз. Windows 7-де сізде қандай нұсқа орнатылып тұрғанын мына жерден біле аласыз. Мой Комьюетрдің ішіне кіріп бос жерге барып, тышқанның оң жақ батырмасын шертіп Свойствосына (ағл. property) кіру арқылы.



Ол ноутбукте 64 разрядты ОЖ орнатулы екен. Мен тисінше менің таңдауым суреттегі мына нұсқа.



Тағы да толығырақ ақпаратты мына жерден оқи аласыз. www.froggie.sk/ru/usage.html

Осылай мен ОЖ қайта орнатпа оңай орыс тіліне ауыстырып алдым. Оған көп уаықтым да кеткен жоқ, шамаман 10-15 минутта істеп тастады.

7 пікір

aitaber
Өткенде бір досымда дәл осындай проблема болып, Винданы қайта орнатуға тура келген. Сайтты 2 ай бұрын ашу керек еді сол үшін:)
balzaminka
проблемамды айтып кетейінші. Менікі "үйдегі базына". Кейбір тілдер менде оқылмайды. Оны жоймақ үшін не істеу керек?
muza
osi jerdi biraz aship aitsaniz?
balzaminka

осындай проблема менде :)
Nuradil
Windows 7-ге қазақша тілдік пакетте бар еді ғой! оны да қолдапын көрмедіңіз бе?!
yerbol89
Ол тек Windows 7 Ultimate нұсқаларында. Ал қазіргі АҚШ-тан келіп жатқан ноутбуктерде Windows 7 Home Premium келіп жатыр. Бір біріне сәйкес келмейді. Оның үстіне олар 64 разрядты.
Nuradil
ааа түсінікті рахмет! )))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.