Сіз жайлы n факт

Көңіл үшін _ . . . /
Шын мәнінде тізімнен құлаққа жағымды есіміңізді нұрлы көзіңіз шалып қалып, Сізге берілген сипаттамаға құсық келтірсеңіз, Сізді сөзсіз ауыр жаза күтуде. уа, құдайжарболғырлар © Евангелие от АйтаберФоба 18:73


30 қаңтар 2012, 19:31-ден бастап,  қазіргі уақытқа  дейін  құрметті Айтаберліктер, Сіздермен  пікір арқылы араласып келдім. ЕнД. осы уақыт аралығында Сіздер жайында  санамда қалыптасқан образдарыңызбен бөлісейін дедім......:


_____________________________________________________________________________________________________

Мақсат [M170785] – әндердің тарихына құмарлылығы айқын,
Гуманитарлық салаға жақын, түсінігі бар жігіт. «Қазір» -мен өмір сүреді… Мысқыл сезімді.....Қарапайым. Сабырлы________ Бәлкім, сол сабырлылығына дін ұстанымы түрткі болған шығар…

=)

Тоғжан [Togzhan] – жаратылыстану ғылымын шекілдеуіктей «шағады»)) _____турашыл, айналасына көмек беруге әзір сұлу Қыз… байсалды.

=)

Сағыныш [Pari] – алған бағытынан таймайтын жігіт. Әрқашан да белсенділік танытады. Ізденімпаз... бауыр басқыш..).

=)

Сая [Saya] – Қазақтың қарапайым ерке қызы«емес».. .) _ Шынайылықты ұнатады… адамгершілік қасиеті мол сүйкімді ару.

=)

Жақсыгүл [Zhassiko] – Сымбатты. Майысқақ) _ Ел назарында өнер көрсетуге қарсы емес ________ жетік білім алуға ұмтылады… Араласуға бар, өмірде асығыстық танытпайтын қайсарлы Қыз.

=)


Дәулет [Daka_sss] – Білімді. Сыйластықты сыйлайтын байқағыш жігіт.

=)

Жақыпбек аға [Jako] – Өмірде түйгені көп… бойында көптеген асыл қасиеттерді ұштастыра білген қайратты кісі.

=)

Манас [vvvwww] – керенау кесір мінезден аулақ, адамгершілігі мол жігіт. Шыншыл. Кез келген Жаңа нәрсені меңгеруге бейім.

=)

Жаңылай [Qyrmyzy] – әдепті, әрі шапшаң, бұзақы, әрі инабатты, көңілқой, әрі ізгі ниетті Қыз. Тыныштықта қалуды құп көретін, жүрегі *жақындарым* деп соққан адал жан.

=)

Мөлдір [Moldir_96] – байыпты, ұқыпты Қазақ Қызы.

=)


Бағашар [Bagashar] — поэзияны рухани арқау еткен, көңілі мен рухы сергелдеңге салынбас талантты жігіт. Болашағына үлкен үміт артады.

=)

Кәусар [Mairosh] – өз табиғатымен үндес, әзіл түсінетін жаны – жай ару. Әдемілікке жаны құмар…

=)

Нұржол [AL-ASTER] – Қиындыққа мойымайтын, талпынысы мол, риясыз, кең пейілді жігіт.

=)

Кәрлен [Karlen] – логикасы дамыған біртуар азамат. «Қысқа да нұсқа» принципін ұстанады…

=)

Жұрттың баласы [zhurttyn_balasy] — Ойындағысын қалтқысыз айтар, жұрттың баласы бола тұра оны жұрттан ерекшелейтін батылдылық, өзін-өзі қайрайтын мінез, сыншылдық қасиеттеріне ие > таза < кісі.

=)

Ербол [Yerbol89] – боямасыз өмір кешетін, ісіне жауапты, білімді жігіт. Қыз заты жүрегін елжіретер қасиетке ие.

=)

Мади [Oner_adamy] — сөзіне берік, жаңалық іздегіш, ұстамды ,қарапайым жігіт. Мақтануды жатсынатын мейірімді мұсылман.

=)

Ардақ [Ardak1996] – Жан- жақты, айналасындағылармен санасуды жөн көретін мейірбан, әдемі де сүйкімді Қыз. Ұйымдастырушылық қабілетті…

=)

Argyn – "Қазағым" дер _ сері, тәрбиелі,өзімшіл, сарбаз жігіт… ұлтжанды…

=)

Абылай [Abylai] – Жүректілік пен білімділік тұнған, болашақ есігін айқара ашқан, нақтылыққа бой ұрып, Әзілдің ебін таба білген сұңғыла жігіт.
;)


Көркем [Korkem] — Жігіттердің назарына ілігер нәзік, әрі қулығы басым, кіршіксіз тазалықты жаны сүйер он саусағынан өнер тамған жан. Жүрген жері «уақиға»…

=)

Әлішер [Followme_alik] – Мен.. .)

XD

Берікбол [beko] — жігерлі, сұрдан түрлі- түсті түсті шығарар, өзіне сенімді- талапты жігіт. Жинақы…

=)

Садық [Qarasaqal] – байыпты, әзілқой, тамаша білімге ие «отбасылық» жігіт.

=)

Ақнұр [AKA] – ісі тура, сөзі тура, жүріс-тұрысы тура, инабатты, бұрымды Қыз. Айтқанды лезде қағып алатын қабілетке ие…

=)

Айсара [Ais_97] – мәдениетті,досына >>жаным<< дер игі мінезді, жер құрсағын індетерлік асқақ арманды ару.

=)

Ербол [Yasin] –шаңырақ астындағы үлгілі отаға. Байсалды, парасатты, қарапайым кісі.

=)

p.s. Жалғасы бар...

_____________________________________________________________________________________________________

Алғысым, Ағайын...

...Ойлаған боларсыз, Біздерге тек қана оң баға бергір не жазкетті деп… Жоғарыдағылар — Факт!… Сіздерді тек жақсы қырларыңыздан байқадым. Ал жақсылықты — жария ету керек. Жақсылықты жария етудегі_ тіл байлығымның жеткені енД.

Әрқашан жайдары жаз_ қуанышты жүздеріңіз бен көңіл күйлеріңізді көргім келеД… Алла шапағатына бөленіңіздер.

Көңіл үшін _ . . .: Сіз жайлы n факт

Blogka kosyla otyrynyz_)

91 пікір

Abylai
Епті флудер, приколист
мен өлгенде қабіртасыма мынаны жазып қойғандарыңды қаламаймын.
Образым толық ашылып, қамтылмаған.
+
followme_alik
Толық қамтитындай танымаймын. Рахмет. )
Abylai
Епті флудер, приколист
Өліп кетсем артымда осындай сөз қалама екен деп біраз ойланып отырмын.
followme_alik
Мен… .)
Менің қабіртасымдағы сөз де оңып тұрған жоқ.

Ерте ойлап не көрінді ?..)
Abylai
Епті флудер, приколист
(((((
followme_alik
енД абыржыма =)
Abylai
Жүректілік пен білімділік тұнған, болашақ есігін айқара ашқан, нақтылыққа бой ұрып, Әзілдің ебін таба білген сұңғыла жігіт.
(((((((((: епті, сұрап алғандай болдым ау ә, иә негізі сұрап алдым, несі бар екен.
пы\сы: Сөйлем кэйзеттің (сөздік кэйзет?) сөздігін жаттап алғаннан саумысың
followme_alik
Оқушы кезімде жаттағам. Пайдасы тиД)) ___ риза болсаң, болД))
Erzhan
Ол — өмірде де приколист бала:) япт, типа енді байсалды боламын дегенің қайда? флудер, приколист:)
Abylai
Байсалдымын мен. :|
Ол — өмірде де приколист бала
Мынасы нес, өмірде қай прическаңа «прикал» "ұстап" едім?
Erzhan
бұл жерге прическаның не қатысы бар екенің жаза кетсең, қария:)
Erzhan
енді түсіндім:) 4,5 жылды ойласам кәдімгідей ностальгия кетем бар ғо бро:)
Abylai
қой енді, менде де біраза ақпарат бар, айтатын болсам (: рошен чиколад мысалы
Erzhan
че там мысығың қалай? ыстық боп кетті ғо дала:)
Korkem
Мынасы нес, өмірде қай прическаңа «прикал» "ұстап" едім?
m170785
Бізді тастап қайда кеттің Абеке айтаберліктерді деп жоқтаймыз
Abylai
шашты жәйіп жіберіп, орамалды алдыға жәйіп, теңселіп па?
m170785
Қайда кеткір, Абекең қайтып келгір, қыздар сағынып өлгір сізді деп )
m170785
Соңғы кезде Мөлдіріміз көрінбей кетті Әдемі қыз, қайда жүр ))
followme_alik
)))))))))))))))) жабайық тақырыпты )
qyrmyzy
WOW, WOW! АРБ! Түнімен ұйқтай алмайтвн болдвм ғҮә:) онсыз да ұйқым нашар…
Тыныштықта қалуды құп көретін
дәл-дәл!
Не го, құмалақ ашып берші:)))))
Korkem
Әбіл-ау, таппайтының жоқ сенің)) ық-ық
zhurttyn_balasy
Жұрттың баласы шетте «күйгелеңденіп» темекі шегіп тұр
qyrmyzy
мяяя, жұрттың баласы темекі тарта ма??
zhurttyn_balasy
Жұрттың баласы да пенде )))
qyrmyzy
Біздің әке-шешеге жұрттың баласы ИДЕАЛ!
zhurttyn_balasy
Жұрттың баласы [zhurttyn_balasy] — Ойындағысын қалтқысыз айтар, жұрттың баласы бола тұра оны жұрттан ерекшелейтін батылдылық, өзін-өзі қайрайтын мінез, сыншылдық қасиеттеріне ие > таза < кісі
кеңк кеңк, мынаны алғаш естуім, дегенмен жағып жатыр.
Korkem
әй, жұрттың баласы, оңбассың!
zhurttyn_balasy
кісі
болып қойдым енді болды. Одан артығы маған қажет емес.
Korkem
ибәй кісі муахахах
zhurttyn_balasy
Мына жұрттың баласын айтқан шығар мүмкін
qyrmyzy
вахаха, бір жетідей болды, мен жайлы біреулер де сериал көрватыр түнімен:)))
Korkem
Жүрген жері «уақиға»…

Жігіттердің назарына ілігер нәзік

әрі қулығы басым
Abylai
енді мына сөздерден кейін «дайынмын» деуің қалды (((:
Korkem
ә? түсінген жоқ шәйнек қо))
m170785
Әй Көркемжаааан
pari
ай жарайсыз, жақсы жазылған +2.

неғой бір түсінбегенім
Манас [vvvwww] – керенау кесір мінезден аулақ, адамгершілігі мол жігіт. Шыншыл. Кез келген Жаңа нәрсені меңгеруге бейім.
мына жердегі vvvwww деген Майра қолданушығо.Мен қателеспесем осылай.Ал Манас ол басқа ниг
followme_alik
О_о Майра?… біреу анықтап берсін)
pari
zhurttyn_balasy
4.Шын атым Манас (бірақ қырғыз емеспін, таза қазақпын). Осы сайтта тағы да бір аттасым бар екен және ол да Атыраулық көрінеді, manas.aitaber.kz/profile/ Аттасым әрі жерлесім болғанына қуанып қалдым, бірақ шатастыра көрмеңіздер, ол мен емес (шатастырсаңдар тіпті жақсы, жазған постары күшті екен, мен жазған екен деп ойлаааап жүре берсеңіздерш)
дейді мына жерде
zhurttyn_balasy
Шатаспа інім.
pari
Жұрттың баласы сіз щатаспаңыз давай спорласайық, vvvwww деген Майрош яғни Майра
zhurttyn_balasy
тірәщтанбай қоя тұр. ұтылып үлгердіңіз.
followme_alik
)))))))))))))))))))))))))))))))))))))))) _ВыВыВыДаблюДаблюДаблю — жігіт. =)
zhurttyn_balasy
Ең болмаса «сіздікі дұрыс екен» деген пікірді күтіп отырмын спордан жеңген «кісі» ретінде.
pari
ана жерде Манас деп жазылып тұр,
qyrmyzy
Майрош деген — Майрош! Дәрігер қыз. Осяқтың келіні. вввдаблюдаблюдаблю — Манас, жасы белгісіз жігіт, аноним, страшна. Бес жүз ед лақтыр енД
followme_alik
Ося(к)гы кім? )
qyrmyzy
айтабердің:) интригааааа жіберми жатыр ма?
followme_alik
айтпа)
qyrmyzy
ары қарай қызық емес па?
followme_alik
личкада сыбырла. X)
qyrmyzy
Личкада сыбырлап қайтем? Ояқта айғайлап айтам, ааа, қазір барып айғайлап келин:)
VVVWWW
Қыз екен деп ұзаттырып жібермесе жарар еді
Abylai
артыңа қарама, артыңа қарама!
followme_alik
)))
шағын келеңсіздік, Манас _алаң болма.
qyrmyzy
Алаңдама, Шымкенттің вокзалынан күтіп аламыз. Маңғышлақ — Алматы пойызына ертең отыр да, кел! Орамал дайын:))))))
VVVWWW

Маңғышылақ-Алматы???? Маңғышылақта нем бар менің, өзің басқа бірдеме армандап кеткен жоқсың ба? (немесе басқа біреуді)
Бізде Атырау-Алматы деген поезд бар
Manas
Жаңылай [Qyrmyzy]
Қырмызының аты жаңылай екенін жана ғана біліп отырмын:)
akil_kalta01
Блогыңа қосылдым. Сосын тамаша мәліметтеріңе қанық болдым. Біраз қолданушыңың есімімен де таныс болдым рахмет!
ardak1996
тәәәк сыртымыздан бақылап жүреді екенсізғой. Менде сізді көргем алдыыыыында остоновкада
Өзіңізді де қосып қойыңшиш.
Әлішер [Followme_alik] .......? жұмбақ жігіт
Ais_97
Айсара [Ais_97] – мәдениетті, досына >>жаным<< дер игі мінезді, жер құрсағын індетерлік асқақ арманды ару

Ой рахмет қатты қуанып қалдымғой Әлішер мың жаса!

Әлішер өте белсенді, мінезі жайдарлы, дос деп әр адамды құрметтейтін нағыз еңбекқор жан!
Madi
Жалғасы қандай болар екен?
AKA
Позитив үшін рахмет! :)
Zhassiko
Көзім шалып кетіп, пікір жазбай кете алмадым… Сенің арқаңда біраз адамдарды танып, танысып алғандай бодым, Рахмет..))
dimash
Сенің көз қарасыңмен қарасақ әлем солдай керемет))
Сенің барлық жазбаларыңды ұнады, барлығын қарап шықтым, ойлау қабілетің жақсы дамыған. Респектую
mairosh
Әдемілікке жаны құмар…
мынау сөз шындыққа қатты ұласты. Ойыңыз тура келді. таң қалдым ))
Madi
Виртуалда ой хой ахау бәріміз идеалмыз.хе хе хе
Madi
Әрқашан жайдары жаз_ қуанышты жүздеріңіз бен көңіл күйлеріңізді көргім келеД…
Ылайым солай болсын!
m170785
ойбай ау мен де бар екенмін ғой, а.
m170785
Хыыыы. Қазырмен өмір сүреді. )). Пасыба Әлішер. Құдай жарылқағыр, жақсылығың алдыңнан шыққыр, жолың болғыр, жақсы жақсы пост тағы жазғыр, мәләдес болғыр ))
Korkem
m170785
Өй Көркем бар болғыр, аузың ашылып тағы да күлгір, жазуың тағы шыққыр ))
Korkem
муахахахах кеЧівар
m170785
өзіңіз ары кеткір, мен емес кетіп қалғыр )
Abylai
бүйтіп тілеген тілегіңе болайын, жағымсыз естіледі екен
m170785
қой қояйық мынауымызды, шынымен біртүрлі екен Абеке. Бұрын тамашаны көріп осындай жағдай есіме түсіп кетті, соны қалжыңдап отырғаным ғой Абеке
qyrmyzy
Мади [Oner_adamy] — сөзіне берік, жаңалық іздегіш, ұстамды ,қарапайым жігіт. Мақтануды жатсынатын мейірімді мұсылман.

Бүгін Мәдимен кездесіп, біраз шер тарқатып, нетіп, жеңілдеп қалдық, каз бір пост жазыптстайын:)
calendula
Мен қайдамын?))))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.