Көңіл үшін... =))

Көңіл үшін _ . . . /
Көңіл үшін демекші…
Қысқы сессия кезі. Жатақхана іші әдеттегідей емес, тынышталған. Дәліздер бос. Есесіне оқу залында орын жоқ. Бәрі де қызу дайындық үстінде. (Оқу залына көбінесе достарыммен әңгімелесуге баратын маған бұл картина ұнай қоймады =)) Ішім пысқан соң интернетті «парақтап» уақыт өткізіп отыр едім, бір жазбаға көзім түсті: «21-қаңтар – халықаралық құшақтасу күні» деп жазылыпты. Міне, қызық! Бұндай тамаша мейрамның барын қалайбілмейжүргенмін? Өкініштісі бұл күнді мен достарыммен өткізе алмайды екенмін, 21-қаңтар біздің қысқы демалысымызбен тұспа-тұс келіп тұр… Кенеттен маған бір «арам ой» келді… Дәлізге шықтым да, алдымнан шыққан әр танысыма бүгін құшақтасу күні деп айтып, құттықтап, құшақтауды бастап кеттім! Вахтер апай мен комендант та назардан тыс қалған жоқ. Достарымның қуанышты жүздерін көріп, менің көңіл-күйім 0-ден 99-ға дейін көтерілді. Бөлмеме қайтып бардым. 1 сағаттай уақыттан соң 3-қабатқа көтеріліп ем алдымнан қаумалап құрбыларым бірінен-соң бірі мені құттықтай бастады. «Жанерке, бүгін халықаралық құшақтасу күні екен! Кел, құшақтасайық» — дейді! Көңіл-күйім 100%! «Қойшы, рас па» деп қоямын тағы… =) Өтірік айтқаным дұрыс болмады. Бірақ сол күн естен кетпестей болып өтті. Адамдарға қуаныш сыйлау үшін қымбат сыйлықтар керек емес екен…

13 пікір

pari
«21-қаңтар – халықаралық құшақтасу күні»
алғаш естуім,қызық екен. «22 қаңтар-халықаралық сүйісу күні» деп жарияланса таңқалмас едім, ықық
Korkem
Кідәәәй, мәдессің!
MSHERIMBEK
21 қаңтарға дейін біршама уақыт бар екен:) Үлгеремін:)
Zhanat
31шілде қазақтың ибалы қыздарының жігіттерге сезімін білдіретін күн!
assetova
Егер бұл қалжың болса, мені күлді деп есептей салыңыз. Көңіл үшін…
qyrmyzy
уау, дә? Кеттім, дайындалайын!
AKA
«Арманда, тегін ғой!» ©
qyrmyzy
ық ық, КазГУдың жатақханасында бүлдіргендеріңіз жайлы қашан жазасыз?
Ais_97
Қызық! Жарайсың көңіліміз әрдайым көтеріңкі болсын!
followme_alik
Д~жақсы жазба.Күтейік 21-ші қаңтарды. қызық басталааадыыы xd
ereke_enu
з қабатта тұрып, сені бір рет те көрмеппін…
assetova
Cіз 8-ші жатақханада тұрмаған шығарсыз. Перваштар тұрады ғой онда)))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.