Ауылда бастан кешкендерім

Көңіл үшін _ . . . /
1. Түс кезі. Ауылға келгелі екінші күн. Ауылдың күй-жайымен енді танысып жатқан кез. Ауыл тіршілігі қанша қызықтырып, еліктіріп әкетіп бара жатса да аптап ыстық ерік берер емес. Және де апамның «Күн өтеді кешке араларсың ауылды, көп жүрме» — деуімен үйге кіріп дамылдай тұруыма тура келді. Таңертен 5тен апасымен жағаласып тұрып алған бүлдіршіндер түскі аспен қарындарын тойдырып ұйқыға кірісіп те кеткен екен. Қарап тұрам ба менде жата кеттім. Ұйықтап кетіппін.
Ояна келсем үй іші жым-жырт. Ойбуууу сағат 7ден асып кетіпті. Тұра сала сыртқа атып шықтым. Күн көкжиекке қарай ойысыпты, салқын самал есіп тур. Таза ауаға кеудемді керіле тосып біраз тұрдым да қора жаққа беттедім.Бұзаулар келе бастаған екен, апам құдық басында бұзауларға су басып тұр. Дереу жанына келіп науа толтыруға өзім кірісе кеттім. Апам «Толтырып баса бер, әлі де келетін бұзаулар бар» — деп басқа шаруаларымен айналысып кетті. Жаңа ермегіме құшырлана кірісіп кеттім. Құдық басқан да бір ғанибет қой.
Басында екі бұзау болған. Сосын тағы төртеуі келді. Басып жатырм. Біраздан соң тағы бесеуі келді. Шөлдеп қалған болу керек сіміріп жатыр. Басында ермек болып көрінген нәрсе, енді шаршайын дедім. Науа толтыру қайда, бұзаулардың шөлін қандыруға шамам жетер емес. Сұранып алған өзім неде болса шыдайын деп басып жатырм, қара терге түстім. Шаршадым деуге дәтім бармай соңғы күшімді жинап тұрып барымды салып жатырм. Қолымнан әл кетейін деді.
Бір кезде атамның «Оу, балам. Бүкіл ауылдың бұзауын суарып тұрушы ма едің, жетер енді» — дегені. Түк түсінбей артыма қарасам апам мен атам құшқтасып ап мәз боп маған қарап тұр.
Сөйтсем өзімізде бары 4-ақ бұзау екен, қалғандары бірге жүрген көрші бұзаулар екен. Мендей аңқауды алыстан танып, дайын судан бір шөлдерін қандырып кеткені.

2. Ағам қой кезекке кеткен еді. Маған «Таң атпай не бар, ұйқыңды қандырып, әбет пысырып алып бірақ келерсің» — деген соң түскі мезгілді тағатсыздана күтіп сарылып жүрген едім. Содан не керек түсті де болдырып, шайымды асыға ішіп, ағамның сыбағасын салып алып, дүрбіні іліп алып, шайтанарбаға мініп ап тарттым өріске қарай.
Ағам да әбет кезіне орайластырып қойларды шөбі қалың су жағасына иіріп қойып мені тосып отыр екен. Әбет ішіп алған соң отарды бір аралап шықтық. Біраз отырған соң, ағам «Мына қойлар да тойып алды, енді дамылдап біраз жатады, мен де біраз мызғып алайын. Анда – санда дүрбі салып қойсаң болғаны» деп, жас шөпті жинап төсек жасап ап ұйқыға кірісті. Мен биіктеу бір жерге шығып ап, дүрбімен айналамды тамашалап, табиғатқа тамсанып отырм. Ауыл жаққа қарай бағыттап өзімше өзіміздің үйді іздеймін. Бірде дүрбіні шөптің ішіне бағыттап құмырсқаларды бақылаймын.
Осылайша қаннен-қаперсіз отырғанымда ағамның ащы дауысы шықты. Ағам жатқан жаққа дүрбі салып қарай бастадым. Міне орнынан атып тұрды, міне жүгіріп барады. Сол жүгірген бойы қойларға жетіп, шеттеу жатқан бір тоқтыны арқа жүнінен ұстай алды да аспанға қарай атып жібергені. Ішімнен «Мынау тал түсте жаман түс көрді ме, жын ұрды ма не болды» деген оймен төбеден түсіп ағама қарай аяңдадым. Келе маған «Қайда қарап отырсың, мына байғұс үйелеп қапты ғой, енді болмаса өлтіріп алатын едік» деп дүрсе қоя бергені. Түкке түсінбей абдырап, ентіккен ағама бір, қаннен қаперсіз өзімен-өзі жайылып жүрген тоқтыға бір қараймын. «Өзің ғой аспанға атып, тып-тыныш жатқан қойға кеп киліккен» — деймін, «Қайдан тып-тыныш жатсын, үйелеп жатыр ғой ол» дейді ағам.
Сөйтсем әлгі тоқтымыз қамыс түбінде сыз жерге жатып қалған болу керек. Содан өне бойы тартылып, тыпырлап тұра алмай жатқан жерінен ағам байқап құтқарып қалған еді.
))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))

19 пікір

Jako
Қайран ауыл, қала жақсы шығар, біраөқ ауыл тамаша ғой.
banzaika1990
Ауылдың тамаша екендігінде сөз жоқ қой, эхххххххххх шіркін-ай десеңізші
pana
ее, үйелеп деген сол екен ғо
qyrmyzy
Банзайкааа, қатырасың ше...Индиралар Зайсанда
banzaika1990
сен қашан келесің? күтіп жүрмін
qyrmyzy
Индиралар жайғасып алған соң, ИНШ!
Kan
Менің ауылымды сағынып жүргенімді сезгендейсін. шіркін аулдаға бір күн қаладағы мың күнге жетпейтіндей
banzaika1990
иаааа, қаланың мәнсіз, босқа сарылып өткізген мың күнінен, ауылдың қарбаласқа, жұмысқа, ойын-күлкіге толы бір күні артық
Kan
Әттең бірақ ауылды қазіргі жағдай тубуркюлез болып түрмеде отырған адамның тағдырындай қорқынышты әрі аянышты
qyrmyzy
не дейді?
Kan
Кешір бұлай жазғаны ма… Тек ауылдың жағдайын әсерлі етіп жеткізгім келгені ғой
banzaika1990
Бәрі бірдей солай деп айтпас едім, ауылымызға да цивилизация келіп, жаһанданып дамып жатыр ғой көп-көрім
qyrmyzy
«ЕҚ», "Қазақстан", «Хабар» қайсысына жұмысқа тұрдың?
banzaika1990
көзбен көріп, қолмен ұстап байқап келген нәрселерім ғой бұл
Kan
арине бәрін бірдей күйіп кеткен жоқ. Бірақ осын күннің өзінде светі (жарығы) жоқ ауылдар бар өкінішке орай.
AKA
Браво, тамсанып оқыдым. Керемет әсер!
MSHERIMBEK
Auyl endi, uawwe eken:) Baryp qaitu kerek edi:(
banzaika1990
барып қайтыңыз. Қазір нағыз ауыл өмірінің қызған кезі, шөп шауып, қи ойып, алақанға жақсы жақсы таңбалар түсіріп қайтатын кез ғой))))))))))))))))))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.