Агентте тілдесудің мынадай да түрі бар))

Көңіл үшін _ . . . /
Осы қазіргі жастың қайсысына шалынсаң да таныстықтары ғаламтор желілеріне келіп тіреледі. Сондай таныстығымды айтқым келіп тұр да)). Бұл өзі ерекше танысу түрі болды да мен үшін). Орыс, ағылшын, жастар сөзі мен жаргон сөздер жайына қалды бұл жолы. Кәдімгі қара қазақи сөзбен танысқанға қуанып қалатын едік, біз деген қара өлеңмен таныстық қой)). Анау-мынау емес сөзді былай бастап кетті ғой)):

Мұхтар:
Жат нарсені журекке туймегесін,
Талай-талай жігітке куй бересін.
Мен уйленгем жок алі деп коядын-ау,
Сонда кашан Салтанат уйленесін?

Мен:
Жарасатын жан болса кылыгымыз,
Бекемделер буйыртса курыгымыз.
Бойдактыгым бас ауру боп журмесін.
Одан да шыксын жардан ыгырыныз))

Мұхтар:
Жастык шакты журсем де тойлап бугін,
Булай болып калар деп ойлапты кім.
Барін тастап турмыска шыкшы маган,
БАЛЕ БОЛДЫ АЙТПЕСЕ БОЙДАКТЫГЫМ.

Мен:
Корсетпейтін жан едім алалыкты,
Жеткізгендей болдыныз жамандыкты.
Тарс еткізіп тобеден тастай салган,
Тастай болды мына соз маган тіпті.
Мұхтар:
Осындай боп кеттіме жан бугінгі,
Мына жырын журекке салды мунды.
Тарс еткізіп тобеден тастай салган,
Бір котермей калдын ба калжынымды?

Мен:
Еш жігітті панданып басынбап ем,
Калжын жырга томсарар жасымда емен.
Булай бірден тобеден су куймай-ак,
Жок екен да тамырды басу деген)))

Мұхтар:
Тым таусылып кетсе де бар тагатым,
Бірак дайім талмайды жан канатым.
Артык айтсам арине кешіріп кой,
Солай етші суйкімді Салтанатым.

Мен:
Серік болсын унемі таудай тозім,
Асылы бол ішінде оншен жездін.
Алгыс кана айтарым, ренжігем жок
Жан емеспін тарк етер ага созін.

Мұхтар:
Жібермеші жок кылып жане барды,
Айтып саган берейін адемі анді.
Дидарынды корейін сойтіп мен де,
Косшы кане видео камеранды.
(Түнде қайдағы видеокамера, қоспасым анық қой)))
Мен:
Кунді енсеріп анеки тун де ауды,
Уйкы да тур ашулы шынжыр баулы,
Камерамды тун іші коскан бурыс,
Оятарсын андетіп курбыларды.

Мен:
Канбаса егер маза жок, бул да уайым,
Шырмап жатыр мына тун сагат сайын.
Коз де кушін жогалтты кеттім енді,
Курысын уйкыммен урыспайын,
Кайырлы тун!!! (Қашқаным емес, шыны керек ұйқым келді))

Мұхтар:
Уйыктаныз, ал мейлі бой тосеніз.
Алі талай буйыртса, ой кешеміз.
КАйырлы тун ендеше сау болыныз,
Тагдыр жазса ертен де сойлесеміз.

Міне, осымен мен ұйқымды ренжітпеудің қамымен, екі көзімді қуантып ұйқыға кеттім)). Бұйыртса ертең де күн болар тілдесетін. Оны да сіздермен бқлісуге әзірмін, (әрине сіздер қаласаңыздар)).
P|s: Контекстегі өлеңдер өте жеңіл болуы да мүмкін. Өйткені оны қайта қарап отырсақ сағатына бір-екі ғана жауап жазар едік. Басты айтайын дегенім — осылай таныстықтың өзі шаблонға айналған қалайсың? жақсы, өз? не іст жатсың? не жаңалық? қайдансың? т.с.с. көптеген жауыр болған сөздерден әлдеқайда артық.

13 пікір

Karakulov
Уақытын да көрсетіп қойғаныңыз да ғой. Қызық болыпты)))
sezim_seli
Түңгі 2-3 арасы ғой. Одан бір күн бурын таңды көзбен атқызған едім. Бұл жолы да ұйықтап жарытпадым))
Manas
Ұнады,өте қызық.Бізге де таңда дейін уақыт өткізіп айтысатын қыздар болса…
sezim_seli
Сізбен де айтысуға қарсы емеспіз))
dimash
Ұнады, ұйқасы да мағынасы да бар. Критиковать етуге қимай тұрмын, бірақ қазақша әріптермен жазсаңыз дұрыс болар ма еді.
Manas
түп нұсқасы болу керек)
sezim_seli
Иә, Манас дұрыс айтады. Негізі сол жігіттін өз қолымен жазғанын тек көшіріп отырдым. Сол дұрыс көрінді. Агент тілін барлықтарыңыз білетіндей қазақша қаріптермен дос емес қой…
Gau
Ұнады! Жалғасын күтеміз))
davidoff
мынадай сезім толы думанда, қайдағы жоқ тілді критиковать етесіндер!!! алтын тұрғанда тасты таңдауларын бұрыс болар!!!
konvict
Агентте мынандай да болып тұрады
MSHERIMBEK
керемет амига:)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.