Жаппай дезинфекция жасаймыз!

Көңіл үшін _ . . . /
Паразит (масыл) — қорек көзі және жиірек өмір сүру ортасы ретінде баска ағзаларды пайдаланатын, көбіне оларға зиян келтіретін ағзалар
© депті уикипедиа (жарытпай).

Паразиттерді күнде кездестірем. Таңда да, кешке де… күнде. Жалықтым ужы. Саналарына паразиттену әбден сіңіп қалған ба, түсінбеймін, тіпті түсінгім келмейді. Қанша айтсаң да ұқпайды жарықтықтар. Сілкілеп жіберсең де, жабысады қайта. Кене сияқты прям. Басқа адамға кедергі келтіріп тұрғанын ұқпай ма? Мүмкін мазасы жоқ шығар? Мүмкін сіркесі су көтермей тұрған шығар? Мүмкін күшті көңіл-күйде… қанша адам бар болса, сонша көңіл-күй болады емес пе? Өзі бір вакум сияқты бірдеңеде болсақ. Түсінем, қолы жетпей тұрған шығар, бірақ әдейі істейтіндерді айтам да. Иә, автобуста күнде жабысып алатын «паразиттерге» жыным ұстайды.


ПЫСЫ: Сіз қандай «паразиттерді» көріп жүрсіз?

34 пікір

pari
Адамды «паразитке» теңеу ме бұл?
Жоқ, барлығын дұрыс түсініп тұрмын. Жабысып-қабысып-матасып тұратын жолаушылар!

Менің айналамда паразиттер жоқ сияқты. Паразиттердің жер бетінде көп шоғырланатын жерлері қоғамдық көліктерде болар… Маршрут
Және базарда.
Паразит хехеее күлкілім келді.
Айта кетейін суретте жалғыз бір паразит емес бірнеше паразиттерғо. Олай болса паразиттер дегеніміз не? Анықтама\ анықтамадан кейін ,, биолог ғалымдар бір дүр сілкінеді. паразиттер-адамдар
Паразиттер — Жануарлар мен адамдарда болатын құрттар мен көзге көрінбейтін организмдер, олар зиянды болады. Бүргелер, ішек құрттары, амебалар — паразиттер.
осыдан кейін паразит емес бүрге-ішек құрттары деп айту керек пе?
Ілмектер: аспаздың не қатысы бар, өрт!
qyrmyzy
бетін жауып тұрған смайлик
User
бетін жауып тұрған смайлик
followme_alik
32-іңе аталып кеткен «паразиттерің» сыймай әлек :]
.. .«паразиттерден» ешкімді бөліп жарғым келмейді_дезинфекцияны өзімнен бастайын))
Жақсы бастама XD
qyrmyzy
Менің «32»ме тиіспе. 5автобустың ішінен таңдап жүріп "өзімдікі" жасап алғам. Талғамымнан шығу оңай емес. Ық ық, 32мен жиі жүресің ғой деймін...Қайда жоғалып кеттіңи?
followme_alik
_өкінішке орай, жиі.
«Жоғалмадым, толмадым ..» © Біреу.
qyrmyzy
ық ық, бір күні отыз екіде жолықсақ, хехе, вот беда. Онда сол моментте паразит болам:)
MSHERIMBEK
Интернет паразиттер мазамды алып жүр:)
kema
parazit, ol studentter arasynda koooop))) nagyz parazitter. tek ozgege emes, ozderine zian))) Aitpagym anau bireui sitese, kalgandary koshiretinderi))) Eh, nagyz parazitter(((((((
qyrmyzy
ық ық, қатырасың
ereke_enu
не дейд????? Өзің паразит)))
Kan
Ол жолаушыларды кінасы емес. Тығыздап адам толтырып алатын жүргізушінің кінасы. Сондықтанда адам, адамды «паразит» деп атайтындай дәрежеге жеткізген қоғамның қайғысы шығар бұл.
Ademi
32-автобуста кондуктор жоқ. Валидатор:) Елдің өзі жұмысқа, үйге жету үшін міне береді сыйғанынша
Kan
мен кондуктор туралы еш әнгіме қозғамап едімгой әдемі жан
Ademi
Жүргізушіге де бәрібір емес пе? Оларда зарплат жүред.
Kan
Әрине. Айтседе адамдар еріккенінен сүйені немее сүйкенісіп тұрмайдығой. амал жоқ болғансоң сүйтеді да
Ademi
Түсінем, қолы жетпей тұрған шығар, бірақ әдейі істейтіндерді айтам да.
депті Қырмызы сіңілім
Ademi
Болде, стрессменеджерді жұмысынан қалдырмаңыздар:)
mairosh
mairosh
ПЫСЫ: Сіз қандай «паразиттерді» көріп жүрсіз?
Жұмыстағы паразит адамдарды күнде көрем)) Біреудің айлығымен қоректенеді((:
StrangeR
Бұл да бір паразиттің түрі деңіз))

Паразиттерді күнде кездестірем.
Осыны оқығаннан кейін паразиттердің басқа түрі жайында әңгіме болады деп ойлаппын (сол уиқиде жазылған қоғамдағы паразиттерді айтамда).
ereke_enu
«Чайка» мен «Паразиттың» қандай айырмашылығы бар деген сұрақ туып тұр
qyrmyzy
Мен сені аяймын, Ереке!
ereke_enu
))) неге?
qyrmyzy
Сенен бір позитив пікір, позитив жазба оқығаным есімде емес. Өмірің бір сарында, «ойыбаймен» өтіватқан сияқты. Анда-санда көзілдірік, жәй көзілдірік емес, розовыйынан тағып жүрген де пайдалы… Сенің оқырманыңның пікірі деп қабылда!
ereke_enu
Не десем екен??)) «Эхх, Қырмызы, мені реалда бір көргенің болмаса, мүлдем танымайсың ғой» деп қос нүктемен аяқтасам ба, әлде «Рахмет. Мені сенен гөрі өзім жақсы біледі екем» деп нүкте қоя салайын ба?) Қыреке, көңіліңе алма. Виртуалда жаза берем, айта берем. Бірақ, адамның айтқан сөзіне емес, жасаған нақты ісіне қарап бағалау керек деп ойлаймын.
qyrmyzy
кейде мүлдем танымайтын адамның пікірі касыңдағылардың пікірінен он есе артық болады. Көңілге алатын ештеңесі жоқ. Әрине, өзіңді өзіңнен артық түсінетіндер аз. Бірақ, бірақ…
ereke_enu
Паразиттер жасасын! Олардың да өмір сүруге құқысы бар)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.