40 жылға бергісіз 4 жыл

Көңіл үшін _ . . . /
15 фото
Түркістан. Алғаш аймақтағы универде тренер болған түрім. Не айтып жатқаным есімде жоқ. 2012ж
Түркістан. Алғаш аймақтағы универде тренер болған түрім. Не айтып жатқаным есімде жоқ. 2012ж
Бәрі еміс есімде. Бала едік. Жас едік.

Иә, жас едік. Алғашқы күндері старосталыққа таласты. Содан студсовет, маслихат… айғай-шу… акт залында өз-өзіне пиар жасау науқаны басталды. «Мен мектепте бүйтке, мен сөйткем, президет болғам, староста болғам, мынаны жеңіп алғам....» әрі қарай тізім жалғаса береді…


Танысу. Жаңа орта. Атмосфера қалыптастыру өз еркімізде. Біраз уақыттан соң тәп-тәуір топ болып шыға келдік. Сабақ та қызықты өтетін. Қыдыра бастадық бірге. Алғашқы басқосуымыз Студенттер күнінде болды, шатаспасам. Театрда билет жоқ, амалсыз Көктөбеге қарай тарттық… Осылай тізім жалғаса берді: Алмаарасан, Түрген, Медеу, Көктөбе, Шымкент, Түркістан, Астана, Қарағанды, Семей… Ақтауға жете алмай қалдық:(

Сол кезде универді бітіруге бәріміз асығатынбыз. Бір-бір мекемеде жұмыс жасаймыз, жиі кездесіп, бір-біріміздің тойымызға міндетті түрде баратын боламыз… қайдағы, тойға бару түгілі, бір қаладағылар жинала алмай жүрміз. Тарадық.

түлектер, группаластарым

Сол жылдарымды қайтара алсам, студеттік өмірімді одан да қызықты өткізуге, білім базамды неше түрлі инфтармен толықтыратын едім… Әттең, енді пробкада тұрып кітап оқуға, тіл үйренуге мәжбүрмін.

Қанша армандағаныңмен, алдыңа қойған мақсатыңа қаншалықты тырыссаң да белгілі бір уақытта, тіпті мақсатыңа қол жеткізіп тұрсаң да, одан бас тартуыңа тұра келеді. Иә, иә, «Ледниковый период-4» мультигіндегі жаңғақ қуып жүретін тиін сияқты. Арманың мұрныңның ұшында тұрса да, керек етпейсің, тіпті қарамайсың. Себебі басқа, мүлдем басқа, тіпті есіңе келмеген, мән бермеген ұтыс шығады алдыңнан.«Бинго»! Өмірдің мәні — сол «бингода»!

«Шевели ластами» мультигіндегі Сэмми сияқты айтатйн болсақ, «Шэллиіңізді» кездестірсеңіз, қандай жағдай болмасын айырылмауға тырысыңыз!!!

бүгін виньетканы көргенде туған ой*

P.S: келші қайта, студенттік кездерім…

15 сурет

  • Түркістан. Алғаш аймақтағы универде тренер болған түрім. Не айтып жатқаным есімде жоқ. 2012ж
  • Қарағанды. Бір театрдың алды. 2011ж
  • Түркістан. 2-курс
  • "Құпия дос" мұғалімдермен ойнап едік. Марапаттауды осылай өткізіп едік...
  • Түрген. 2-курс
  • Алмарасанда жасалған шашлык. Туған күнде. Қай курс екені есімде жоқ
  • Қарқаралы. Құнанбай қажы мешітінде. Орамал жараса ма? ық ық
  • "Амазонкаға" да барыппыз))))
  • Ұстамаңдаааар, құлаймын!!! 3-курс
  • 4-курстың алғашқы қары, меніңше:))))
  • Семей. Мостта:)
  • Сабақ та оқып үлгеретінбіз. Куратормен! Нашар аудиторияда өтетін осы сабақ
  • ҚазҰуым
  • Эхх, кездер-ай
  • Қорғаудан шыққан соң, вуаля, тау түскен күн:)

60 пікір

korwinin_kyzy
Шашлыктарынын бетің күл басып қалыпты ғой? Орамал өте жарасады, орамал тон болмайды
qyrmyzy
Енді ештеңе жоқ, студентпіз… Ық ық, рахмет!
Zhanat
мағанда студентік жылдарымды қайтарып берсе ғой, жұмыс жасамай сабақ оқыр едім. Ұйқы қандырмай сабаққа барар едім. Семейде түскен басқа фотоларыңды салшы
bok_kotergen_boktin_kabi
адам деген сол Өткеннен кейін өкінеді мен бүйтетін едім мен сүйтетін едім деп, Істейтін нәрсені істейтін кезде істеу керек, ал өтіп кеткеннен кейін бүйту керек еді деп айту бекер,,,,,,,,,,,
qyrmyzy
бүйту керек деп арттағыларға сабақ болсын деп айтамыз. Еріккеннен емес.
khairbek
қойсай иии
qyrmyzy
қойсай
демең :((((((((((((((((((((((
khairbek
демен демен деп Мұқағали болып кткеннен саумысын
qyrmyzy
ұрспаш
khairbek
негызы 4 жыл деген 4 айдай болып зуылдап отып кету керекко, ал сеныкы созылып кеткенбе 40 жылга ықыл ықыл
qyrmyzy
Қазір қарайын
qyrmyzy
очм, басқа сурет жоқ. Үштөбе станциясында ғана түскен екенбіз.
Jako
Адамның көзі қызатын суреттер екен…
Chimaq
Ademi suretter eken...Qazaqstandy osyndai suretterden korip turamyn....))
followme_alik
Пах, шіркін...
:)
mairosh
бір екі суреттерінді ұрладым )) ұнап қалды))
didi0393
Aktauga jete almai kalganyn okinishti ak))))
VVVWWW
Жете алмай қалды деп кесіп айтпаңыз, мүмкін алдағы уақытта жолы түсіп қалар деп үміттеніп жүрік (мүмкін қатты ұнатып сонда қалып қояр деген ойдамыз)
didi0393
Nu nu aktaudy unatpau mumkin emes)))
qyrmyzy
байқап көрер ем ©
qyrmyzy
Иә, қыста барамыз деп жоспарлап едік, бірі практика, бірі жұмыс, бірі үйде болып, бара алмадық. Биыл уаще баа алмайтын шығармыз. Бәрі жұмыста, тұрмыста:(
didi0393
Kai kezdede kelsenizde karsy aluga daiynbyz)
qyrmyzy
рахмет ниетіңе
korwinin_kyzy
Актау город -пингвинов
didi0393
patriot hanym sizdin pozisianyzdy tusinsek buiyrmasyn: oziniz kazak tili,kazagym, biriginder dep janushyra jar salgan siz emespe ediniz? Endi kelip bolinesiz...!? sizdiki kotriottik pa kalai?)))
korwinin_kyzy
Киприот ол Кипрде туратын патриот
ereke_enu
Алмаарасан базар жоқ, керемет жер!
kuka097


мына суретті мишканын үстіндегі домалақты баосып жоғары төмен ауыстырып қарасан қызық көрінеді екен ана ғимараттын терезелері
Aikona
Жакоооо, күшті суреттер. Уайымдама қалған білімді өзің толтырып аласың))
ZevsKO
еее сағынып жүрген екенсің ғой сол кездерді Нартай секілді… ол универді сағынбаса да жатақхананы сағынып жүргенге ұқсайды
qyrmyzy
Нартай жатақхананы жағалап жүр ме? Арам ғой айтпай…
ZevsKO
жағалағасы кеп жур ғой дим. не де болса қатты сағынып жур жатақхананы :)
ZevsKO
3 суреттің тарихын білемін аха ха ха
m170785
НАҒЫЗ келінге жарап тұр, орамал жарасады Қырмызы )))
AKA
10-шы сурет әдемі-ақ, ұнады!
qyrmyzy
Рахмет, тырыстық
yesbolat83
Ақтауға жете алмай қалдық:(
Бізге Ақтауға қонаққа кел. ТМД бойынша өте таза қалалар қатарындағы Ақтаумен таныстырам, Әрине отбасыммен де таныстырам. Каспийге шомыласын. Сүйгеніңмен келсең тіпті жақсы болар еді.
qyrmyzy
Ниетіңізге рахмет!
Каспийге шомыласын.
ары ұзартқым келмейді. Біздің жоспар — аққуды көру болатын:)
Әрине отбасыммен де таныстырам.
охх, жеңгенің? қолынан шәй ішеміз бе?
Сүйгеніңмен келсең тіпті жақсы болар еді.
ық ық, негізі, қыздармен баратын ем… барғысы келсе, ертем, ИНШ!
yesbolat83
Ақтауға қашан келсең де, кіммен келсең де, не көргің келсе де, не жегің келсе де, ХАБАРЛАС. Отбасыммен бірге мейман қылуға дайынмын. Әзілі-шыны аралас.
yesbolat83
Суреттер қандай керемет. Сол студенттік шақтарыма оралар болсам, сабақты өте жақсы оқыр едім.
qyrmyzy
рахмет:) Менікі де сол, сабақты жақсы оқыр ем…
Manshukn
Қайталанбайтын тамаша күндер ғой, ол кез)винетканы енді алдың ба?))
qyrmyzy
Айтпааа. Сендерде мүмкіндік бар, хоть!Әлі алмадым, ық ық
Manshukn
бәрібір балмұздақ болған кезге жетпейді :) Аңғал, бала, ненің не екенін білмейтін кездерге)))
qyrmyzy
сендерсіз қызықсыз дей салсаңшы… ық ық
korwinin_kyzy
сойлемды ортасынан сзып койган нены былдыреды? міне былай
Manshukn
ол деген екінші пландағы пікір ғой. )))
khairbek
РАха джәуабыңа
Manshukn
немене барлықтарыңның авалырың бір ма?))))суретке кризис па?
korwinin_kyzy
Жакеннен ЫРҰҚСАТ алдым
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.