Тағдырым байланған ТЕЛЕФОН

Көңіл үшін _ . . . /
Түсінбеймін!

Иә, мен мына дүниеде өмір сүріп, соншама күнә жасап, күліп жүрген адамдарды түсінбеймін. Түсіне алмаймын… Түсінгім-ақ келеді. Десе де тауықтың басындай болған миыма логика келмейді. (Бір сөзбен айтқанда қабылдамайд.) Болашақта мұндай қателік пен опасыздықты қайталамаса екен деген үміт- тілегім бар. Ұнаса да, ұнамаса да өз еріктерің. Ешкімге өкпем жоқ.

Жақында азық- түлік алуға Құдайдың берген «Көк базарына» барғанмын. қайдан ғана бардым десеңш
Керекті дүниелерімді алып, базар аралап жүргенде екі көзімді бақырайтып тұрып әуен тыңдап келе жатқан ұялы телефонымды қалтамнан жұлып алып кетті. Қалай тартып алып кеткенін білмеймін. Есімді жиям дегенше 2 секунд болмады артымда ма, жанымда ма келе жатқан төрт-бес жігіт тұра жүгірді. Арттарынан айқайлап енді жүгірейін десем қайсысының артынан қуарымды білмей тұрып қалдым… Милиция десіз бе? Көк базарда қайдағы мілітсә! Бір кездері оған да күніміз түскен. Шұқынып жүргеннен басқа ештеңе істей алмады. Шақырғаннан пайда жоқ деп шештім сол жерде. тауып бергені үшін әкесінің құнын сұрайтындар көп
Тапа тал түсте, сөмкеңнен емес, пәшти қолыңнан өзіңе тиесілі затты тартып алып кетсе,2 күн бойы ШӨК болып жүреді екенсің. Алғашқы рет қалтафонымды сыпырып кеткенде жарты сағат бойы боздаған болатынмын. Осы жолы жыламадым. Тек ішім удай ашыды.

Табиғатымнан өзіме тиесілі нәрсеге бауыр басқыш қасиетім болатын. Денемнің бір бөлшегін жұлып алып кеткендей боолды сол сәтте. "Қойшы, дүние ғой келмес дейсің бе?" деген оймен өзіңді алдаумен жүресің. Десе де үйренген, қалыпты нәрсеңнің барлығы сонда болғандағы менің хәлімді ешкімнің басына бермесін. Ішінде маған қажетті сөздігім, фото, нөмірлер, эл.поштам болатын. Барлығының қайдағы жоқ бір минутта көкке ұшқанын қайтерсің… Үйренісе алмай бір апта бойы сенделіп жүрдім. Жаныңда жүз адам жүрсе де айдалада жалғыз жүрген секілді сезіндім. Техниканың адамның өміріне сонша дендеп кіргенін сол сәтте түсіндім.

Содан келе жатып: "Қалай ғана жүрегі дауалап біреу үшін "қымбат" нәрсені тартып алып жүре береді екен?! Әкенің, шешенің тәрбиесін көрмей өссе де, адамның бойында адамгершілік деген қасиет болу керек қой. Біреудің мүлкі біреуге НАН болмас. Бүгін болса да, ертең желкесінен шығатындығын түсіне тұрып қалай олай жасайды?!" деп түйіп қойдым. Санам жетпей қойды ҰРЫЛАРДЫҢ түйсігі мен түсінігіне. Кейде ойланып отырып қай жерімен ойлайды екен? деген сұрақ та келмейді емес. Болашақта отбасын құрған жағдайда немесе құрған болса оның жасаған күнәләрі үшін зардапты балалары шегуі мүмкін ғой. Олар туылмай жатып маңдайына жазылған қиын тағдырға кімді кінәләуі тиіс?..

Қай елде екені есімде жоқ, шамасы Қытайда болу керек ұрлық жасағаны үшін қолдарын шауып тастайды екен. Орта ғасырларда және ХХ ғасырға дейін. Біздің елде де прәпісінәл ұрыларды ұстап, қолдарын жақсылап тұрып шауып тастайтын заман туса екен. Сонда бір минутта жасаған қателігі үшін өмір бойы жапа шегіп жүрер еді.

Р.S: Мені тым қатал екен деп ойлайтын шығарсыздар. Өз еркіңіз. Бұлай ашына жазуыма себеп қолды болған телефонда менің тағдырым байланған еді…

<em>Р.S-2: бір қызығы менің телефонымды ұрлаған адам нөмірін алып тастамайды. Кейде ызбанок тың-тың етіп барып тұрады. Кейде «байланыс аясынан тыс жерде» деп шаршамайтын дауыс қайталанады да тұрады. Неге жорысам екен?

11 пікір

khairbek
Мілітсә
Қазақ тіліне аударғанда Милитсия, палитсия, ал батыста Милиция ақа деп айтыла береді, алыс шетелдерде Легавый мусора фараоны, Козлы деп те айтыла береды
ZevsKO
сонымен… Майлинды оқып па едің?
korwinin_kyzy
қайдағы майлин
ZevsKO
әдебиет әлемінен алыстау секілдісің
Aknyet99
Ал біздің ауылда «Козел аға» дейді.
ereke_enu
Сабыр түбі — сары алтын.
Korkem
Мына бір Құраннан алынған мысалға менің ат-матымен келіскім келмейді. Ұзын-сонар етпей-ақ қысқа-нұсқа жеткізіп көрейін:

Ертеректе пайғамбарлар заманында ғой деймін бір сахаба келе жатып бір адамның екінші бір адамды өлтіріп, қашып кеткенінің куәсі болады. Сонда Пайғамбарға (ғ.у.с) келіп болған жайды баяндағанда Пайғамбарымыз (ғ.у.с) оны әділеттікке шығарады. Себебін түсіндіруін сұрағанда, осыдан бірнеше жыл бұрын әлгі өлген адамның әкесі оны өлтірген адамның әкесін өлтіріп кеткен болып шығады. Яғни, бұл жерде әділдік орнағаны.

Сіздің басыңыздағы жағдай да дәл осыған сәйкес келетін секілді, бірақ келісуге тұрмайды ғой, солай ма? Неге сол өлтірген кісі үшін жазасын бала тартуы керек? Күлкілі?! Ә!

Дегенімен сізді сабырға шақыра аламын. Біреулер міндетті түрде бару керек жолдан амалдың жоғынан қалып жатады да, артынша-ақ ол мінуге тиіс көліктің жол апатынан ұшырағанын естиді. Мүмкін сізді де періште сақтаған шығар. )) Бәле-жала сол телефоныңызбен кетсін.

Жоғарыдағы мысалға оралатын болсам, ол замандағы жасаған қателік ұрпақтарына, яки араға ұзақ уақыт салып қайта өз басына келетін. Ал қазіргі кезде, байқастасаңыз, қазір жасаған күнә-қателігіңіз араға уақыт салар-салмас қайта өзіңізге айналып келіп жатады. Қателікке біліп тұрып бой алдырмаған жөн-ау.
ZevsKO
Аллам сақтаса сақтаған шығар. Десе де осы күнге дейін біраз қиындық көрдім. Жығылғанға жұдырық соға бермеу керек болар сірә!
ZevsKO
Жамандық жақсылықтан ғана шығады.
duman
Ех өмір осығой.Маған бұл оқиға бір жағынан қызықтау болса бір жақтан еш таңсықта емес.Себебі мен ауылда қазір 11 сынып оқып жатырмын.Иа ал осыдан 2 жыл бұрын қала жағалап кеткен достарымның күндегі тірліктеріғой бұл.АА ойлап қалмаңыздар ұры екен деп.Олардікі былай 2-3 еуі жүріп өздеріндей біреуді ұстап алып тасаға апарып соткасын,ұнаса сырт киімін шеішіп алып кете береді екен.Неге себебі олар екі жыл бұрын барғанда олардыда солай істеген.Бермесе қару кезеген, оған көнбесе тепкілеп немесе пышақтан бірді тыққан.Мінеки сиырға туған күн бұзауғада туады дегендей, көргенін істеген.Шыны керек осындай өмірден қорқам, біреудің жалғыз баласы сеніп отырған, енді біреуі көше кезген бос далбаса.Бірінің түбіне бірі оп-оңай жете салады.құдай сақтасын баыма түспесе екен!!!
ZevsKO
рас айтасың басқа салмасын. Бұрындары жамандық жасама дегенде түсінбейтінмін, қазір басқа 100% тиді.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.