Мен енді ұстаз емеспін

Көңіл үшін _ . . . /


Қысқасы жұмыстан шықтым, осы екінші тоқсаннан бастап жұмыс істемейтін болып шештім.

Басты себеп жалақы мәселесі, былтырғы оқу жылында сағатым аз болғандықтан, педагог ұйымдастырушы деген лауазымсымақты қоса атқардым, негізінде біздің мектеп орталау мектеп (тоғыз жылдық) бала саны да аз болғандықтан педагог ұйымдастырушы лауазымына штат ашуға заң жүзінде болмайтын еді, бірақ директорымыз өзіме көмекші болсын деген оймен, жұмысшының жарты жүктеме айлығын маған жазып пед-ұйымдастырушы деген қалпақты кигізе салған еді.

Сонымен не керек бір жыл бойы мектептің қағаз жұмыстарының көп бөлігі менің мойныма түсті, сабақ өтілмей қалатын кездер көбейді, директор таңдауның маған түсуі компьютерден аздап хабарымның болғандығында еді. Биылға оқу маусымында мен бұл жұмыстан бас тарттым, тыныш сабағымды өтіп жүрейін дедім, бірақ ойымдағыдай болмады, маған тиесілі 5 сағатқа директордың әйелі иелік етіпті, ол кісі анау-мынау емес ЖенПИ-дің сырттай бөлімінде 1-курс оқып жатыр екен, қош дедік сонымен менің еншіме 8 ақ сағат бұйырыпты айлығым 23000 теңге екен. Мұғалім үшін қыркүйек айында сағат алу өте маңызды, сағатыңа қарай жалақың да болады. Күзде сағат алу үшін өзге жыныстылармен жаға жыртысуға тура келетін кездерде болады, бірақ ондайға бармадым.

Екінші себеп ол жер менің ортам емес еді, мысалы мен мұғалімдерге арнап веб сайттар ашумен айналысатынмын, әрі веб бағдарламауға аздап әуесқойлығым бар екенін осындағылар білетін шығар, бірақ біздің ұжымнан ондаймен айналысатынымды ешкім білмейтін, білгісі де келмейтін немесе түсінбейтін еді, есесіне сайтқа байланысты әртүрлі қолдау қолпаштаулар мен сын-ескертпелерді басқа мектептің, басқа ауданның, басқа облыстың мұғалімдерінен еститінмін.

Үшінші себеп өзімді басқа саладан сынап көру көптен ойымда жүретін тек жақындарымның көңілдерін қимай мектепте істей бердім, жоғарыдағы себептер жақсы сылтау болды бір жағынан, енді біраз уақыт басымды тауға да тасқа да ұрып көрмекпін.

Бұл сіздерге мұң шағу емес тек ой бөлісу, сыбайласып қамқорлық жасаймын дегендерге алғыстан басқа айтарым жоқ, негізі жұмыстан шығу аса қорқынышты нәрсе емес екен.

34 пікір

Korkem
Істеймін деген адамға жұмыс табылады. Не дейін басқа?))) Сәттілік тілеймін!
newkazah
Өте батыл шешім!!! байқаймын басын бар жігітсің!!! 23000 деген ақшама? Қалаға қарай шыгу керек… жақсы жұмыс қалада. ал мектепте котерилу қиын. сәттілік тек қана алға. орекең айтқандай все к лучшему…
yesbolat83
Сені түсінем. Алдағы уақытта өзің сүйіп атқаратын, жалақысы да қанағаттандыратын тұрақты жұмысқа орналасып халқыңа адал қызмет етуіңе тілектеспін. Сәттілік!
MSHERIMBEK
Дұрыс, ағасы. Себептер болса, кеткеніңіз дұрыс болған. Басқа салада да өте жақсы маман болатыныңызға сенемін. Енді, қателесуге болмайды сізше ощм;)
Jako
«Сүйреп қосқан тазы аң алмайды»-дегендей патша көңілің қаламаса, әрине өз орныңды іздеген жақсы.
AKA
Расында да мардымсыз ғой мұғалімдердің жалақысы, қаншама қағаздармен жұмыс жасау да оңай емес. Мектепте сондайды көп жүктейтін мұғалімдер, содан жақсы түсінемін мұғалімдерді. Білім мен тәжірибе барда жұмыссыз қалмассыз, енді тек орайын тауып, жақсы жұмысқа орналасу керек.
Arhun
Өз жұмысыңызға өте байыпты және сауатты атқарғатын мұғлім екендігіңізге бұрынан нет желісіндегі жұмысыңызға қатысты әр қадамызға, әр ісіңізге қарап біліп, байқап ақ жүрмін… /относительно/
Әрине сіз секілділер бұндай бюрократиялық жұмыстарда көп жүре алмас. Осындай өз жұмысына берілген мұғалімдерден мектептің айырылғаны өкінішті-ақ. Негізі білім беру институты, аппараттары тым әлсіз болған сайын, елдің экономикасы, ішкі жағдай соғұрлым кәукәрсіз болмақ.
qyrmyzy
Жүрекпен жұмыс істегенге не жетсін? Коллектив те үлкен рөл ойнайды. Кеткеніңіз жақсы болған дейтін ем, бірақ сол мектепті өзгертетін ешкім қалмағанына, балаларға заманауи бірдеңе үйрететін мұғалімнің кетіп қалғанына өкініп тұрмын. Таңдау сізде. Көңіліңізге қонымды жұмыс табуыңызға тілектеспін.
korwinin_kyzy
вытыпы?
qyrmyzy
он теперь не мұғалім.
Yeld
Мен де кетіп қалғам алдыңғы жылы… өкінбеймін, тек балаларға сабақ бергенді сағындым… мұғалімдіктің қасиетін жұмыстан кеткен соң біледі екенсің…
Информатик едім… қашып құтылғандай болдым мектептен… біреу түсінер, біреу түсінбес оны…
VVVWWW
Әрине көңіліңіз қаламаса кеткеніңіз дұрыс, сосын қазіргі білім беру жүйесі өте нашар
AKA
сосын қазіргі білім беру жүйесі өте нашар
Бірнеше факт келтіре кетсеңіз…
ereke_enu
1. Бұрын оқушылардың басынан ұруға болатын еді, қазір ол үшін соттап жібереді(((
FaraOn1
информатика пәні кітабы старие, мектеп баласына тем боле жоғарғы буынға Майрософт Уордты үйретіп жүрсе ұят емес па)))
FaraOn1
жыл сайын жаңа кітап шығарып сатып алғызады. бұрынғысынан дым айырмашылығы жоқ соның(((
Ademi
Айтпа, жігітім, мұғалімде үнемі ізденіс үстінде болу керек, айтары бітіп қалмас үшін! Қазіргілерің 40 жылдық бағдарламаларымен жүре береді
Jako
40 жылдық бағдарлама қазіргші бағдарламалардан артық, олкезде "өзіңді өзің таны",«валеология»-деген пәндердің орнына пайдалы «тригонометрия»,"қоғам тану"(өзің өзіңді емес,қоғамды)сияқты пәндер оқытатын.
VVVWWW
Осы саясатқа араласпайын-ақ дегем (ойлап отырған боларсың білім берудің саясатқа қандай қатысы бар деп, именно политика)
1.Жалпы тестілік бағалау, яғни ҰБТ (оның қалай өтетінін жақсы-ақ білетін боларсың)
2.Оның сұрқтары (қадағалап жүрмін, жылдан-жылға нашарлап бара жатыр). Биылғы сұрақтарды оқып отырып ішіп кете жаздадым, Мыс: Назарбаевтың неше галстугы бар?, Абылайдың атының түсі қандай болған т.б.
3.Бюракратизм (қазіргі мұғалім қағаз жазудан қолы тимейді, оқушыға тіптен уақыты жоқ)
4.Тіпті қазір керек емес пәндер пайда болыпты (керек пәндерді: психологияны, философияны мүлдем оқытпайды)

Айта берсем көп қой тіпті, ұзақ әңгіме (біздің жақта «Терлеп отырып айтатын бір шәйдің әңгімесі» деген бар еді)
Р.С. Қысқасы, халықтың сауатсыз болуы біреулерге өте пайдалыма-ау деп қалам, кейде… (Қазакем айтпақшы «Умный человек не электорат»)
Jako
Мұғалімнің тек қана жауапкершілігі ғана емес,қадірі де қашқан заман болып тұр қазір. Мұғалім десе қазір бала тәрбимесі емес, кез-келген адамның ойына бірінші Нұр Отан, одан кейін түрлі сайлауларға Нұр Отандықтарды қолдап дауыс берушілер, кейс арқалаған халық санағын жүргізушілер, түрлі концерттерге билет сатушылар, мектеп жөндеуге деп, терезе перде деп ақша жинаушылар еске түседі. Халық арасында қазір «Мұғалім ата-ананы мектепке шақырса бала тәрбиесін, сабағын талқылау емес, краскаға, терезе пердеге, сыпырғыға т.с.с. деп ақша жинауды түсіндіруге шақырады» — деген ұғым қалыптасқан.Мен бұған мұғалімдерді кінәлағым келмейді, бірақ басқа кімді кінәлайтынымды да білмеймін.Қоғам, заман дейін десем сол қоғам, заманның өзін алға сүйреуші лоқоматив зиялы қауым (интелегенция) да дәл сол мұғалімнің өзі емес па?
serjan
Негізінде тек қана сабақ беріп, балаға білім берумен ғана айналысатын болсаң өте мағыналы жұмыс.
ereke_enu
Келісем. Түк білмей келген балалардың біршама уақыттан соң өз бетінде бірдеңе жасап жатқандарын көру — ол да бір бақыт. Біреуге пайдаң тиіп жатқанына шүкір дисің. Басқа мектеп, универге ауысқаныңызбен мұғалімдіктен кетпесеңізші. Талабы бар балаларға қол ұшын беріңіз, сіз кетсеңіз олардың тағдыры не болмақ?
Jako
Жастардың негізгі дерлік жұмысы «информация» саласында, соған қарап компьютердің адам өміріне дендеп енгеніне қуанып та қаласың. Ал кешегі ауыл шаруашылығының майталмандары Ж.Тастанбекова, К.Дөненбаева, Ж.Қуанышбаев, Ш.Берсиев т.с.сияқтылар атын шығарған мамандықтарға жастар бара ма? Барса сол жастарға қолдау бола ма?
ereke_enu
Әр заманның өз талабы болатын болар.
FaraOn1
тағдырлас екенбіз
qyrmyzy
О, Фара, Фаражан, Фара бырат? Не болд саған?
dimash
Жоғарғы сыныпта оқып жүргенімде мұғалымдар күнінде төменгі сыныптарға 1 күн сынып жетекшісінің, пән мұғалімінің қызметін атқарып көріп едім, ұнаған. Бірақ тағдыр ұстаздық жолына салмады.

Басты тау мен тасқа ұра бермей, ұнайтын жұмысты тездетіп тапқан дұрыс ғой.
Мысалы… Ойлап көріңіз, сіздің банктегі шотыңызда бірнеше миллион жатыр, яғни ақшаға кенде емессіз. Бюджет жағын ойламай, немен айналысқа ұнайды? деп өз өзіңізден срап көрсеңіз ұнататын жұмысыңызды бірден табасыз. Көбінісе адам өзі ұнататын жұмысынан ақша табу жағынан қиындық болып жатады ғой…
serjan
Мұғалім болып жүріп Алматыға бір апталық курсқа барғанда бір мұғалімнің сөзін естіп жағамды ұстағаным бар, кейін мұндайға етім үйреніп кетті, барлығымыз институттың кітап, әртүрлі әдістемелік материалдар сататын жерінде тұрмыз, сонда бір мұғалім бір әдістемелік кітапті көріп: «мынау жақсы екен папкаға салып қойғанға» — демек қазіргі мұғалімдерге қосымша материал оқып іздену үшін керек емес папкаға салып қою үшін керек, комиссия тексеріп келгенде көрсетесің болды. бұған мұғалім болған 3 жылда әбден көзім жетті.
Kan
«Күзде сағат алу үшін өзге жыныстылармен » мына сөзіңіз ұстаз болған адамның сөзіне ұсамайды. Сіз негізі ұстаз емессіз. Шын ұстаз өзінің шәкіртіне шынайы білім, тәрбие беріп жүргенін сезінсе сол шәкіртінің болашағына алаңдап қандай қиындық болса да төзер еді. Әрі қарға,қарғаның көзін шұқымайды деген жалпы осындай мектептің ішін-ара келіспеушілігін жариялауға болама екен,ұяттағы.
serjan
Ең оңай нәрсе ауызбен орақ ору, сен 23000 тенгемен 2 бала бір әйелді асырап көр, сонда білерсің өтірік патриотсығанды.
Kan
Менде жеісіп жүрген жоқпын. Тіптен сіздің ауылда болған дауыл біздіңде ауылда болып жатады. Әйтседе жүрміз баламызға сабырлы бол деп әйеліме иманды бол деп. Ер адам болсаң бір ыңғайын табу керек еді. Ұстаздықтың қадірін түсіргеніңіз үшін сізге өкпелімін. егер артық айтсам кешіріңіз.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.