Ұшқыр кілем, ұлық Сүлеймен

Көңіл үшін _ . . . /
Көңіл үшін _ . . .: Ұшқыр кілем, ұлық СүлейменКөңіл үшін _ . . .: Ұшқыр кілем, ұлық СүлейменӨз заманының тұлғасы болған Сүлеймен пайғамбар бірде ұшқыш кілеміне отырып өзінің мемлекетінің үстінен ұшып өтуге бел буады… Сұлулыққа елітіп,өзінің байлығына қарап көзі тоймапты. Әдеміліктен шаршап,өзінің иелігіндегі табиғаты сұлу жерлерге қызыға қарапты. Сол кезде ұшқыш кілемі жерге қарай төмендей бастайды. Сүлеймен бұны сезіп кілемге тіктелуін бұйырса, кілем одан бетер төмендей бастаған екен.
-Сонда Сүлеймен тұрып: «Әй, кілем! Майыспа, саған Сүлеймен пайғамбардың өзі бұйырып тұр десе керек»
Әміршісінің бұйырғанын орындамай кілем одан бетер еңкейіп, Сүлеймен жерге құлап түседі.
Қаһарына мінген Сүлеймен: «Әй, не істеп тұрсың?-дейді.
-Кілем: «Мен емес, сенің тіктелуің керек. Өйткені бұл сенің емес Аллаһ тағаланың бұйрығы. Өзіңнің байлығыңа, дәулетіңе қызыққан көзіңді шел басып тұр. Егер ол басқа нәрсеге қызығып тұрса, басқасын көрмейді» деген екен.

Дереккөзі: Серпін порталы

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.