Ақырзаман немесе «жақсы болғанын қараш, емтихан тапсырмайтын болдық....»

Қай жылы екені есімде жоқ, мектепте оқып жүрген кезіміз, тап осындай жағдай болды, жұрттың бәрі дүрлігіп, ақырзаман болады деп, сондағы бір сыныптасым: (бірнші сұрап алды қай күні екенін) «Жақсы болғанын қараш емтихан тапсырмайтын болдық» демесі бар ма? (емтихан тап сол күні екен) Сонда жаңағы үрейленіп, уайымдап отырған барлығымыз күлкіге баттық та қалдық (білмеймін енді, оны күлдірту үшін айтты ма әлде шынымен қуанды ма, мүмкін… біздің рухымызды көтеру үшін бе).
Сол сөз менің өміріме үлкен сабақ болды, тағдырдың бір қиын жағдайларына тап болсам сол сөзді еске түсірем, сонда олардың бәрі өткінші екені, артынан күліп қана отыратыныңды ойлап, өз-өзіме келіп алам.
Сонымен тақырыптан қуып кетіппін ғой, Ақырзаман болса қалай және не болады екен (соны ойлап кешеден бері басым қатып жүр). Енді ойлағаным ғой, қандай формада, қандай белгілері болады деп. Жүрттың ойларын саралап, болуы мүмкін себептерді өзімше ретке келтіріп қойдым (сіздердің не алып қосарларыңыз бар):
1. Космологиялық апаттар: қара құрдым (черная дыра), күн жүйесінің жойылуы немесе жердің планета ретінде құруы т.б. (Ай, бұлар жуық арада бола қоятын нәрселер емес)
2. Экологиялық апаттар: жаппай күн жылыну (глобальное потепление), озон қабатының бітуі, атмосфера т.б. (бұл да реально қорқыныш болғанымен, соңғы кездері бұның да өтірік паника екені анықталып жатыр)
3. Энергия көзінің бітуі (жарық газ т.б. болмайды деп ойлайтындарға). Әрине қазіргі қолданып жүрген энергия көздері бітері анық, болашақта альтернативті көзін табу не тұрыпты адамға
4. Экономикалық немесе қаржылық (тап бұл енді қазаққа қауіпті емес, оның неге екенін өздерің білесіңдер)
5. Әлеуметтік-психологиялық дейінші (мына қойған атым үйлесті ме білмеймін, қысқасы адамдардың моральдық азғындауы). Көне мысырлықтардың «Өлілер кітабында» (5 мың жыл бұрын жазылған кітап): «осы бүгінгі жастар бұзылып барады» деген сөз бар екен
Қысқасы, Ақырзамандарың «пока не светит» сияқты, оны көру бақыты бізге бұйрмаған-ау деп қоям, ішімнен (дождешься, деп қолын шығарып тұрған болар). Сонымен басы нөрмәлні басталып, соңғы жағы қуыып кеткен жазбам аяқталды.
P.S. «Мә, бүгінде Ақырзаман болмапты ғой, тууһ ертең тағы жұмысқа баратын болдық па...»

10 пікір

avatar
  • Jako
  • 0
Мәке, жоғарғы келтірген версияларыңның ішінен маған бесінші,"әлеуметтік-психологиялық апат" — дегеніңіңіз ұнады. Түбі не болса да адам өз пиғылынан,іс-әрекетінен, тойымсыздығынан зардап шегетін сияқты көрінеді маған.
  • zhomart
  • 0
ozimiz bile bermeitin narsege teren ketpei-ak koiganymyz durys shygar…
  • AKA
  • 0
Сонымен?!
avatar
  • VVVWWW
  • 0
Сонымен, бұл жазбада айтқым келгені, өмірдегі басқа түскен қиыншылықтарды жеңе білу, ешқашан мойымау (ақырзаманға еш қатысы жоқ негізі)
avatar
  • senim
  • 0
өтірік істейсіз әә?
avatar
  • Jako
  • 0
Өзім ол(21.12.12) күні үш жүздей қазақпен тойда болдым, ал әйтпесе!
avatar
  • dimash
  • 0
Маған тура 21 күні екі бірдей емтихан болды, біреуі билетпен, біреуі тест комппен.
Общым,! Петр (ма әлде Павл ма әлде басқа ма ұмытып қалдым) айтқандай «менен кейін жерді топан су басып кетсе бе бәрі бір» (емес маған(өтірік))

Алдында сәуір айында ме еді, бірдене болады деп ақырзаман жайлы кітап жазып 5 миллион тиражын өткізіпті-мыс (шет елде). Соны қайталағысы келген шығар.

Апокалипсис болмады (болмасын да), бірақ магазиндерде свеча мен консервалар жақсы өтіп кетті :)
aitp
mektep okyp jurgende kyzdardyn jatakhanasynda ort bolyp, uldar jatakhanasynda konganbyz. Sol kezde fransuz tili sabagy bolmaidy dep kuanyp ek :)
avatar
менің інімде 22күні экзамені еді, 21күні кешке звандап дайындық қалай десем, «Дайындық нашар, ақырзаманға сеніп едім, лақтырып кеткенін қарасаңшы» деп налып отырғаны. ))))))))))(
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.