Алғашқы іс-сапар

Көңіл үшін _ . . . /
Іс-сапарда жұмысқа белден баттым. Апарған жобамыз тех.тапсырмаға сай болмай шығып, көп нәрсені қайта түзеуге тура келді. Оянам, код жазам, ұйқтап алам, тұрам, код жазам, тамақ ішіп келем, қайта отырам… Әйтсе де, одан да жақсырақ жұмыс жасай алушы ем деп ойлаймын. «Жалғыздың досы — шайтан» деген, нәпсі деген ата-жау қатты кедергі болды. Бейтаныс қала қыдыруға еліте берді, өз қалтаңнан кетіп жатпаған соң, ақшаны да жарата бергің келеді. Қаншама жыл ТВ көрмеген студент, біраз байландым оған да) Не керек, бірінші апта нәпсім не айтса «сию минуту» бұлжытпай орындап жүрдім((…

Аптаның аяғы Оралға, тумаларыма барып қайттым. Туысқандармен қарым-қатынаста болу — мұсылмандарға парыз етілген. Тіпті, олар бас тартса да, біз араны үзбеуге тиіспіз(уаджиб). Шамалы ақыл тоқтата бастасам керек, сол жаққа басып кеттім. Онда туылғалы көрмеген жиендеріммен танысып, қонақ болу бақыты бұйырды. Апамның қызы, күйеу баласы намаз оқиды екен. «Сақалың не? Бахабис емессің ба?» деген сұрақтар болған жоқ. Оған да шүкір. Ол жақтың адамдары өте қонақжай келеді екен. Келсең "Қош келдің", қоштасарда «Келіп тұр, хабарлас» деп тұрса, келесіде қалай соқпай кетесің? Айтпақшы, бақытыма орай, соғым уақытына түскен екем да, қай үйге түссем де ет-тамақ. Асқазанымда реніш жоқ шығар) Тағы байқағаным, біз жақта 2 балалы болсаң, сен үлкен мұжықсың, әйелің қабағы қарс түйілген қатын емес пе?) Жиенімнің 2 баласы бар, бірақ маған өздері бала секілді көрінді. Үйленген аға-жеңгелерім үлкен кісі болып көрінетін. Бұл қалай болғаны? Менің де есейіп қалғаным ба?

Қайтарда және бір бауырға соқтым. Ол кісі менің досымның досы болатын. Агентте сөйлескенім болмаса, реалда көрмегем. Үйіне шақырып, шәй үсті 2 сағаттай әңгімелестік. Әңгіме арасында ислам ғалымдарының бірі Ибнуль Қоймның «Жалғыз жолда жалғыз бол» деген сөздерін келтірген. «Анда жалғызбын, құрып барам, бауырларды таппай жатырмын» деп мұң шаққан ем ғо. «Жалғыз жол» дегені тура жол, Пайғамбардың жолы. «Жалғыз бол» дегені «физический» жалғыздық емес, «бүкіл әлем адасып, жалғыз қалсаң да қайтпа, дініңді мықтап ұстан» деген мағынада. Иманым көтеріліп, жолда ендігі амалдарымды жоспарлай бастадым.

Мәселенің басы иманнан екен-ау. Ол түзеліп, жұмыс та өне бастады. Есесіне тағы бір жау, мазасыздық(паника, беспокойство) пайда болды. Көзге оңай көрінген шаруа көп уақыт алады екен. Ал, менде уақыт өте аз. Құр уайымнан 1 гр пайда болмасын білсем де, ойым бөліне береді. Түрлі статустар, микроблогтар кете бастады: «Незнаю как, но оно работает!)», «G-code никогда не подведет!)», «EF Rulez!!!», «Орал, Аксай каласынан таныс бауырлар бар ма?», «Аксай=>Подстепное=>Уральск=>Казак ауылы»,… т.с.с. Кейін жұмыс арасында 1 сағаттан демалыс жариялауды шығардым. Сөйткен жағдайда, таң атқаннан түн ортасына дейін шыдайды екенсің. Жатып жұмыс жасауды тоқтаттым.Нереал тема ол, ваще несерьезно, елестетіп көрің, жатып жұмыс жасауға бола ма?, абсурд)) Және агентте прогер бауырлардың конференциясы болатын. Солардың көп көмегі тиді. Жобаны біраз жақындатып тастадым, барымен базар. Универде сессия басталды, қайтатын уақыт келді.

Қайтарда тумаларыма тағы да соғып, Ақтөбеге пойызға отырып кеттім. Орал-Астана тікелей рейске орын болған жоқ. Ақтөбеден ұшатын болдым. Пойызда өзіммен рулас бір кісімен келдім. Әңгімесі бір бітпейді екен. Осы пост секілді)) Түнімен ұйқы бермеді. Таңғы 5,30 ескі бір досым күтіп алды. Кезінде жатақханада бірге тұрған едік, кейін дипломын алып, ауылына кеткен. Сол үшін келген соң, ұйқтап жатып алу ыңғайсыз санадым. Рейс 15.00-те, әбедке дейін ұйықтасам тағы. Өткен-кеткенді еске алып, біраз күліп алыстық. 5 жыл бұрын Ақтөбеде бірнеше жыл тұрғаным бар-ды. Сол уақыттан бері қала қатты өзгеріпті. Ақтөбеге қайта келгеніме қуанып, кеудемді шаттық кернеді. Күн көтерілген соң, қаланы араладық. Бұрын жүрген жерлеріңді қайта көру сондай қызық. Ескі таныстар… Бәрі өзгерген. Біреулер жабылып, басқалар ашылған. 11-12 мкр… Жаяу аралаған болсам тіпті зор болушы еді. Ол жерлердің әрбір столбысын таним ғой) Қош, сонымен, түс те болды. Аэропортқа бардық. Барсам рейс ауа-райына байланысты 6 сағатқа шегеріліпті. Қайтадан қалаға бастық. Бір уақытта ұйқым жаман келе бастады. Сол іс-сапар бойы қанбаған ұйқы жиналып қысты-ау дим. Шыдамай барам. Досымның ұсынысымен үйге барып демалдым.

Мықты ұйықтаппын. «Тұр, кеттік» деген дауыстан оянып кеттім. Досым да ұйықтап бара жатып, есін жиып алыпты. Жол — мұз тайғақ. Сол күні жол бойы кемінде 5 ДТП көрдік. Әр жерде кіріп кеткен, түйісіп қалған. Ақтөбеліктердің мұншалықты ереже сақтамайтынын білмеппін. Регистрацияға әрең үлгеріп, дұрыс қоштаса алмадық. Шыны керек, қоштаса алмайды екем. Қиынның қиыны ғой. Осы аралықта анашым звондап үлгеріп жатыр. «Міндің ба? Түстің ба? Абай бол! Сәлем айт» — қанша жыл естіп келем… Іште тағы көзім ілініп кеткен екен, бір оянғанда қонып жатыр екенбіз. Авиакомпания қызметкерлері кешіктіргендері үшін қайта-қайта кешірім сұрайды. Астанада ауа-райы -29. Бррр…

Осымен, 15 күндік ең алғашқы іс-сапарым аяқталды. Жалпы, өзіме қатты ұнады. Ел көресің, жер көресің. Қаражат жинап, шет елдерге саяхаттағым келіп кетті. Тек бір нәрсені ұмытпаған жөн. Осы жерге дейін оқыған кісі оның не нәрсе екенін ұққан болуы керек. Ұзақ боп кетті, айып етпең.

P.S: Суреттер жоқ. Неге? Телефоным жайфон. Фотоаппарат ұмытып кетіппін.

65 пікір

Jako
Маған ұнады,әсерлі жазылған.
khairbek
axaaxxxaxaaxax Жайфон
khairbek
Ереке АШТИЕМЭЛ кодты жасаганнан кейн оз сайтыма калай салам.....,?
ereke_enu
??? Сұрақты түсінбедім
AL-ASTER
Жұмыс пен жобаға қатысты. Постта жазылған қасиет менде де бар. Жұмыс төбеде лампочка болып жанып тұрады, ал айналысып отырған істер: түрлі соц. желілер, агент/скайп, түрлі сайттар пайдасы жоқ бірақ тартып тұратын, анда мында шығып келе салу, барып отыра сап тамақ/шәй іше салу. ал жұмыстың уақыты созыла береді. Жаңа жұмыста бұндай олқылықтарды болдырмаудың тамаша жолы табылды. Бастық барлық жұмысшыларға күнделік сыйлады. Азаннан келе салып соған атқаратын жұмыстарды тізіп шығып, орындалған сайын «галочка» қойып отырасыз. Нәтижесінде, күндік жоспар орындалып, әрі бос уақыт көп қалады. Оны да жоғарыдағы "қажетсіз бірақ тартып тұратын" істерге үлестіріп беруге болады. Құда да құдағи да тыныш.

Тамыр/таныс, дос-жарандарға хабараласып, араласып тұрған да жақсы ғой. Жақсы болмаса несі жақсы. :)

Пост қызықты. Рахмет. :)
ereke_enu
Маған күнделік сыйламады))
MSHERIMBEK
Алғаш Қытайға барғаным есіме түсті. Айтқандаё, шетел көру туралы әңгімең жақсы ой. Құштарлығы болады өзінің. Міне, бүгін Малайзияға ұшқалы жатырмын. Еех, біреуге сапар бітсе, біреуге басталып жатыр. Сауатты амигосың :)))
ereke_enu
Жол босын, амиго! Жақсы барып қайт!)
AL-ASTER
Жол болсын! Малайзияға очкисіз баратын болдың)))
AKA
Аман-есен жетуіңізге тілекшіміз :)
AKA
Қызық, өте қызық, соңына дейін оқуға апарды. :) Оралдың суығы уаще ұжыс дейді ғой, жол, адамдар көрінбейді деп, бірақ оларда ағаш көп есесіне, сол құтқарып тұрған шығар бәлкім.
ereke_enu
Қайдам, мен барғанда мүлдем қар жоқ. Күн де жылы боп тұрған. Тек кетерде ғана сәл салқындады.
dimash
«Мне бы так...» деп қаладым :)

«Тек бір нәрсені ұмытпаған жөн» бұл жерде имандылық туралы айттыңыз ба? Толық оқыдым, ойым басқа жаққа кетіп қала берсе де
ereke_enu
Иә. Имансыз өмірдің еш мәні жоқ деп санаймын. Жаман әрекеттер иманның әлсіздігінен жасалады ғой. Әрбір мұсылман өзінің иманын денсаулығына қарағандай күтіп, қуаттандырып отырғаны абзал.
qyrmyzy
Керемет. Үлгеріпсің-ау. Жоба не болды? Әр қалада таныстарың, туыстарың болғаны қандай жақсы
ereke_enu
Жоба сәл бітпей қалды. Қаңтар айында тағы да барып қайтатын сияқтымын соған қарағанда.
Nurbergen
Айтаберейінбе) айт деп тұрғанда айтып қалайын. Қаңтар айында Оралға келетін болсаң маған хабарласшы, өтініш. Таныс болайықта. Бұл сайтқа бүгін тіркелдім, керемет екен.
ereke_enu
Өтініш?))) Кешір, бро, мүмкін бірінші танысып алармыз)) Сайт керемет, сөз жоқ.
Abylai
не дейін, жұптарың жазылмағырлар, танысыңдар танысыңдар
Nurbergen
әй абылай сен мұнда нестеп жүрсің?))) кет ай
ereke_enu
таныс болсаңдар, сенің де ярый прогер екеніңе күмәнім жоқ)) Қай тілде жазасыңдар?
Abylai
амиго быз таныспыз ба?
yfriend
аа жоқ, амиго, мен бу жерде бір виндузятникті ғана танитын сияқтымын))
Nurbergen
жоға, жер дөңгелекқой, бір сайттың қолданушылары болғасын, таныс болармыз
Nurbergen
ааа ия ия мен мен едім мен едім,
оралдан туып өскен бала едім.
программисттік оқу оқып ап,
нестерімді білми жүрген ем.
Бәріңді танып білсем деп едім мен ақын емеспін жәй қызық болсын деп жазғамғо ))) қуып кеттімбә. неғо ия таныс болайық
ereke_enu
Біздер дотнетчикпіз, жоғарыдағы бро танысқанымызда пхпшник болған, қазір джавашник боп кетпесе. Сайт админі джавашник секілді, өзің ше?
yfriend
виндузятник
Nurbergen
жоқ, мен жәй ғана виндузятник емеспін )))
ereke_enu
саған әлі қол бұлғап тұрмын, бауырым. Тебе тут не место)
Nurbergen
неге:???????????????????
yfriend
саған емес, амиго, ана жігітке айтам.
ereke_enu
оны саған жазбады, тыныш отшиш, қыстырылмай
Nurbergen
не болып кетті түсінби қалдымғо ))))))))))))))
yfriend
ондай ондай боп тұрад)
Nurbergen
мен аштимайлщикпін )))) уахахаха.сол пхп, джава сікірейп, сысыэс, сеө деген сияқтыларды үйреніп, менде дотнетчик болғым келед. Әлі бір сайтымдыда жарыққа шығара алмай жүрмін (((
ereke_enu
Мына нәрселерді білсең, жай хтмлщик емес сияқтысың ғой. Жарайсың!!! Мен әлі осыларды дұрыс қолдана білмейм((
Nurbergen
білгенімнен не пайда, бір сайт аша алмай жүрм. Сіздерде қандай сайттарыңыз бар?
yfriend
mail.ru)) — оның сайты аха хааа)
Nurbergen
әй не күлесің ))) сенің сайтың қандай ал?
ссылкасын берші
ereke_enu
шынына келгенде, бір сайттың басынан аяқ авторы болған емеспін. Біздің проекттер көбіне ішкі порталдар, жүйелер. Бір-екі позорный проекттер болды, бастапқы кезде, оларды көрсетпей-ақ қояйын) Былай универге істеген анау-мынау движокта істелген сайттар бар, бір-екі заказ болды. Мақтанатын түгім жоқ, амиго. Мен мықты прогер емеспін.
Nurbergen
өөөй дотнетчик деп тұрғаны дота ойыны ма, құрысыншы.)))))) маған айтишниктер керек
Abylai
Джава ооох джава, мына кітапты соңына дейін оқып бітірсем джава білем деп ұялмай айтар едім. әзірге екі бөлімін оқыдым, әлі он бес бөлімі бар. айтпақшы сабақтарыңды жалғастырш амиго, практика керек
ereke_enu
джаваны жай андроидқа приложение жассам ба деген оймен зерттеп бастаған едім ғой. Кейін мүлдем қол тимей кетті. Өзің басташ, мен уақыт тауып қосылып отырам
yfriend
Ереке, құр қол келме деп едім ғо саған))
ereke_enu
Ты кто такой??? Давай, до свидания)) Біреулер менсінбей жүр еді, енді гүлі болып қапсын ғо) Кетшиш өз сайтыңа. Давай до свидания))
Abylai
Тәк прохерлер, программалау тақырыбында пост жазып, есептер шығаруды бастайық? әйтпесе кеше бір алгоритм құрам деп таңғы жетіге дейін отырдым, тым жәйлап қалыппын, кез келген тілде, хоть брейнфакта, zhurttyn_balasy AL-ASTER ereke_enu қайдасыңдар?
ereke_enu
ия, осылай арасында есеп шығарып қоятынымз бар еді. Ау, қайдасыңдар?) Мен екі аптадан соң босап қалам шығар, жаңа жұмыс жүдә қиын боп жатыр. Жақсы, қайырлы түн бәріңе! жаттым.
yfriend
Қайырлы түн, амиго! Пікірлердің бәрі почтаңа келеді деп айтпайсың ба? Толып қапты))
zhurttyn_balasy
Қайда қайда. Осындамыз)))) психологқа қаралуым керек жедел)))))
AL-ASTER
Біздің тамаша блогымыз ренжіп қалмасыншы. :-)
domakov91
Салам Жігіттер мен де өздеріңдей жаманды жақсылы прогермін бірақ дым жасамадым сгин Жақында қазақша бір движокпен программалауға сайт ашпақшымын барлықтарыңды сонда шақырам
ereke_enu
Салам! Қай тілде жазасың?
domakov91
пхп жаныма жақын
Соңғы өңделген уақыты:
ereke_enu
О керемет, давай прогерлер мына жерде белгіленіп кетейік.
domakov91
softzone.kz секілді тек программалауга темір-терсекті араластырмаймыз әртүрлі алгоритмдер, есептерді талдау ,қайырымдылық көмек жас-жігіттерге
Abylai
Іске сәт, осындай жобалар керек
Осыған ұқсас жобалар жалпы ұсынылуда.
Жақында мына IT форум сайты өз қолданушыларын жинап белсенділене түсер, сосын Елдес Қайсар деген жігіттің Astana Internet Forum-ында ұсынылған IT қауымдастығы да жақында жарыққа шығар деген үміттемін.
domakov91
Ереке-Ену, Абылай,QWENWI ,Al-Aster осында шыққан постарынды сайтқа салуға қалай қарайсыңдар.Сайт әзірге 80 пайызға дайын
Abylai
сілте, ол жаққа да жазып тұрайы(н?қ?)
domakov91
рахмет хостинг пен Доменнің шаруасын шешіп алайын сосын сілтемесін таратармын
Korkem
Мына постты қазір көрдім. Түүһ, сонша алыстап кеткенім-ай, бірақ реалдағы өмір тамаша ғой))
Жақсы жазыпсыз, қызықты.
AKA
«Сіз» деп, сызыла қалуын
Korkem
қой, ЕрекеЕнуге сен деген жерім жоқ еді)))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.