Астанадан сөйлеп тұрмыз (с)

Көңіл үшін _ . . . /
Сәлем, оқырмандарым! Көптен пост жазбай кеткенімен кешірім сұраймын. Жеке өмірімде біраз (толық) өзгерістер болып, қолым тимей, арасында мүмкіндігім болмай кетіп еді.

Астаналықтарға күшті жаңалығым бар, түйіншегімді түйіп, көктем кеш келетін © қалаға қоныс аудардым :)

Сонымен, кішігірім репортаж:

Астанада қара суық, жел. Алматыда күн жылынған кез еді. Астана қарымен қарсы алған болатын. Шошыған жоқпын, Алматыда да көктемнің ортасында қар жауатын.

Астанада қолшатыр ұстай алмайсың. Желі қолшатырыңмен бірге өзіңді ұшырып кете жаздайды. Сәнделіп, шашыңа укладка жасауға да болмайды. Жел әдемілеп укладканы өзі-ақ жасап береді. Очм, шашты буып жүре берген жақсы( әрине, мен сияқты жұмысқа жаяу барып келетіндер үшін).

Таңертең жұмысқа барар жолда.



Өткенде Алматыдан профессор ата келіп, Абаймен күтіп алып, қыдырғанбыз:





Ақордаға барар жолда



Атаны Қазмедиа алып келдік:



Мына макетті енді ғана көрдім, Бәйтеректе:



Абаймен, ағылшын ата кучт түсіріпті))))))



Бір күні жұмыстан шықсам, жер су. Жаңбырдың қашан жауғанын білмеймін. Сыртқа қарауға уақыт болмады ма, байқамадым ба, білмеймін. (Әйнек қой енді ғимарат)



«Көрмеде» көрме өтіп жатыр екен. Мына гүлге назарым түсті. Ерекеше екен.



Мына екі қаламды да Астанаға келгенде алдым. Қалай байқамағанмын, неге алмағанмын? Екі шараға да қатыстым ғой :(



Астанада жасаған алғашқы сущи. Мерекелеріңізбен! Корей халқының ұлттық тамағы:)



Жаңа ұжыммен алғаш демалуға барғанымда:



Біз әлі осылай киініп жүрміз: пальто, баста шапка (қалпақ, бас киім, малақай, шапкі) :)



Әлі де жазармын, бұйыртса!

27 пікір

Korkem
сенің қасыңа барғым келет
qyrmyzy
Келіңдер, құшақ жая қарсы аламыз)
mairosh
Абаймен шынымен күшті түсіпсің:)
qyrmyzy
:)кеше ол маған серенада айта жаздады :)))
yesbolat83
Сайындай кең даламның көркін келтірер қырмызы гүліндей сайтымыздың ажары кіргендей болдығо сенімен қайта қауышып. Жиі кіріп, тамаша жазбаларыңмен қуантып тұрғайсың.
qyrmyzy
Рахмет үлкен. Қала ауыстыру, орта ауыстыру, жаңа жұмыс, ауа ауыстыру біраз қиынға соқты. Әйтпесе, өздеріңізбен біргемін!
ZevsKO
Өзгеріпсің. Тұйықтаусың
ereke_enu
Қош келдің!!! Қашан кетесің?)
Үйге келіп қонақ болып кетіңдер)) Сіздер үшін қуаныштымын.
qyrmyzy
Астаналықтарға күшті жаңалығым бар, түйіншегімді түйіп, көктем кеш келетін © қалаға қоныс аудардым :)
MSHERIMBEK
Жаннеееееееееееем :) Бәрің Астанаға кетіп :( Кім келеді Шымкенткееее :(
qyrmyzy
Сен жетіп, артыласың Шымкентке .)
p689606
Omirinizde jaksi ozgeris bolganga uksaidi. Tek kana sattilik! :)
Chimaq
Wa....!!kuchti eken !:):)
qyrmyzy
Әпкее, рахмет үлкен! көрінбей кеттіңіз ғой :(((((
AyKoN
сізді сағындыыыыыыыық((((
qyrmyzy
ии, кідай-ай
ZevsKO
Астананың суық ауасы көңіліңді құлазытып жүрген жоқ па? Саған тек қана сәттілік тілеймін!
qyrmyzy
;)Солай көрінетін шығар :)
pari
Астанаға тастай батып, судай сініңіз)
qyrmyzy
Рахмет, балақай)
Jako
Қап, білмегенім-ай,26-27 сәуір Астанада болып Абайды Алматыда ма деп ойлап едім, білгенімде жолығып дидарласа кетер едім.
VVVWWW
Қазмедиа керемет жаңалық ойлап тауыпты ғой, епті (тумбочка+кухонный стол) два в одном......қарап риза болып қалдым!!! (ол жаңалыққа патент алып ал)
Әзіл ғой, қайда жүрсең де бақытты болшы, жұмысың құтты болсын
Соңғы өңделген уақыты:
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.