Туфли оқиғасы.

Көңіл үшін _ . . . /
Ертең болатын тойдың қамы Асқар үшін әлдеқашан басталып кетті.Қазірден бастап туфлиін қайта-қайта сүртіп, майлап қояды.
Жаңа кешкі ас ішілген соң, дастархан басында әкесі:
—Оу, амандық болса ертең қалада той болады, сонда барармыз,-деген.
Енді міне Асқар да еріп бармақшы.Қалай бармасқа!? Көрші Сәттібектің су жаңа «шохасы» тұрса.Дайын көлікпен барып қайтада да.
Жатар кез болды.
Асқар сабақ оқуға арналған орындығында ойланып отыр.Алдында дәптер-қарындаштары, бесінші сыныпқа арналаған оқулық- кітаптары тұр.
Тойға не кием деп уайымдамайды.Мектепке киіп баратын кәстөм-шалбары дайын тұр.Әне ол- жинаулы көрпе-төсектің үстіне жайып тасталған.Ақ жейдесі енді шамалы ескілеу, жағасы мұқалған.Әй бірақ кәстөмнің ішінен білінбейді да ол.Бәрінен бұрын туфлиіне келіп қарай береді.Осы туфлиімен қатып кетем деп ойлап, ертеңгі болатын тойды көз алдына келтіреді, елестетеді,қиялдайды.
Туфлиіне тағы келіп, майлап сүртіп қойды.
Ұйқы келу қайда? Ертең қалай да болмасын әкесін көндіріп, қалалық паркке алып баруын өтінеді.Теледидардан көрсететін небір аттракциондарды бұл да өз көзімен парктен көретін болады.Түу, неткен қуаныш! Тезірек таң атса екен.
Тойдың болатынынан боладысы қызық демекші.
Бол-әй, бол,-деген дауыстардан оянып кетті.Ғажап! Таң атыпты.
Жол ұзақ.Барғанша кеш болады, сондықтан ерте бару керек.Сәттібек көлігін дайындап, көшеде сақадай сай тұр.
Түнімен ұйықтамағаннан Асқардың көзі ісініпті.Міне, ендігі мұз болып киініп алды.Тек туфлиін жалтыратып сүртіп кисе болғаны.
Әкесі, шешесі, Асқар үшеуі көшеге шығып еді, Сәттібек әйелімен,үлкен баласы,үшінші көшеде тұратын және екі кісі отыр екен мәшинеде.Бәрі еңгезердей.Көк шоханың арты отырған.
Міне қызық.Жағдай осылай болды,әлгінің көлігі бұзылып бізбен мінгесіп бармақшы,-деп Сәттібек оттап тұр.
Қап! Мынаны ай, а.Асқар сыймай қалатын болдыма, ей?
Сонымен не керек,әкесі қысылып-қымтырылып көліктің бір бұрышына әрең сыйысып жүре берді.
Шешесінің онсызда барғысы жоқ еді,әй осы дұрыс болды деп күңкілдеп,үйіне қарай кіріп кетті.Күнделіті күйбең,қыруар тірліктері күтіп тұр оны.
Ал Асқар қаққан қазықтай әлгі көлікті көзімен ұзатып салып тұр, ол көлігі бірте-бірте көзден ғайып болды.Бір сәт туфлиіне қарап еді, демнің арасында шаң басып қалыпты.Бұл сірә асыққаннан болса керек.

5 пікір

yesbolat83
Асқарға машинадан орын жетпей қалғанына көңілімнің түсіп кеткені. Автор, бір нәрсе ғып отырғызып жібермедің бе? )))
Түнімен дайындалған еңбегін-ай, бүлдіршіннің.
Жақсы жазылған. Керемет. Осындай шығармаларыңмен жиі бөлісіп тұрғайсың.
kozha_maktanshak
Асқарға машинадан орын жетпей қалғанына көңілімнің түсіп кеткені. Автор, бір нәрсе ғып отырғызып жібермедің бе? ))) Тегінде қандай да ұсақ жазба болсын, оның міндетті түрде бір кішкене есте қалғыш тұсы болмайма!? Өзімше солай жасаған түрім еді.
yesbolat83
Олай болса сенің қолыңнан келді.
Delfina
Жас баланың көңілің қалдырғанын дұрыс болмаған екен) Ал былай керемет жазылған.
arailym97
Жақсы жазылыпты, білесіздер ме, маған бұл жағдай кішкене болса да, таныс сияқты… Білмеймін, кішкентай кезімде болған шығар.Бірақ, шынында да, жас балаға жаным ашыды.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.