Атамыз қалай тірі қалды?

Күле отырайық /
Менің атам соғысқа қатысқан ардагер еді. Сонау Курскі түбіндегі әңгімелерін әңгімелегенде, отыра қалып тыңдайтынбыз. Өзі тоқсанды торып жүрген жан болса да, аздап әпенділеу еді. Әңгімелері аздап шындықтың аулынан алшақ қонса да, біздің қиялымыздың ұшталуына өз септігін тигізді. Сол атамның бір әңгімесін еске түсіргім келіп отыр.
-Сонау қырық төрттің қысы еді- деп бастады атам ешкінің мүйізін ертіп жасаған шақшасындағы насыбайдан атып жіберіп,- біздер шабуылға шығып, немістер қорғаныста бұғып қалған кез. Содан не керек, бір күні кәмәндір үш солдатты қазақтан мені, орыстан Сережа деген сержантты, өзбектен Әкірәм деген ефрейторды шақыртып алды да, жау тылына барлауға жіберді. Онымен барлау сәтті болмай, үшеуміз де жау қолына түстік. Тілімізді ешкім түсінбей, піленге түссек те айналаға ызғар шашып отырмыз (осы жерде атамыз шіреніп қойды). Иттің балдары кілең палиглот, әрқайсымыздың өз тілімізде тергеу ала бастады. Бірінші орысқа келіп, «здаешся» дегенде марқұм Сережа керемет жігіт еді, «нету» деді.«Онда кету» деп атты да тастады. Өзбекке келіп, «беріләрмісән» деді. Әкірәм «Иоқ» деп еді, пох деп тарс еткізді. Кезек маған келді, сүйтіп «берілесің бе» дегенде «жоқ атаңа нәлет» деп айқай салдым, айналайындар деген атам шақшасын іздеп жан жағын қарманды. Әңгімеге кіріп кеткен біз «ойбай ата, ар жағы, ар жағы» деп шулап қоя бердік біз. Кішкене інім тұрып «сонымен ата, сені нестеді» деп еді, «нестесін, атты да тастады» деді де «ой қасқаааа мал кеп қалды ғой» деп атам артына қарайламай жөнеп берді…
Пы.сы. Оқиға ойдан шығарылған. Негізі менің атам баяғыда-ақ соғыстан келмей қалған. Бірақ мында ата кейіпкерді өлтірген себебім, Қырмызы кейіпкерлерді қосатын бірдеңе жазшы деп еді. Сонсоң қосатын ештеңе табылмай, кейіпкерді о дүниедегі майдандастарына қосуды жөн көрдім.)))))))

25 пікір

Karlen
Ия. Жақсы жазасың.Әңгімеңде күлкілі!+1 Мектеп кезіңде әдебиеттен беретін апайдың сүйікті оқушысы болған шығарсың?)))
qazaquly
Онша емес, тек автоматты түрде бес қоя беретін, бірақ бетіме де қарамайтын))))
Karlen
Солай дейсің ғой. Автоматты бес қоя беруі дұрыс екен.
Korkem
муахахах, 1 сәуір үшін тамаша жазылған-ақ екен, дей салмадым бірақ)))) пілусім))
qazaquly
деп тұрып дей салдың ғой, достығымыз үшін, дә?)))
Korkem
енді ди салған жоқпында е, нақтылап тұрып ДЕДІМ)))
qazaquly
Жарайды, онда мененде бір плөс, қарыз болғанды жақтырмаймын)))
Korkem
муахахах, мынауың керемет екен, Айтаберліктердің құлағына таяқ сырға)))
qazaquly
Шыны керек, бұл әңгімені бір жерден естігем, соны өз тіліммен жеткізген түрім ғой, (авторлық құқық туралы заң, мұны да айтқыздың ау)))))
Karlen
Базар жоқ жарайсың.
qyrmyzy
осы айтам ғой саған пилусімді бердім деген жәмән естиледі, міндетсіп берген сияқтыыыы
Korkem
не десеңде деп қойып едім, айтқан сөзім — атылған оғым еді
dimash
бұл мүмкін емес, атып тастаса қалай тірі қалады сонда…
Korkem
Қазақұлының бір жерде естіп қалған қияли ертегісі да ойдан жамап алған ық-ық
qazaquly
Неғыласың, осындай нәрселерді миға сіңіре алмай, ойланып ойланып білімді болып шығады ілң ақ ық ық
dimash
ойдан шығарды ма әлде болған оқиға ма әйтеуір бір күлдім))
qazaquly
Пы.сы. Оқиға ойдан шығарылған. Негізі менің атам баяғыда-ақ соғыстан келмей қалған. Бірақ мында ата кейіпкерді өлтірген себебім, Қырмызы кейіпкерлерді қосатын бірдеңе жазшы деп еді. Сонсоң қосатын ештеңе табылмай, кейіпкерді о дүниедегі майдандастарына қосуды жөн көрдім.)))))))
Соңына дейін оқуыңды жік жапар болып өтінем)))
Sabions
шағын әнектен үлкен әңгіме шығарып…
VVVWWW
Маған ұнады, сөз саптауы жақсы екен
qyrmyzy
ық ық, рахмет!
mairosh
)))))) күлдірттің рахмет
Togzhan
Атаңыз бір жол тауып кете ме, не етеді екен деп ойлап ем?)))
qazaquly
Ол кісіге фашестен емес, немерелерінен жол тауып кету қиын боп тұр ғой, қарағееем))))
Togzhan
Соны айтам, немерелерінен жол тапса, фашистен де жол табар еді)
qazaquly
Бірақ, пәшестерге қойға барып келем деп айта алмайды ғой)))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.