Қожанасырдың айтқандары

Күле отырайық /
Бір күні Қожанасыр басына сәлде орап шығып, базарға барған екен. Сонда біреу;
-"Қожеке мына хатты оқып беріңізші" деп жалынған екен.
Қожекең; Мен хат танымаймын, оқи да алмаймын десе, басыңызда сәлде тұр ғой, қалай оқи алмайсыз деп тыныш бермепті.
Сосын Қожекең басындағы сәлдесін шешіп, жігіттің басына кигізіп ашуланып;
_«Мәселе сәлдеде болса, мә, өзің оқы»- деп кетіп қалыпты.

Қожекең бір күні атты көріп, атқа мінгісі келіп, міне алмапты; Сонда Қожекең; Әттең кәрілік депті.
Сонда жан жағына қарап өзіне өзі; Жас кезіңде де оңып тұрғаның шамалы депті.

Қожанасыр қатты сырқаттанып қалып, көрші әйелдері көңілін сұрауға келеді, Қожекең тәуірленіп бастаған екен. Сонда көрші әйелі қалжыңдап;
_«Тез жазыл, өмірің ұзақ болсын. Егерде анау мынау боп кетсең, не деп жоқтайық сені, алдын ала бізге айтып қой»- дейді.
Ауырып жатсада Қожекең;
_"Қайран Қожа, қыз келіншектермен ойнап күліп құмарынан шыға алмай кетті ау"- деп жоқтаңдар депті.

Бір күні Қожекеңнің иті өліп қалыпты. Сонда 3 жолшыбай Қожекеңнің үйіне келіп соғып айтады;
-«Оу Қожеке итіңіз қайтыс болыпты, арты қайырлы болсын»- депті. Сонда Қожекең саспастан;
-"Әй бәйбіше Ақтөстің достары келді, дастарханды жай, шәй берейік, бәсе кеше сендер келмеген соң күтіп ұлыды ғой"- депті.

Қожанасырдан жұрттар сұрақ қойыпты;
-«Жүзге келген адамның әйелі бала таба ма?- деп сұрапты. Сонда Қожекең;
-»Егер жас көршілері болса әрине табады"- депті.

2 пікір

Sabions
"Қайран Қожа, қыз келіншектермен ойнап күліп құмарынан шыға алмай кетті ау"
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.