Қызықты

Күле отырайық /
Көшедегі кездесу;
-Қарындас телефоныңызды бересіз бе?
-Бере алмаймын.
-Бере салыңызшы енді…
-Оны қайтесің нөмірімді?
-Шұғыл шаруамен әйеліме хабарласуым керек еді…

Сұрақ жауап;
-Алматыдағы метро қашан салынып бітеді?
-Ол әкімнен әкімге мирас болып қала бермек…

Темекі қорабының сыртындағы жазу;
«Бұдан былай Денсаулық сақтау министрлігі темекінің сіздің денсаулығыңызға зиян екендігін ескертпейді. Біз айтып айтып шаршадық...»

Мейрамханада;-Даяшы, маған сорпа әкеліп беріңізші.
-Қымбатынан ба, арзанынан ба?
-Арзанырағы болады.
Сәлден соң;-Мына сорпаның дәмі біртүрлі ғой
-Өзіңіз арзанырағына тапсырыс берген
-Қымбатының мынадан не айырмашылығы бар?
-Қымбат сорпа кешегі, арзаны өткен аптаныкы…

Апатқа ұшыраған тікұшақтың қара жәшігінде сақталған соңғы жазба;
"Әке мен айдап көрейінші..."

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.