Қызықты

Күле отырайық /
Пойыздың купесіндегі оқиға;
-Бауырыыыыым, неменеге айқайлай бересің, а?
-Мен әншімін. Астанаға концерт қоюға бара жатырмын. Маған біраз дайындалу керек.
-Олай болса, мен де дайындалайын.
-Сен де әншісің бе?
-Жоқ, боксшымын…

Психологиялық тест;
«Барлық еркектер пен әйелдер үнемі сол туралы ойлайды. сен ойламаймын деші...»

Түн. Патруль Қызмеркерлері көшеде кетіп бара жатқан жігітті ұстап, тоқтатады;
-Түнде неғып жүрсің? Ұры-қары емессің бе?
-Қайдағы ұры, мен маңызды лекцияға бара жатырмын.
-Түнгі сағат үште қандай профессор лекция оқиды?
-Менің әйелім…

Емханада;
-Дәрігер, менің басым айнала береді.
-Не Үшін?
-Автобус жүргізушісімін.
-Оның қатысы қанша?
-Менің бағытым айналма жолдармен өтуші еді…

-Алло, көмек қызметі ме?
-Ия, не боп қалды?
-Жарық сөніп, газдың иісі шығып тұр.
-Онда дереу сіріңке жағып, газды тауып алып, өшіріңіз…

Тіс емханасында;
-Сізден 20 мың теңге.
-Бір тіске бола, осынша ақша сұрағаныңыз не?
-Мен негізі 2000 теңгеден алушы едім, бірақ сіз қатты айғайлағандықтан, сыртта кезектегі адамдар үйлеріне қайтып кетті.

Емханаға қоңырау шалынып жатыр;
-Дәрігер, көмектесіңіз, мен алтын қасық жұтып қойдым.
-Қашан?
-4 ай бұрын.
-Оған дейін неге хабарласпағансыз?
-Ол кезде ақшадан қысылмаған едім…

2 пікір

User
Енеңнің тасы… нептемо )
m170785
түсінбедім
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.