Өнер адамдарының қызықты оқиғалары

Күле отырайық /
Кенжебек Жанәбілов, Музарт тобының әншісі;
Ауылда бала күнімде, бірде сахнаға шығатын болдым. Не айтатынымды білмей, ойланып таптым. Терме айтатын болдым. Сахнада терме айтып тұрғанмын, сосын микрофоным жерге түсіп кетті. Оны ұялғанымнан алып, қайтадан қалтама салып жібергенім бар. Сол қызық есімде қалған.

Қазбек Әдікеев, Тарлан тобының әншісі;
Менің аңқау мінезім бар.Әншілермен гастрольге бірге шыққанбыз. Соңында Зеленый концерт деп барлығымыз қалжындасып, ойын ретінде өткізетін әдетіміз бар. Бір ауылға келдік. Концерт қойдық. Әншілер бір бірімен әзілдесіп жатыр. Кезек маған келді. Жүргізуші хабарлады Қазақконцерттің әншісі Олжас Сүлейменов деп. Мен болсам Қазбек не Олжас не кім біліп жатыр деп шығып кеттім. Әнді қобыздың сүйеумелдеуімен орындаған сон орындық алып шығу керек қой. Халыққа иілдім де, отырайын десем, Сәкен мен Мейрамбек ауылдың клубтарында тұрған бір біріне жабысқан 3 орындықты алып, сүйретіп келді екеуі. Өзі шаң тозаң. Елдің бәрі күліп жатыр. Мен не қыларымды білмей тұрмын. Екеуі орындықты тарс еткізіп лақтырып қоя салып кетіп қалды. Жалғызбын, елдің бәрі күліп жатыр. Орындық қобыз ұстауға ыңғайсыз. Қисайсам ары құлайды. Бері қисайсам бері құлайды, құлайтын сияқты. Әйтеуір күлкімен зорға орындап шықтым.

Кенжебек Жанәбілов;
Алғашқы махаббатым болған мектепте. Мен 2 қызға хат жазып, ақыр аяғы екеуінің де маған келіп ұрысып хатымды бетіме лақтырып жіберген. Ол қыздар қазыр тұрмыста.

1 пікір

Jako
Өнер адамы деген тек әу дейтіндер ма өзі, кешірім сұраймын, мен де қазақтың ең алғашқы термешілерінің бірімін.Көре алмай жатқан түгім жоқ дегенім ғой.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.