Күліп отырыңыздар

Күле отырайық /
Кондуктор жолаушыға;
Автобус әлі тоқтаған жоқ, өле алмай жүрсіз ба, сонша асықтыңыз ғой?
Ауруханаға тез баруым керек еді!
А! Онда секіре беріңіз, ақыры сол жаққа бара жатсаңыз.

Бойжеткен қызды мәшине қағып кетіпті. Полиция келіп сұраққа алып жатыр;
Өзіңізді қаққан мәшиненің түсі мен нөмірін көре алдыңыз ба?
Жоқ, тек рөлде отырған албастының үстінде қызыл жейде, мойнында алтын алқасы, күміс сырғасы, баласы бар депті.

Тоқтап тұрған пойызға кіріп, қызын іздеп жүрген орыс әйел;
Констанция, Констанция деп айғайлай беріпті
Шыдамы таусылған шал;
Әй бала! Қай станция, Қай станция деп миымызды жедің ғой, тегі. Бұл Түлкібас ал! Не істейін деп едің депті.

Есіктің астындағы жазу; Біз бәріін жөндей аламыз!
Жақшаның ішінде; Есікті қағыңыздар қоңырау істемейді.

Кешіріңіз қарындас, егер сіздің қалпағыңыздың үстіне біреу отыра кетсе не істейсіз, не деп айтасыз?
Оңбаған, жынды, топас, нақұрыс!
Болды жетер, ендеше, орныңыздан тұрыңызшы, қалпағымды алайын…

Күйеуі әйеліне;
Ойбай, байқа. Анау жұмыртқаны жөндеп қуыр. Төңкеріп алма, абайласайшы. Майды көбірек құй. Аударып төңкер, май құй, әйтпесе жабысып қалады.Тұз салуды ұмытпа, өмірі тұз салуды ұмытып кетесің, тұз сал бол, күйетін болды. Абайла, айттым ғой абайла. Бол тұз сал.
Әйелі;
Саған өзі бүгін не болған? Бұлай араласпайтын едің ғой?
Күйеуі;
Ааа, қалай екен? Мен өз көлігімді айдап отырғанда, сен де осылай миымды ашытасын ғой!

Әкесі мен қызы;
Әке, бензинді көп ішкен машина кейін өскен соң автобус бола ма депті.

Әйелі мен күйеуі серуендеу үшін қаладан шығып бара жатып, әйелінің айқайлаған дауысын естиді;
Не болды?
Кері қайттық жүр! Мен үтікті суыруды ұмытып кетіппін, үй өртенетін болды.
Қорықпа, мен болсам ваннадағы суды өшіруді ұмытып кетіппін.

Мұғалім оқушысына;
Сәрсенов, қайталап сұраймын, мына шығарманы саған кім жазып берді?
Білмеймін апай! Мен ерте ұйықтап қалғанмын

Бір бейбақ кемпірдің тұрмысқа шықпаған 3 қотыр қызы болыпты. Бірінші қызының маңдайы, екінші қызының қолтығының асты, үшінші қызының 2 қолтығының асты қаси береді екен. Сонда 3 қызына жігіт тауып, қыздарына ұрсуда;
Қазыр сендердің болашақ күйеулерің келеді, сонда келгенде, ең болмаса 1 сағаттай қасынбай тұрыңдаршы, жарайма? депті
Аялдамада 1 сағаттай күтіп, жігіттері келіп, аялдамада амалдары таусылған қыздары, сонда белгімен қасына бастайды
1 қызы қолтығының астын қасып, белгімен келтіріп қолын шошайтып; Әне автобус, әне автобус
2 қызы маңдайын; Кәне автобус, кәне автобус
3 қызы екі қолтығының астын қасып; Кеттік қалдық, кеттік қалдық, өтіп кетті, өтіп кетті депті.

4 пікір

AKA
Алғашқыларына күле алдым.
m170785
енді басқаларына күліп қаларсыз
kuka097
вахахахаа керемет әзілдер, бір күліп алдым)
followme_alik
«на любителя» _)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.