Күлгің келсе...

Күле отырайық /


Қыз бен жігітке байланысты

Бір жігіт қызына сүйетіндігін былай білдіріпті.
— Сен мен үшін өте қымбатсың! Тіпті, коммерциялық дүкеннің бағасынан да.

***
— Мен ажырасып келген келіншекке үйленгім келіп жүр.
— Е, неге?
— Қазір неке жүзігінің өзі 6-7 мың тұрады.
Ал онда бұрыннан бар ғой.

***
Бір жасқаншақ жігіт қызына келіп, сүйетіндігін білдірмек болып, бас бармағын бүгіп, қалған төрт саусағын жерге тигізіпті.
— Екеуміз осылай жүрсек қайтеді, — депті.
Қыз түсінбей:
— Сен менімен келіспей жатып, әлгі екі баладан дәмең бар ма?
— Қайдағы бала? Қолтықтасып қатар жүрсек дегенім ғой.
— Төрт саусақ екеуміздің аяғымыз емес пе?

***
— О, Сүйіктім! Қашанғы жалтара бересің? Сен деп сабырым сарқылып бітті.
— Сабырың сарқылса, орнына гүл ек. Кейін кез келген қызға ұялмай, сыйлай беруіңе болады.

***
— Мен сені күнімдей көрем. Сен менің аспанымда жарқырап туған жарық жұлдызсың!
Қыз мұның бәрін үнтаспаға жазып алды да, өзіне көрсетті.
— Мұның не?
— Егер сен де алдап кететін болсаң, маған тыңдап отыратын ермек керек қой.

***
Бір жігіт қызға сүйетіндігін білдіріпті.
— Мен сені Ләйлі мен Жібектен бетер сүйем.
— О, арам-ай. Менен де бұрын қыздарың болған екен ғой.

***
— О, сүйіктім! Сен маған қандай жаза қолдансаң да ризамын.
— Жарайды. Онда мен сені басқа біреудің жүрегіне жер аударамын.

Студенттерге байланысты

Бір сөзуар лектор:
– Жаныңдағы жолдасыңды оят, — дейді бір тыңдаушыға.
Сонда ол:
– Ұйықтатқан өзіңсің, өзің-ақ оята ғой, — депті.

***
— Білмеймін неге екенін, баламыздан көптен бері хабар болмай кетті.
— Демек ақшасы жеткілікті болғаны ғой.

***
Бір студентке мұғалім:
— Оқуға қалай түскеніңді білмеймін. Бұл барысыңмен талайдың шашын ағартатын шығарсың?..
— Қалай түскенімді білмеймін. Менің де шашым ағаратын шығар.

***
Мен академиялық демалыс алсам ба деп едім?
— Ауырып жүр ма едің?
— Жоғ-ә, келесі жылы стипендияны көбейтетін көрінеді.

***
— Үшінші курстағы Гулькамен қалай тіл табысуды білмей жүрмін.
— Ол оңай. Ағам темекі фабрикасында істейді деңіз.

***
Бірінші курсқа жаңа түскен төрт жігіт бірер аптадан соң былай келіседі:
— Қызға қырындағанда бір-бірімізге кесіріміз тимес үшін осы бастан келісіп алайық.
— Онда Майгүлге мен барамын.
— Ақгүл менікі болсын.
— Сартгүлге тиісуші болмаңдар,- деп үшеуі курстағы әдемі деген қыздарды өз ара бөлісіп алды.
— Төртіншісі үндемейді. Оған жолдастары:
— Сен кімге барасың?
— Сендерге көнбегеніне.

Адамның мінез-құлқына байланысты

Түрмеде отырған адам абақтыдан қашып кетіпті.
Оны ұстап, түрме бастығына алып келеді.
Түрме бастығы:
— Түрмеден неге қаштың? – деп сұрайды.
— Үйленейін деп едім.
– М – м – м..., дейді түрме бастығы, — сенің бостандық туралы түсінігің қызық екен.

***
Жұмыстан мас болып оралған күйеуіне әйелі айғайлай бастайды.
Күйеуі:
— Маша, сен айтатыныңның бәрін қағазға жаза салшы, мен оны таңертең тұрғанда оқып аламын.

***
Шешесі:
— Мынау менің туған балам! Сондай мазасыз, тілазар болып өсті.
Баласы:
— Мама, сен өзің мазасыз, тілазарсың! Сенің осындай екеніңді білгенде, мен папамды саған үйлендірмес едім.

***
Слесарь кемпірдің ваннасын жөндеп берді де, кемпірге:
— Ал, апа, сізден бір бөтелке! – деді.
Кемпір:
— Балам, ақшалай-ақ берейін!
— Жоқ, апа, болмайды, мен ақшаны ішіп қоямын.

***
Естідің бе, көрші ауылдағы Иван бақытсыздыққа ұшырады.
— Оған не болыпты?
— Менің әйелім соған тиіп алыпты.

***
Қыз жігіттен:
— Менің туылған күніме қандай сыйлық жасайсың?
— Үлпілдеген бетіңнен сүйемін.
— Ал, мен рұқсат бермесем ше?
— Онда жүре бер сыйлықсыз…

***
Үй иесі қонағына:
— Сіз менің әсем де кербез әйеліммен танысып үлгердіңіз бе?
— Әсем де кербез дейсіз бе?
Не сіздің екі әйеліңіз бар ма?

***
Екі еркектің әңгімесі:
— Сен көшеден әдемі келіншек көрсең, ең бірінші қай жағыңа қарайсың?
— Жақын маңда әйелім жоқ па екен деп жан-жағыма қараймын.

***
Екі көрші сөйлесіп отыр.
— Менің итім топастың топасы. Кеше кешке аяқ киімімді әкел деп бұйырсам тыңдамайды. Өзінше ас үйде борщ пісіріп жүр.

Мамандыққа байланысты

Белгілі бір актриса невропатологтың қабылдауына келеді.
— Сіз ол үшін пәтеріңізді ауыстырып көріңізші.
— Пәтерімді бес рет, машинамды үш рет, күйеулерімді жеті рет ауыстырғанмын. Енді нені ауыстырарымды білмей жүрмін.

***
— Ол философияны ішіп алған.
— Бәсе, жаңа аузынан “материяның иісі” мүңкіп тұр еді-ау.

***
— Қарындас сіздің әдемілігіңіз бен ақылдылығыңызға сөз жоқ. Тек айтыңызшы, машинка баса білесіз бе?
— Оны неге сұрадыңыз?
— Түбі бастық боп кетсем, хатшылыққа сенімді өз адамым болу керек қой.

***
— Алло! Бұл жедел жәрдем бе?
— Иә, сізді тыңдап тұрмыз.
— Тез маған телефон шалыңызшы. Мен ұялы телефоннан қоңырау соғып тұр едім.

***
Дүкен иесі сатушысынан:
— Неліктен мына кәмпиттер бірнеше рет қағазға оралған?
— Білмеймін.
Сонда жанында тұрған қызы:
— Оны біз сорып көріп, қайтадан орағанбыз…

***
Бір шал теледидарын жөндеуге әкеліпті. Мастер қосып көрсе, теледидар жап-жақсы көрсетіп тұрады.
— Ата, мұның қай жерін жөндеу керек?
— Балам, ана сабанхананы өртеп жүгіріп шығатын қыздың киносы бар ғой. Соны көріп отырып, мық шегені алып құлағымды шұқып едім, бірден дауысы өшіп қалды.

***
— Сатушы жолдас, мен сізден Голландия ірімшігін сұраған сияқты едім, сіз маған Швейцария ірімшігін өлшеп жатқаныңыз не? – Сіз не, бұл ірімшікті әңгімелесу үшін алып жатырсыз ба?.. – Ал, анау прянигіңіз ескіріп кетпеген бе? – Ескірген, көгерудің аз-ақ алдында тұр. Жанындағы печенье ше? – Жо-жоқ!.. Оданда прянигті алғаныңыз дұрыс…

***
— Алло! Сәлеметсіз бе?
— Саламатсыз ба!
— Бұл Жетісу әкімшілігі ма?
— Иә.
— Сіз хатшысыз ба?
— Жоқ, мен секретарьмын.

Мектеп оқушылары туралы

Мұғалім оқушыларға тасбақалар жөнінде сұрақ қоюда.
— Балалар, суда да, құрлықта да өмір сүре алатын тіршілік иесін айтыңдаршы?
— Матростар.

***
Теңізшілер мектебінде емтихан жүріп жатады.
Мұғалім шәкіртіне:
— Егер оң жақ боран дауыл келіп ұрса, сен не істейсің? – дейді.
— Дереу зәкір тастаймын.
— Сол жақ боран ұрса ше?
— Ол жаққа да зәкір тастаймын.
— Құйрықтан ұрса ше?
— Оған да зәкір тастаймын.
— Тұмсықтан ұрса ше?
— Оған да зәкір…
— Сонша зәкірді қайдан аласың?
— Ал сіз сонша дауылды қайдан аласыз?

***
— Біз ана қыз екеуміз бір партада отырдық, сосын үйлендік, сосын балалы болдық.
— Сосын не болды?
— Сосын бізді мұғалім басқа парталарға бөліп жіберді.

***
— Балам, жақсы оқысаң компьютер сатып алып беремін.
— Жаман оқысам ше?
— Онда пианино сатып алып беремін.

Отбасы туралы

Бір үйде егіз бала дүниеге келіпті. Далада ойнап жүрген бес жасар бала, үйге келгенде, мамасының қолындағы егіз баланы көріп:
— Мама, мыналардың екеуі де біздікі ме, әлде біреуін таңдап аламыз ба? – депті.

***
Жандос ваннада жатып айқайлайды:
— Папа, маған қандай көйлекті дайындап қойдыңыз? – Қазір жаз уақыты ғой, қысқа жеңдісін. Ал, оны неге сұрадың?
— Мен қолымды қай жерге дейін жуу керектігін білейін деп едім.

***
Әйелі күйеуін жерден алып, жерге салып жатыр. – Оңбаған, ит, қасиетсіз… Кетемін бұл үйден. Билетке ақша бер. Шешеме барамын…
Күйеуі ақша ұсынады.
— Оңбаған, ал қайтар жолға ше?..

***
Қызы үйіне телефон шалып: — Әке, мен күйеуге шықтым, — дейді.
— Ештеңе білмеймін, кешке үйде болатын бол.

Өзге ұлт өкілдеріне байланысты

Кешкі апақ-сапақта есік қағылады. Үй иесі ашса, алдында бір еврей тұр екен. — Кешіріңіз, кеше менің баламды құдыққа түсіп кеткен жерінен шығарып алған сіздер ме? – деп сұрайды ол.
— Иә, біз, — дейді үй иесі.
– Онда баламның бас киімі қайда?..

***
Екі жапондықтың әңгімесі:
— Мен уысыма қандай зат жасырып тұрғанымды таба аласың ба:
— Телевизор шығар.
— Дұрыс таптың. Ал неше телевизор екенін тапшы.

***
Шетелдіктерге қазақ тілін үйрету курсы жүріп жатыр:
— Мынау үстел.
— Иә, мынау үстел.
— Мынау орындық.
— Иә, мынау орындық.
— Ал, мынау не?
— Иә, ал мынау не?
КТК үзінділері (қазақи қалжыңдар)

Жолдас жігіттер ауылдан келген Әбілге:
— Барып такси алып кел, біз осында күте тұрамыз, -депті.
Әбіл таксиді тоқтатып, алдына түсіп жүгіріп отырып, жолды көрсетіп алып келіпті.
— Сен неге таксиге отырып келмедің? –деген достарына:
— Мен таксиге отырсам, жолды кім көрсетеді? – депті.

***
— Алло, апа?
— Бұл қайсың, ей?
— Мен ғой, немерең Нұрдәулет!
— Қайда жүрсің, ей?
— Алматыда оқып жүрмін ғой, 4 жыл болды.
— Бәсе, үйде көрінбейсің.

***
— Жасұлан сен білесің бе, мен Дженифер Лопестің сабыны болғым келеді. Оның шоколадқа ұқсас денесімен төмен қара сырғып…
— Марат, Дженифер Лопес кір сабымен жуынбайды ғой.

***
— Нұрлан айтшы, осы отырыстан кейін қыздарды қайда апарамыз?
— Марат, қыздар деген гүл ғой.
— Иә.
— Гүлдерді қайда отырғызады?
— Горшокқа.
— Онда сол горшокқа отырғызамыз.

***
Аяз ата келіп тұр,
Бізге сәлем беріп тұр.
Келмесеңіз болмайды,
Онда шырша жанбайды.

***
Осыдан алты ай бұрын тоғызыншы қабаттан құладым. Қол-аяғымды сындырып, басымды жарып, ішек-қарынымды ақтарып алдым. Бірақ бетім сол қалпы. Рахмет, саған Dоve.

***
— Қарындасым, менің саған сыйлығым бар.
— Қандай?
— Сен оны бірінші қолыңа алған кезде тық-тық еткізесің. Ашып көргенде – уау дейсің. Дәмін татқан кезде — ым-м дейсің. Қарындасым, айтшы ол не?
— Киндер сюрприз!
— Бәле саған, ол — насыбай.

***
ЖенПИ-де жаңа жарнамалық акция өтті.
Бір қызын алсаң екіншісі тегін.

***
— Мен әулиемін. Мен болашақты болжаймын.
— А?
— Қазір сенің артыңнан біреу тебеді. (Артынан бір тебеді)
— Кім?
— Мен!
— Әулие…

***
— Талғат, давай, менің қызыма звондайық.
— Давай.
— Алло, саламатсыз ба? Әлия бар ма?
— Әлия шығып кетті.
— Қайда шығып кетті? Шақырып жібересіз бе?
— Күйеуге шығып кетті, күйеуге.

***
8 март қарсаңында Шымкент пен Талдықорғанның қыздары төбелесіп, нәтижесінде Тараздың жігіттері таяқ жеп қайтты

2 пікір

Sabions
Бір жасқаншақ жігіт қызына келіп, сүйетіндігін білдірмек болып, бас бармағын бүгіп, қалған төрт саусағын жерге тигізіпті.

қол ұстасып дегеннен кейін түсіндім ") (біреуде бар, біреуде жоқ ") (логично)
***

Бір шал теледидарын жөндеуге әкеліпті. Мастер қосып көрсе, теледидар жап-жақсы көрсетіп тұрады.
— Ата, мұның қай жерін жөндеу керек?
— Балам, ана сабанхананы өртеп жүгіріп шығатын қыздың киносы бар ғой. Соны көріп отырып, мық шегені алып құлағымды шұқып едім, бірден дауысы өшіп қалды.
не реально… құлағы естімейтін болды… «ата, мұның қай жерін жөндеу керек» деген сөзді естімес еді…

соңғы жағы бұрын КВНның әзілдері екен… общем қызысыз
Qarabala_95
Мүлдем күлмедім!!!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.