Жаңылыс жіберілген электронды хат

Күле отырайық /
АҚШ-тың Калифорния штатында болып, тіркеуге алынған уақиға папкасынан үзінді:
Іс сапармен келген бір кісі (адам, пенде) қонақ үйге тіркеледі. Бөлмесіне кіргенде стол үсстінен компьютерді көріп, әйеліне (е-mail) хат жіберуді ұйғарады. Бірақ та жазған хатын өзі байқамай басқа бір адреске жіберіп қояды.

Дәл осы кезде басқа қалада бір әйел, күйеуінің жерлеу рәсімінен үйіне қайтқан болады. Столыныңң үстіндегі компьютерінен өзіне қателесііп келген хатты көреді. Достарының көңіл айтып жіберген хаты болар деген оймен ашқан әйел, хатты оқуымен сол мезетте талып қалады. Бөлмеге кірген анасы жерде жатқан қызын және экрандағы хатты көреді...


Кімге: Сүйікті жарыма
Тақырып: Енді жеттім
Күні:16 мамыр 2004
Менен бұлай хабар алғаныңа қатты таң қалатыныңды білемін. Мұнда компьютер бар екен, сүйіктілерімізге e-mail жіберуге болады екен.
Бұл жаққа енді келдім, тіркеліп кіріп отырған бетім осы. Бұл жерде барлық нәрсе назардан тыс қалмаған екен, ертең сенің де келетінің жоспарға алынып, дайындығы жасалып қойылған.
Сенімен осында кездесуді асыға күтіп отырмын. Мен сияқты сен де оңай жол жүріп келерсің.
Сені сағына күтемін, Күйеуің!

21 пікір

qyrmyzy
Естігенім бар еді…
Jako
Ха-ха-ха,өлдім күлкіден,өмірде неше түрлі нәрселер бола болады екен-ау…
Zhanat
анекдот қой мынау ))))
muazim_2011
қайдағы анекдот Жанат?????
Delfina
Ужыыыыыс, шыныменде мынаны жерлеу рәсімінен кейін келіп оқыған адамда о дүниелік болып кетер.
Jako
Дельфуша қайдасың, сағындық қой.
Delfina
Бұл жаққа енді келдім, тіркеліп кіріп отырған бетім осы. Бұл жерде барлық нәрсе назардан тыс қалмаған екен, енді осында боламын. Сенімен осында кездесуді асыға күтіп жүргем.)))))))))
rauan
тіркеліп кіріп отырған бетім осы
Тіркелген:30 қаңтар 2012, 14:13
хехе))
Delfina
Рауан сенде ерінбейді екенсің. Мен басқа қалада жүргендіктен жай ғана жаза салғам. Көптен бері сайтқа кірмедім.
rauan
Егер ренжітіп қойсам кешіріңіз ))
Korkem
Дельфина, нұрлы бейнеңізді көргеніме қуаныштымын))) Бізбен бірге болыңыз!
Delfina
Көркемка әрине сендермен бірге.
dimash
хехехе))
Не деген сәйкестік десеңші)))
AKA
Әріптерің қос-қос жазылатын болыпты.
үсстінен
Столыныңң
қателесііп
Delfina
Ай, АКА, АКА… көрмейтінің жоқ-ау))))
Karakulov
Ака, дұрыс істейсің. Уақытың болса, менің де шығармаларымды «еттурағышыңнан» өткізіп қойшы.) Адамды деңгейін көтеретін жеген таяқтары да емес пе)
Togzhan
О, Құдайым-ау)
Шығармайтындары жоқ!
Yasin
Бір күні үйге қоңырау соғып келіннен өлген қайнатасын сұрайды сөйтсе келін атам о дүниелік болған деген көрінеді әлгі қоңырау соққан жігіт о дүниге соқтым жоқ деді ғой деген екен
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.