стойку ставьте!

Күле отырайық /
Мектепте енді жұмыс бастған кезім. Бірде тәлімгерімнің бірі Серік ағайыма еріп мектеп ауласында оқшыларды жүгіртуге шықтым. Ағай өзі қадағалап тұрды. Бір кезде ағайдың қасына бір ісі түскен апай келіп өз шаруасын айтып жатты. Осы сәтте жүгіру тапсырмасын аяқтаған оқушылардың бірен-сараны қасымызға келіп ағайдан әрі қарай не істеу керегін сұрастырмақ болғанына Серік ағай :«Стойку ставьте!»-деп бұйырды орысшалатып. Оны естіген оқушылар төбелескелі тұрған адамның тұрысын келтіре бастады. Шетінен бокстан хабары барлығын танытып әлек. Ағай бұларды назардан тыс қалдырып, апайдың сұрағына жауап беріп тұрды. Әлгі балалар тұрыстарынан таяр емес. Бір кезде ағай теріс бұрылып қарады. Таңғалып:
-Не істеп тұрсыңдар?-деп сұрады. Оқушылар:
-Ағай, «вы же сами сказали „стойку ставьте“!-деп жауап қайырды. Ағай сонда:
-Дураки, идите в спортзал волейбольную стойку ставьте!-деп бірақ кесті. Сәл-пәл езу тартуыма бір себеп болды)

2 пікір

AKA
стойку ставьте!
Тақырыбын көріп-ақ әрі қарай оқығым келмейді. Тақырып қою туралы ақыл-кеңестерді оқып шыққан жөн сияқты.
Karakulov
Жақсы, ақылыңыз есте болар. Дәл қазір әр бетті зорға ашып отырмын. Өз үйіме жеткесін сайтты толығырақ зерттермін, Бұйыртса.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.