Күле отырыңыздар

Күле отырайық /
31 желтоқсан. Анасы мен баласы:
Мама, мама, сағат түнгі 11 жарымда Жаңа жыл, жаңа жыл деп айғайлайықшы
Не үшін?
Көршілер жаңа жыл мыналарға жарты сағат бұрын келген екен деп ойлап қалсын депті.

Осыдан 100 жыл бұрын не болғанын білесің ба?
Қазыр, ойланайын. Білмедім.
Ақымақ, 1909ж болған ғой…

Екі алқаштың әңгімесі;
Мен тура үйде барыс сияқтымын
Арпылдап, жүгіріп, бәрінің мазасын алып қуырып бітетін шығарсың онда?
Қайдағы? Сыбысымды сездірмей, төрт аяқтап жүремін.

Түрмеде;
Жаңа жылыңмен депті бірінші тұтқын
Есің дұрыс па? Қайдағы жаңа жыл? Қазыр жаз ғой, қайнаған шілденің ортасы.
Ей кетшей, сені мейрамыңмен құттықтап отырған жоқпын, саған тағы бір жыл қосты, соны айтып тұрмын депті.

МАИ қызметкері мен таксист;
Неге қатты айдайсыз?
Түсінесіз бе, достарыммен жаңа жылды қарсы алып, тойлағанбыз, жудық, солардың қасында біраааз отырып қалдық. Ал әйелім болса сондай қызғаншақ, мені іздеп таба алмай жүрген шығар. Соған асығып келе жатырмын.
Не айтып тұрсыз? Қандай Жаңа жыл Тамыз айында?
Енді… біраааз отырып қалдық деп тұрған жоқпын ба?..

Хабарландыру;
Жаңа жылға тапсырыс. Аяз ата мен Ақшақар 50 доллар, Аяз атасыз Ақшақар 200 доллар.

Аю мен Арыстанның әңгімесі;
Мен ырылдам, дауысымды естісе бітті, бүкіл орман тым тырыс бола қалады. Ағаштардың жапырақтары да түсіп тынады.
Ай сені қойшы, мен айтсайшы, ақырсам болды бір орман емес, Африканың аң құсы ініне кіріп кетеді.
Қасынан өтіп бара жатқан шошқа;
Соны да сөз деп отырсыңдар ма? Түшкірсек болды, бітті. Дүние жүзін дүр сілкіндіріп, дүрбелеңге салып жатырмыз, сонда да үндемей ақ жүрміз ғой осы депті…

Әйелдердің әңгімесінен;
еркектерді түсінбеймін, футболды стадионға барып көретініне. Теледидардан ақ көрмей ме. Мысалы біз телесериал көру үшін Сонааау Түркияға барып отырған жоқпыз ғой осы…

Базардағы әңгіме:
Таразының қасына неге айна қойғансың?
Еее, білмейді екенсің, айнаға көзі түскен әйел өзін көріп, сыланып, қызықтап, алған өлшемін таразымен ісі болмай қалады емес па?..

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.