Туған күн 2012. Қазақстан КВН Одағы ұйымдастырған КВН-ды Қазақстан Ұлттық арнасынан тамашалаңыз.

Күле отырайық /

Қадірлі күлкі сүйер қауым, 7 шілде күні Қазақстан Ұлттық арнасынан кешкі сағат 21.40 уақытында Қазақстан КВН Одағы ұйымдастырған Туған күн 2012 арнайы жобасын көре аласыз. Бұл жоба КВН Одағының 7 жасқа келгеніне арнайы ұйымдастырылды.
Жыл сайын бұл жоба Шымкент қаласында өтетін (мен жыл сайын барып тұратынмын, ал биыл Астанада болғаннан кейін, бара алмадым), ал биыл Астана қаласында өткізілді.
Биылғы жобада үш команда (болашақ, осы шақ және ақсақалдар) өнер көрсетеді. Яғни, күлкінің майын тамызғандар: Дәнекер Оразбай, Абай Аязбаев, Еркебұлан (Кеша), Ералаш секілді ойыншыларды көре аласыз.

Ақсақалдар құрамасы.
Нүркен мен Абай
Туған күн 2012

Айтып өтетін жайт, қайталап көрсетілім 8 шілде, 22-15 те.
Күлкіге қарқ болайық ағайын!

7 пікір

AKA
Рахмееет, жақсы болды ғой, бұйыртса көремін. :)
rauan
ОО Керемет екен, Абай сол әйел болатынын әлі қоймапты =)))
Beibaris
ооо мен көремін
pari
осы 7 шілде керемет болайындеп тұр. Астана уақытымен 14.15 «Алдараспан» жаңа қойылымы болады.Атырау уақытымен 13,15 Және мына Квн.Тамаша күлкіге толы күн болатын сияқты:)))
torpedaip
уау, алдараспан ба? қай каналда болады екен?
AKA
Көрдім, аса қызық бола қоймады, бірақ жақсы.
torpedaip
Біраз жерін қысқартып жіберген
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.