Күле отырыңыздар

Күле отырайық /
Сотта;
Қылмыскер Ботаншиев! Соңғы тілегіңізді айтыңыз
Менің арт жағымнан бір сүйіңіздер!
Мұндай сөзді күтпеген сот, прокурор, күзетшілер, бәрі отырғандар отындарынан ұшып тұрады.
Жәй жәй. Бәрің емес. Кезек кезекпен…

Екі әйелдің әңгімесі;
Мәә, қатты жүдеп кетіпсің ғой, не болды?
Уайымдап жүрмін. Күйеуімнің басқа әйелмен жүріп жүр.
Ұрып соғып, үйден қуып шық.
Болмайды. Ерте қууға. Тағы да сегіз кило салмақ тастауым керек…

Дүкенде;
Не болды? Неге жылап тұрсың?
Мамамнан адасып қалдым.
Адресіңді білесің ба?
Ия! Білем;www.bala.kz…

Жаңадан күйеуге шыққан қыз;
Жаным тұршы енді. Бүгін саған бәліш пісіріп қойдым. Кеше саған өмірімде бірінші рет торт пісіріп бердім, енді осы жеп көр. Ұнаса тағы пісіремін. Тұр бол. Саған не болған? Бірдеңе десеңші! Құдайым ау мына күйеуімді де өлтіріп алдым ба…

Арыстанның баласы бұзақылық жасап, орман сақшыларының қолына түсіпті. Оның шашын тақырлап алып тастап, арнайы аңдар түрмесіне қамап тастайды. Онда отырған аңдар арыстанды танымай, мысық екен деп қалады. Бәрінің көзі арыстанда
Мен мысық емеспін дейді
Бір кезде бір бұрышта бүрісіп отырған тышқанға қарап;
Тышқан мыналарға менің арыстан екенімді айтшы
Бұлар бәрібір сенбейді
Неге?
Өйткені бұл жерге түспес бұрын кірпі болғанмын…

Атасы немересіне;
Балам, сендей кезімде, дүкенге бір соммен барып, екі бөлке нан, сүт, қант алып келетінмін.
Ал қазір олай істей алмайсыз, ақша құнсызданып кетті.
Жоқ, бейнебақылау көп.

Немересі апасына;
Апа ноутбугымды кім тас талқанын шығарған кім?
Құдай ау, ноутбук па еді, мен кеше салмақ өлшейтін таразы екен десем…

Мама папамның шашы неге өте аз?
Ол көп ойлайтын жұмыс істейтін адам
Сенің шашың неге көп?
Көп сөйлеме, тамағыңды іш…

Екі қайыршы;
Маған әрбір Қазақстандық азамат бір теңгеден жинап берсе, миллионер болатын едім.
Маған қытайлықтар жинап берсе, миллиардер болатын едім…

Әйелі күйеуіне;
Мен бір көйлекпен жүргеніме бір жыл болды.
Шырағым, мен де бір жыл бойы бір шұлықпен жүрсем де үндемеймін ғой…

Нашақор дүкенде;
Сізде көкнәр қосылған күлше бар ма?
Ол не тағы?
Булочки с маком
Бар. Қанша аласыз?
Онын беріңіз. Бірақ күлшесі керек емес…

Шымкентте. Алматыдан қыдырып барған екі алматылық жігіт кәуап сатып алып жатыр
Кәуап қаншадан? Қымбатпа?
150 ақ теңге, қымбат емес, тауықтың еті, сиырдың еті, қойдың еті?
Қаншааааааа? депті таңырқап
ааа жоқ, 150 емес, 100тг беремін депті…

Екі алқаш рельстің үстімен жорғалап бара жатыр;
Мынау баспалдағың бітпей қойды
Оны қоя тұршы, бол, артымызда лифт жетіп қалды…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.