күлейікші бір...

Күле отырайық /
ОРЫНДАЛҒАН АРМАН

Жасы алпыстан асқан академиктен:

– Өміріңізде аңсаған армандардың орындалғандары болды ма?­

– Болды, кішкентай кезімде мен сабақ білмесем, оқытушы шашымнан тартатын еді. Сонда мен шашым түсіп қа­лып, басым жалтыр болса деп армандайтынмын…

ҚАҚПАН МЕН ҚАСҚЫР

– Қыз жігіттің жанынан шық­пай, айналшықтай беруі ыңғайсыз көрінеді.

– Әрине, қақпан қасқырды­ айналғанын қашан көрдің.

ЖАҒАЛАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ

Студент қыз құрбысына:

– Кеше бізді жағалап жүр­ген жігіт саған ұнай ма?

– Жоқ, жатқанда қатты қо­рылдайды екен.

КӨМЕК

Оқытушы бірге іс­тей­тін әріптесіне:

– Сен менің баламнан сынақ алшы.

– Өзіңіз ала бер­мейсіз бе?

– Болмайды, мен сынаққа көп сұраймын.

ТОҚТАТУ

– Мен алкоголь мен те­мекінің зияны жөнінде көп оқыдым, енді тоқтатам.

– Сонда темекі тартуды ма, әлде ішімдік ішуді ме?

– Жоқ, олар туралы оқуды тоқтатамын.

ТУРА ТҮСІНУ

Артық ішкен студент жол көлігіне мінеді. Жанында отырған кемпір:

– Балам, сен тура тозаққа барасың!

– Ойбай, онда мен басқа көлікке мі­нейін, өздерің бара беріңдер, – деп түсіп қалыпты

4 пікір

Kan
Әдемі әзілдер екен. Жаңаш барі
banzaika1990
ҚАҚПАН МЕН ҚАСҚЫР
қыз бен жігітке арналған жақсы теңеу екен
maulen
Керемет, бір күліп алдымғой, әсіресе «Тура түсіну» ұнады
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.