Күле отырыңыздар

Күле отырайық /
Сессия. Зоологиядан емтихан. Студент;
Ағай, шын айтайын, дайын емеспін. Келісіп, анау мынауыңызды берейін, бірдеңе қылып, шешейік дейді.
Жақсы, онда мен саған 3 сұрақ қоямын. Әр сұрақ 1000тг. Дұрыс жауап бере алмасаң, мың теңгеден үстелге қоясың. Сосын сен маған бір сұрақ қоясың, мен жауап бере алмасам, саған 10 мың теңге беремін және 5 деген бағаны қоямын. депті. Екеуі келіседі.
Профессор сұрақ қойып, жауап бере алмайды, мың теңгені үстелге қояды. Екінші, үшінші сұраққа да жауап жоқ. Тағы екі мың қояды.
Ал енді сен қой сұрағыңды дейді.
Қандай жануар ағашқа 15 аяқпен өрмелеп, шығып 24 аяқпен түседі?
Ары ойланып, бері ойланып шеше алмаған соң, келіскендей он мыңын беріп, кітапшасына бесті қойып береді. Студент шығып бара жатып, сұрайды;
Тоқта, қайда барасың? Ол қандай жануар?
Не қандай жануар?
Жаңағы 15 аяқпен шығып, 24 аяқпен түсетіні!
аааа, ол ма? Үстелге бес мыңды қойып; оны өзімде білмеймін депті.

Қожанасырдың қызы салақ, шаруаға икемсіз, олақ болған екен. Көже пісіріп;
Әкетайым, әкетай, іш! "Қызы әкесіне тамақ пісірген кезде періште қазанға қанатын малып тұрады" дейді, әке депті.
Иә, қызым, сен тамақ пісірген кезде періште қанатын ғана емес, шашын да салып шомылып тұрған сияқты ғой депті.

Қожа көршісіне;
Осы жердің астында адамдар тұрады ау деймін депті.
Жоға, неге олай дейсің?
Онда сәбізді, қызылшаны, қызанақты кім бояп қояды?

Қожанасырдың әйелі базардан жаңа шапан сатып алып;
"Құдай бұйыртсын" деп ки, шал депті
Құдай бұйыртсын, бұйыртпасын, бұл менікі ғой. Ақшасын төлеп сатып алдық, болды ғой. Құдай бұйыртып тұр, оны айтудың керегі не? деп ашуланып шапанды киіпті
Шапанды киіп, үйінде жүрсе, көшеден айқай шулар шығады. Сыртқа шықса, бір топ адам бірін бірі қуалап жүр екен. Қожекең арасына кіріп кетіп, арасындағы бір адам шапанын тартып алады. Басы салбырап үйіне қарай қашып келіп, есікті қағып ұрады.
Әйелі;
Бұл кім?
Әй аш, бол. Аш есікті, бұйыртса, байың боламын депті.

Іссапардан келген күйеуі қолындағы неке сақинасын жоғалғанын әйеліне айтады;
Түсінсем бұйырмасын, дені сау адам сақинаны қалай жоғалтады? Сен менің көзіме шөп салып жүрсің!
Бәріне өзің кінәлісің, мен саған "қалтам жыртық" деп біржыл бойы айттым ғой, тікпеген өзің! депті.

7 пікір

Albina97
жардыңыз, керемет көңілім бір көтеріліп қалды-ау
Delfina
Іссапардан келген күйеуі қолындағы неке сақинасын жоғалғанын әйеліне айтады;
Түсінсем бұйырмасын, дені сау адам сақинаны қалай жоғалтады? Сен менің көзіме шөп салып жүрсің!
Бәріне өзің кінәлісің, мен саған "қалтам жыртық" деп біржыл бойы айттым ғой, тікпеген өзің! депті.
khairbek
3 ші класста естіп едім осы анекдотты
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.