Бірге күлейік

Күле отырайық /
Неге екенін көптен бері Айтабер сайтында көңілсіздік басым болып бара жатқандай, әлде өз өміріммен шатастырып алдым ба екен? Кейде өмір қызықсыз болып кететіні бар, сондайда өз көіңіл күйіңді көтере алсаң жақсы, біреуге сырыңды айтып бықсытып алғаннан гөрі. Сонымен, бірге күлейік:

Кафеде қос ғашық бірін-бірі көзбен ішіп-жеп отыр.
— Сен менің тәтті шоколадымсың, түк қалдырмай жеп қояйын ба осы...- деп жігіт еміренеді.
— Менің де, сені жеп қойғым келіп отыр, — дейді қыз. Олардың әңгімесін бөлгісі келмей тұрған даяшы қыз сәл жөткірініп алып:
— Соңынан не ішесіздер? — деп сұрапты…

**********

Бір бай жігіт Әуезов театрына хабарласады:
— Сәлеметсіздер ме, бізге ертеңге екі билет керек еді…
— «Ромео мен Джулеттаға» ма?
— Сіз мені біреумен шатастырып тұрған шығарсыз? Мен Ерболмын ғой. Билет әйелім екеумізге керек.

***********

Қожанасырдың есегі жоғалып кетеді.
— Есегіңнің жоғалғанын «Айтабер» болг тұғырына хабарландыру етіп жазбайсың ба? — депті ҚараСақал жаны ашып.
Сонда Қожанасыр:
— Одан не пайда? Есегім бәрібір «Айтаберді» оқымайды, — деген екен.

************

«Нұа Астана» газетінің журналисті Абай Асанкелді 100 жасқа келген қариядан сұқбат алады.
— Сіздің болашақ жоспарыңыз қандай?
— Көктемде үйленем бе деген ойым бар.
— 100-ге келгенде үйлену қызық па екен?
— Мен үйленгелі тұр дейсің бе? Жүре бергім келеді-ау бойдақ болып, әкем ғой болмайтын, "үйлен-үйлен" деп…

************

Бір-бірімен ұрысып қалған әйелі мен күйеуі сөйлеспей жүр. Күйеуіне таңертең ерте тұру қажет, ал үйде қоңыраулы сағат жоқ. Ол қағазға жазып әйеліне ұсынады: «Мені таңертең сағат 7-де оят, әйтпесе жұмысқа кешігіп қаламын.»
Ертеңіне ұйқыдан тұрған күйеуі шаңқай түс болғанын байқайды. Үстел үстінде қағаз жатыр: «Тұр, сағат 7 болды, жұмысқа кешігесің»

*************

Бір жігіт досына әлдебір қыз туралы айтып отыр:
— Оның аяғын көрсең ғой, тура еліктің аяғы сияқты.
— Оқтай түзу ме?
— Жоқ, ә. Түк басып кеткен…

**************

Абылай 10-қабаттан құлап келеді екен. Ұшып келе жатып ойлайды. «Осыдан тірі қалсам, темекі шекпеймін, Көркемге тиіспеймін!»
Құдайдың құдіретімен ол жұмсақ жерге түсіп тірі қалады. Үстін қағып, орнынан тұрып жатып:
«Адамның ойына не болса сол келе береді екен ғой» деген екен....))

**************

12 пікір

MSHERIMBEK
Екі қап респект төгіп кеттім. Жинап аларсың:)))))
konvict
Мен Ерболмын ғой. Билет әйелім екеумізге керек.
Қаттым мынаған
Delfina
— Мен үйленгелі тұр дейсің бе? Жүре бергім келеді-ау бойдақ болып, әкем ғой болмайтын, "үйлен-үйлен" деп…
хе хе хе))
dimash
хехе))біріншісі мен предпоследниіне жымиып отырып кулдім))))) осылай күлдіріп тұрш шынында, рахмеТ)
AKA
Мда… Қай үтір не нүктеден кейін күлу керектігін айтып жіберсеңіздер, уа ізгі ниетті жамағат! Жалпы, сайтқа қосыватқан үлесіңіз зор ғой, мынау да соның дәлелі.
MSHERIMBEK
ойбай-ай, АКА:))) түйілді ғой ішегім мынауыңнан кейін:))))))))
Sabions
келісемін…
Korkem
Жираф құсап миыма енді жетті, оңбайсың-ау, АКА, оңбайсың...)))
Daka_sss
: күліп отырған смайлик:)))))
Delfina
Банктің іс — басқарушысының терезесіне клиент келіп былай дейді:
— Маған жаңа есеп кітапшасы керек. Естіп тұрсың ба, теке? — дейді.
Іс — басқарушы:
— Кешіріңіз, түсінбедім!
Клиент сол қалпында қайталайды:
— Маған жаңа есеп кітапшасы керек. Естіп тұрсың ба, теке?
Іс — басқарушы аң — таң:
— Бір секунд!
Директорға барады да былай дейді:
— Мен сізді мазаламай-ақ қояйын деген едім, бірақ бір клиент келіп:*Маған жаңа есеп кітапшасы керек. Естіп тұрсың ба, теке?* — деп тұр. Мен не істерімді білмеймін.
Директоры сұрап жатыр:
— Оның есеп шотында қанша бар?
— 7 700 000 доллар!
Директоры: — Жаңа есеп кітапшасын бер оған. Естіп тұрсың ба, теке? — депті )))))
Korkem
вахахахахааа))))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.