Нұрлан Қоянбаев кинода продюсер ретінде бағын сынап көрмек

Күле отырайық /


КВН жұлддыздары енді кино әлемін бағындыруға талпынып көрмек. Өнерге әркімнің де бар таласы. Дегенмен, өнерпаз болуға талпыну аздық етер, осы жолда өз орныңды, өзіндік келбетіңді қалыптастыру басты мақсат. Әдетте, нағыз талант тарландары оған бар ғұмырын арнайды. Қалың көпшілікке КВН арқылы танылған жұлдыздар да отандық шоу-бизнесте аз емес. Олардың бірі сатира жанрында, бірі кинода білі телеарналарда бағын сынап жүр.
Әдетте, Нұрлан Қоянбаев десе есімізге КВН ойыны және Ресейдің Жоғарғы лигасында өнер көрсетіп жүрген «Казақтар» командасы есімізге оралады. Нұрланның жетекшілігімен бұл команда соңғы жылдары лиганың құрамында әдемі ойын көрсетіп жүргені белгілі. Сондай-ақ, Нұрлан мен Нұрдәулет жүргізетін «Қазақша концерт» жобасы да көпшілікке жақсы таныс. Ал, жақын күндері Нұрлан Қоянбаев продюсер ретінде кино жанрында бағын сынауда деген хабар жетті. — КВН-да жүрген 12 жыл ішінде өте көп тәжірибе жинақтадық, оның ішінде Ресейдің Жоғарғы Лигасы Масляковтың мектебі біз үшін өте пайдалы болды,- дейді, «Қазақтар» командасының жетекшісі Нұрлан Қоянбаев.
Ендігі кезекте, Масляков мектебінен алған тәжірибемді мен үшін жаңа бір жанрда пайдаланып көрмекпін дейді, — Нұрлан.

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.