Мектептен тым алыс тұратын әріптестеріме

Күле отырайық /
2012 желтоқсан — 2013 қаңтарында болған аязды күндерде жұмысқа Қосшы, Малиновка сынды алыс жерлерден қатынап келіп жүрген әріптестеріме арналады.

Қоныс теуіп қар басқан қырдан асып,
Жұмысынан шалғайда тұрған қашық,
Ұйқы толған көздерін тырнап ашып,
Өң мен түсін ажырата алмай тұрған күйі,
Сасқалақтап жұмысқа болған асық.

Болса уақыты ішер шайын, болмаса ішпес,
Өзін-өзі жұбатар деп:«Дымым кетпес».
Іле сала сөмкесін сыртқа ұмтылар
Ағып жатқан маршруттар мұны күтпес.

Бұл өмірдің әзіліне төзе алдың ба,
Кейде автобус өте шығады көз алдыңда,
Мектептегі жұмысың — ол бір жұмыс,
Оған жету — ол да жұмыс өз алдында.

Аспанда емес, астыңда болар жақұт,
Оянбасаң зымырап өтеді уақыт.
Аяздыгүні азанмен ісің түссе
Жақын тұрған жұмысқа ол да бақыт.

//Өзім мектебімнің дәл артындағы үйде тұратынмын))//

7 пікір

qyrmyzy

Менің де әріптестерім осылай өлең арнап жүрмесе болғаны...
Korkem
Бұл өмірдің әзіліне төзе алдың ба,
Кейде автобус өте шығады көз алдыңда,
таныс бәрі))) тамаша келтіріпсің өзің
yesbolat83
Нағыз ақындар адамның ішкі жан дүниесін түсінеді.
maulen
Ай мектептегі кездер ай, естен кетпес қызыұтар ай, сіздің жырыңыз арқылы біразы есіме түсіп кетті ғой, жарайсыз!
Jako
Мектептегі жұмысың — ол бір жұмыс,
Оған жету — ол да жұмыс өз алдында.
Ссы жері қатты ұнады, бұл жағдай көп адамдардың басында бар болар.
Karakulov
Бәріңізге рахмет, айтаберліктер.Айтабер қызықты орта ғой.
AKA
Автобус өте шығады демекші, өткенде маршрут күтіп тұрғанмын. Содан екі маршрут қатар келеді екен да алыстан. Мен соның екіншісіне мінуім керек, алдыңғысы екеуі бірінен-бірі қалмай келеді. Аялдамаға жақындай бергенде әлгі мен мінетіні алға оза шығып, дәл аялдамаға келгенде бірінші автобустың арғы жағында қалып, тоқтата алмай қалдым. Өзім асығып тұр едім, бірақ кейінгімен барып үлгердім. :)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.