Қорқақбай Қорқақбаевичтен сәлем!!!

Күле отырайық /
Қорқақбай Қорқақбаевичтен сәлем!!! Кароче, жер лай ғо, әңгіме былай ғо…
Первым делом Агентбек Смсбекке респект, ол абыройға апарар прямой проспект! Менің атым Қорқақбай Қорқақбайевич… қуған соң до конца қуып, шешіп қойып тақияны, жасап құрдым «Фобияны». Жасағанда, сол жұлдыздармен қуайық деп та… Без «поворотов» прямо говоря, жұлдыздарда есть менталитеть, а халықта нет авторитет!!! Сол себептен вечеринка только для жулдызов.
Мен айтам да, біздің жұлдыздар умеют отрываться… Халыққа олардан үйрену керек, уйрену керек!!! А вы что? Жұмыс істейсіңдер, істейсіңдер? Ал жұлдыздар шетелге шығып кайфануть етіп келеді ғоо… Сол жұлдыздарды малюсенько мандраж етейін деп та осы «Фобияға» демалысқа шақырдым. Бұлар анау-мынау емес великолепная восьмерка.
Жулдызды қойып, өз програмамды пиарить етейін…
«Фобия» — баланы «вау» дегізіп, апамды «ау» дегізіп, любой тупой пацанды «респект братан» дегізер жоба. Аты айтып тұрғандай «фобия»кез келген қатысушылардан типа мандраж болуды, ал жүргізушіден, Қорқақбайдан типа безбашенный болуды талап етеді, ты что? Өйткені любой қатысушы оған че за сюрприз дайындағанын железно біледі, ты что? До того любой жануармен проблемасын шешіп алған ғо… Кароче, жыртылғаным емес, бізде бәрі сценарий бойынша ғоо… Бізге сеніп мен сияқты инфаркт боп жүрмеңіздер.
Енді страшный ощущение болу үшін біздің үйдің подвалында түсіретін болдық. Үйдегі таракандар мен тышқандарды жинап алдық, бағдарламаның ең, ең сұмдық страшилкалары ғой. Сосын сол үйде «уси-пуси» деп бағып жүрген «тілсіз» жыландарды апардық. Тамда өрмлеп жүрген «домашний» пауктармен «шақпайсың» деген контракт жасап роль бердік. А еще проекке деп все лето құр жүрмей шегіртке ұстадық. Рас, біраз шығынданып китайский ресторандардан бірнеше шаянды сатып алдық. Қоңыздарға вертолет секілді ұшып-қонып жазда до конца ұйықтатпағаны үшін ұсталған бір екі шыбынды қостық. Өздері тілеп алды да. Обал жоқ. А сосын түрте кетейін «права животных» сақталған ғо. Бұлардың денсаулықтарына қам жемеңіздер!!! Қатысушылардың денсаулығын ойлау вообще не надо!!!
Жәндіктер де, қатысатын халықта от души дрессировкадан өткен ғо. Өзім сондай, сондай жақсы адаммын да осы. Дрессировкаға бара алмай қап, позор боп жүрік қо. Камераның алдында крутой боп, артында в общем другой боп… Соның арқасында су үнемделіп те қалды. Тұз да…
Менің опасаться ететінім бұлар оптом жеңіп, мен кризистің «көкесі» боп жүрмейін дегенім ғо… Ей, короче тындым, гудбай!!!
Айтпақшы түртіп кетейін: Сонда телеарна кімдер үшін???

ТӨРЕХАН Арыстан

3 пікір

yesbolat83
Өзім Еларнадан жүріп жатқан Фобия телеойынын апта сайын үзбей қарауға тырысамын. Маған ұнайды. Ойындары қорқынышты емес секілді меніңше. Алғашқы жоба ғо, еліміздегі. Көш жүре келе түзелмей ме?
Соңғы өңделген уақыты:
satirik92
ол да дұрыс. Өзім ұнатпадым. Бұрынғы «Мың бір мақал, жүз бір мәтел немесе жүз бір жұмбақпеді?» Осындай бағдарламалар болса дегенім.
satirik92
Негізі жастарға көп айтылатын сөз: "Қазаққа жат қылық".
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.