Қоғам бейнесі

Күле отырайық /
(Бұрынырақ жазғам)
Бүгін таң атысымен темір жолға барып қызымды күтіп отырдым. Алдымда орта жастағы әйел адам пулеметтай сөзді атуда, оған қарама қарсы отырған жігіт атылған оқтарды тосам деп түрінен түр қалмапты. Атып жатқан оқтары (сөздері) мынау:
— Бар ғо этот жұмада в мечет с подружкой сходили. Құран оқытпақ боп молдаға про это сказали. И он бізге құран оқып бола салып, глаза не отводил от наших сумках. Вообще мы с подружкой в шоке оказались. В нашей қоғамда өмір сүру өте қиын. Первый тонап следы смывает, второй добивает, третий убивает. Этот жизнь коротка, но люди валяют дурака. Бұрын түнде жұлдыздар жарқырайтын, а сейчас везде и полно «Түңгі көбелектер». Как думаешь это от чего? Имансыздықтың кесірі!!! Тот раз в интернет кірдім. Компьютер не от меня, а я от него ұялдым. Неге дейсіз бе? Куда не заходи везде «порно сайты». Енді өзіңше телевизор посмотреть етейін десең… Как кино начинается вместе с ним: «12 жастағы балаларға ата-аналарымен бірге көруге рұқсат»,- деп басталады. И сразу «секс». Бір күні новости көрем деп таңғалдым. Он страшной силой бір қызды соқты и убил ее. Но я не понел, судимый отправился прямо домой из зала суда… Сонда не болды ал? Сонда соттың не қажеті бар? В «Gta» тем более есть закон. До сих пор хожу в думке! Моя девушка поступила на заң факультетіне қазір өкініп жүр… Тура бір «Дениз» секілді езе береді. Біздің заңның жанында «Санта Барбара» не дышит… Мой старший сын поступил в университет. Цена учебы каждый год вырастают. Еще везде и всегда говориться: «Білімнің сапасын көтереміз!!! Білімнің сапасын көтереміз!!!». Они өз жағдайын делают. Мына сайлауйлар бітпей кетті. До сайлауа они строит из себя «Робин Гуда», а после прям как «грабители». Но из кандидатов никого не знаешь… Прикол да? Өзіміздің ауылдың патсандарынан қойсашы? Сонда базара нету болады… Еше называются «выборы». Там чего или кого выбирать? Қазіргі адамдар вообще бессовестные бар ғо.., — деп сөзін доғарды.
Оның сыртынан мен бақылап отырдым, ішімнен: «Алдымен өзің қазақшаңды түзеп алшы!» – дедім… Айтқан сөздері шындыққа жанасады, бірақ тәубе жоқ. Аллам қазаққа тәуелсіздікті оңайшылықпен бермеді. Қаншама қан төгіліп, көптеген батыр бабаларымыз атта жүріп шайқасып, желтоқсанда көптеген жас тарландарымыз бен гүл сабағындай иілген қыздарымыз ұрпақ үшін жалғыз өмірін өлімге қиып Аллам берген тәуелсідіктің келуіне себепкер болғанын естен шығармай сансыз мәрте тәубе еткеніміз жөн.
Қоғам орман секілді. Кірсең адасасың, бір аяқты жолдар өте көп. Орман болған соң ішінде гүл де, тікенекте бар, сүтқоректілер де, жыртқыштар да бар. Қайсы бірінің айыбын түзей аласың? Біздің қосар үлесіміз әр қайсымыз өз басымыздағы кемшілігімізді түзеткеніміз. Осыған тырысайық ағайын!!!
Төрехан Арыстан

14 пікір

korwinin_kyzy
Жарайсын! Мне ұнады деп сенің кейіпкерін секілді айтайын ну шалақазақша дегенимго
yesbolat83
Өзің де тура осы жазбадағыдай сөйлейсің ғо.
korwinin_kyzy
мен тусинбедим, или сен дұрыс жеткизе алмадын? Енді мен ШАЛАҚАЗАҚПЫН го
Соңғы өңделген уақыты:
yesbolat83
Маған сенің қалжыңды түсіне білетінің ұнайтта. Тәп-тәуір қызсың ғой жігітсің ғой.)
korwinin_kyzy
Дегенмен ЖАЗБА жақсы шығыпты!!!
semser_soz
Жақсы екен… Тұп-тура қазіргі қоғам бейнесі…
Nurbergen
че за кемпір? а че она қазақша не понимайскии да?! Күле отырайық деп писать етіп қойыпсыз? а мен прям плакать еткім келіп кетті, мынаны читать етіп
satirik92
Онда жазбам жақсы шыққан да?
Nurbergen
жақсы шыққан, сатирик десе сатирик екенсіз
satirik92
Кемпір — прокурор.
yesbolat83
Жазба жақсы шыққан. Шалақазақ кейіпкерің ащы ақиқатты айтып тастады ғо. Қоғамымызда белең алып жатқан жағдайлар.
yesbolat83
Бір пікіріңде жазған әңгімелерім де бар деп ең. Ұсынсаң, тамашалар едік.
satirik92
Алла қаласа!!!
zhomart
Оспанханның бір әзілі есіме түсіп отыр, екі қыздың әңгімесі туралы. Шеберлікпен жеткізеді екенсің, Оспанхан атамыздай алып сатирик болуыңа тілектеспін.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.