«Made in Шайна»

Күле отырайық /
Күле отырайық: «Made in Шайна»
Кішкентай кезімнен есімде бар: кез келген заттың түбіне немесе жанына қарасаң «Made in Шайна» деп тұрады… Сол кезде ойлаушы едім: ал менде ондай жазу неге жоқ деп… Сөйтсем «Made in Шайна» дегеніміз «Қытайда шығарылған» деген екен ғо… Оның аудармасы «Мә, шайна»…
Ауланың бұрышында отыратын апаларыздан бастап қала ортасындағы сауда орталықтарына дейін «Made in Шайна»… Апамыздың сатқан «құртынан» басқасы «Made in Шайна». Оны ауланың қоқымдары алып жеп, тілі «кемпірқосаққа» айналады… Апамыздың заттарының бағасы 5 тенге мен ұзаса 50 тенгенің арасы… Бір күні жиырманың орта беліне келген қыз:
— Мына сырғаға қарашы, қымбатқа алдым,- деп мақтанып сырғасын сіңілісіне көрсетті.
— Апада жиырма теңге ғо,- демесі бар ма…
Барахолкаға барасың, «Made in Шайнаны» іздемей табасың, алып үш-төрт күннен кейін қатасың, білген соң заттың сапасын… Нағашы ағам «IBM» АҚШ-тың маркасы деп ҚЫТАЙДАН ноутбук алды… Гарантиясы үш жыл… Үш жылдан кейін гарантиясы тұп-тура біткен күні пернетақтасы шашылып қалды… Міне саған «математика », қалай есептеген десеңші…
Біздің қазағымыз Үрімжінің асфальтін тоздырып біткені қай заман… Іздеп сабылып жүреді… Ақыры табады, барахолкада сатады, халық алады, оның иісінен адам талады… Қытай – «Тірі копия апараты»… Оригиналы мен самопалын айырып білмейсің… Біздің елге шығарғаны қараңғы подвалда төрт-бес тісі қисық қытайдың жасағаны… Соны біздің қазақ риза боп алып қайтады…
Соңғы кезде бізге қытайдан атын көріп қорқып, соны ем деп ішетін дәрі-дәрмектер кірді. Бенжаңнан оптомға алған өтірік дәрілерді барахолкада жылтыртатып сатады, оны халық жымың қағып тұтынады… Осы жылы қытайға барғанымда теледидардан көргенім шошытты:
Дәрі-дәрмектің қауызын шығаратын жер ұқсайды. Оны жасайтын «зат» — қалдық «қоқыс». Бәрін қардай ерітіп, сорпадай араластырып, қайнатып, ұсақтатып боятып әдемі етіп шығарады… Оның ішіндегі химикат бауырымызды езеді екен… ОЛ кәдуілгі «үкімет» шығаратын дәрілерде кездеседі, ал бізге жеткен дәрілердеші? Қазіргі дәрілер ем емес у… Алланың бізге берген мүшелерімізді құртып не пайда көреміз?!
Негізі ем, шипаның бәрі біріншіден Алладан, оған себепкер адам яғни дәрігер… Соңғы кезде қазағымыз ем іздеп Қытайға сабылуда, барып қалтасындағы ақшадан қағылуда. Қытай қан сорған кенедей ақшаны сорып, барымташыдай тонап біздің «бай» қазақтарымызды қырқудан қайтарған қойдай тақыр қайтаруда. Қазағымның емханаларыда оңып тұрған түрі жоқ… Себебі қазіргі адам баласы емді Алладан емес, Алла жаратқан адам яғни дәрігерден сұрағаны…
Қысқасы жеріміздегі үлкен кешендердегі бастығымызда, жастар жастығымызда, сатып алар затымызда ҚЫТАЙДАН болғаны… Сөздің қысқасы тек қазақ емес, төрткүл дүние «Made in Шайна», яғни шараң жоқ «Мә, Шайна!!!»…
Күле отырайық: «Made in Шайна»
Төрехан Арыстан

3 пікір

yesbolat83
Оны жасайтын «зат» — қалдық «қоқыс».
Оның ішіндегі химикат бауырымызды езеді екен…
Осыларды пайдаланатындар да баршылық. Құдай сақтасын оларды.
NURI
Еһ, Шайнаб Шайна… Ауасын айтсаншы сол Шайнанын… Көк түтін…
satirik92
Сені түсінемін!!!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.