Обезьянник

Күле отырайық /
Екі досыммен бірге көшеде жүргенбіз. Алдымызға милиция қызметкері кез келіп документімізді сұрады. Курткамның іш қалтасында жатып тозығы жеткен студенттік кітапшамды бердім. Участкісіне үшеумізді апарды. Досымның бірі он жетіде, оны: «шигол», «ты для нас не авторитет»,- деп «позорын» шығарып үйіне қайқайтты. Ал бізді «обезьянникке» тықты…
Іші сиқы жоқ, адам шошырлық келбетте. Милиция – көк түтіннің отаны… Кірсең кайф ұстайсың… «Калян бар» жерде қалады, оған ақша құртқанша «обезьяникке» бір кіріп шықса билетсіз жетінші әлемге ұшады…
Алдымен қолыңды қояды екенсің, ол үшін тағы кезекке тұрасың… Енді не қилыны көресің: біреуі тамды баспен сүзіп тұр, оның басы емес там шытынауда… Екіншісі маған:
— Ненавижу этот обезьянник… ппочти второй дом, иногда заходишь погостить, иногда поспать… Но сегодня не тот день, ненавижу обезьянник,- деп алдындағы столды төмпештеді…
Досым үйреніп алған, тырп етпеді. ОЛ VIP ҚОНАҚ… Қалай дейсіздер ғой?! Түнде ұйқыда түс көріп, балмұздақты енді тістейін деп жатқанда есіктің қағысын естіп ояныпты. Балмұздақты жей алмағаны үшін қатты өкініпті… Оны ғана емес бүкіл жатахананың балаларын «айтарға әңгіме бар»,- деп «обезьянник» деген «тойханаға» шақырыпты… Жетектетіп апарып: «Модель» боласыңдар, — деп «фотосессия» өткізіпті, одан кейін: Естелікке қол қойыңдар,- деп қолдарын қойдырыпты… Түні бойы суретке тартыпты. Қайтарда балалар суреттерін сұрап жүр дейді:
— Ағай мирге, аватарға қоям, флешкаға бастырып беріңізші,- деп… Досым болса шабыттанып «Ночь в обезьяникке» деп трек жазып жіберді…
Тағы бір орыс терлеп-тепшіп жүгіріп жүрді, қолында иті бар… Өзі түсінікті сасып тұр, ал итін не үшін ұстады екен?! Біз өз басымызды аман шығара алмай жүрсек, ол:
— Ну, хотя б отпустите мою собаку, она беременная,- деп милицияға жалынып, итіне шалынып жүр…
Қыз, ұл, әйел, еркек бәрі аралас. Көк сасып, исі жеті қаттан асып барады. «Самурай» – сұмырай демекші біздің «тәртіп күзетшісі» өзі «былық заводы»… Қылмыскерді ұстамай, бізді ұстады ғой, өзі жай тұрғасын. Ақ қағазға ат жазып, жоғарыға хат жазып: «Бос жүрмедім»,- дегендей… Біз тізімдегі есімдердің қатарын толықтыру үшін ұсталдық…
Байқап ұстаса игі еді… Ақ сүтке сия төксе орнына келмес…
Төрехан Арыстан

7 пікір

yesbolat83
— Ну, хотя б отпустите мою собаку, она беременная
)))
ai-naz
Байқап ұстаса игі еді… Ақ сүтке сия төксе орнына келмес…)))
AL-ASTER
Бір кезде болған оқиға еске түсіп жатыр. Көп жыл көрмеген досты жолықтырып ұзақ әңгімеден соң үйге қайтар жолда барлығын жинап жатыр сақгылар. Типі бір авторитеттің баласының соткасын көтеріп кеткен. Сол жерде бірден өзіміздің ақ екенімізді айтып ақталып аға көкелеп көндірмек болып ем, қасымдағы амиго намысы оянып кетті ме шайып кетті. Сөйтіп тәртіп сақшыларына сөз көтергені үшін деп және екі айыппен алып кетті. Маған бара бер дейді, қалай бара бересің. Бірге бардық. Көргенде амандасып жүргетін жүгірмектер едік, өскенде полицай болам! деп. Есейген соң соның кабинетінен бір-ақ шығатынымды біліппін бе) Барып аман-саулық сұрасқан соң ешкімге ештеңе демей шығып жүре беріңдер деді, қасымдағыны сүйреп шығып кетіп қалдым, жолдағы жас козелжанға көкең босатты деп ымдап қана. Іште ішіп келген, очм түрлері онша емес амиголарды тізіп қойып төмпештеп жатыр кен. Олар да қасарысып шындықтарын айтпайд, баланың өтірігін айтып. Сонымен не керек, обезянкаға бармаудың амалын жасау керек қой, үнемі құжат болсын, болмаса барлығының түсінігі бар жігіттер деген одамын. Өзін достойно ұстап, жөнді сөйлессе босатады, ол бастан өткен. Бір жолдас бала солай жасаған, артынан өзім де сол жолды дұрыс деп түсіндім.
NURI
Ареке, қателеспесем бұл осыдан екі жыл бұрын болған оқиға емес пе еді?
satirik92
Аһа сол. Қытай қалай?
NURI
Керемет! Сағыныштын сары шекпенін жамылып жүрмін…
satirik92
Ал мына біз сізді сағынып жүрміз, асыл да ардақты досым!!!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.