Іңгәләк

Күле отырайық /
Інгәләгән кезімде қандай болдым екен? Қызық ия? Туылғанда шақалақсың, өсесің, өнесің, сынаққа көнесің, ажалың келсе сөнесің. Есіңде ең тәтті кезеңдер қалады, Алла бізге ұмытуды нәсіп еткені неткен бақыт. Қайғылы сәттер есіңнен өшеді. Әрине бақыттысың. Сәби кезіңді есіңе толық түсіре алмассыің, бірақ ата-анаң күлдіргі етіп айтып отыратыны тағы бар. Ал жетімдерге кім айтады? Оларға Алла өзі жеткізер.
Ерте уйленген аналар сәбиімен бірге «інгәләйді». Сөйтіп үйде «мюзикл» қойылады. Оның басы таңнан басталады, «қазіргілер балажан» деп үлкен кісілер айтып отырады емес пе? Әкесі сәбиін жұмысқа кетуден бұрын бір иіскейді, аңдып жатқан «іңгәләк» іңгәләй жөнеледі. Үйдегі халайық бірі қалмай ұйқысынан оянады, амалсыздан. Сәбидің жылағаны ең әдемі үн емес пе? Ағайын?
Не керек уақыт өте «інгәләк» өседі. Анасының артынан бір елі қалмайды. Дәретке кірсе де есікті қағып «інгәләйді». Анасын қатты сүйеді, еркелейді, өзінше қорғайды. Ренжісе бұлтиып көрпенің ішіне кіріп алады, немесе кінәсіз есікті теуіп жынданады. Нағыз батыр өзі, қайтсін енді, оны ешкім түсінбейді, шарасыздан «іңгәләйді». Кшкентайдан «философ» болып туған соң, әрине ешкім түсінбес.
Енді кейбір «інгәләктәр» тынымсыз. Оларды «зузу» деп атаған дәл. «Зузулап» төрт қабырғаның шаңын көтереді. Артынан топ-томпақ бір жастағы інісі бірге зулайды. «Зузу» істесе, «іңгәләк» қайталап «реплай» болады. Өкініштісі оларда «пауза» жоқ, «моторда» күймейді. «Зуузу» зузулап, «інгәләк» інгәләй бергенннен әкенің қабағы түйіледі. Қолына бірінші түскенімен «зузудың» етін «дудулатып» сабайды. «Іңгәләк» ағасын аяп, әкесінің балтырына жабысады, әке мен сәбидің көзі табысады. Көздері мөлдіреп әкесін жуасытады. Ашуы басылып, сәби мойнына асылып еркелейді. Әке де, бала да бақытты, осы кезде әке көзі балконның терезесіне, сыртқа аяғын салбыратқан «зузуға» көзі түседі. «Іңгәләк» жайында қалады, соғыс басталады. Әке қолында «боклашка», «зузуды» бұрышқа тығып сабайды, бала көрген талайды, еті көнген тынбайды, ес жиып тыныш іс қылмайды, тағы, тағы, тағы да жыбырлайды. Әке мен баланың көздері бір-біріне қызарады, сонда баланың айтқаны: «Өскен соң, сені ұрып кетем»,- деп тарс еткізеді. Ұрғандағы баланың қайтқаны осы ма? Кері саған қылышы қайқайды. Әке үнсіз басын шайқайды…
«Іңгәләк» іңгәләп жүріп ренжуді үйренеді. Көңіліне жақпаса жиылған көрпенің үстіне шығып, тығылады. Одан тауып алса, шифонерге, ол бекер болғандықтан, өз бөлмесінің ілмегін іліп тығылады. Сөйтіп, үйдің бар ілмегі істен шығады. Ендігі шара тамдағы түс қағазды жырту. «Іңгәләп» жүріп үйді «таз» етеді. Одан да зерігеді. Қолына қалам тиеді, үй «қара қағаздың» кебін киеді. Бұрыңғы жыртқанын, енді бояуға кіріседі. Аузы басын бірінші бояйды, өзімшілдігін көрдін бе?
Күндердің бір күні қонақтар қадам басады. Әкесі мақтанайын деп: «Әкеңді көрсетші»,- десе. Саусағын аузына салып ойланып тұрып, көршіге нұсқайды. Әке қызарып ашуланады, ал «іңгәләк» болса, қуанышты. Тілі шыға келе: «Бетіңді жудың ба?» — десе, — «кеше жудым»,- деп отыра бермесі бар ма? Қыз баласы жасанудан бастайды, пердені жауып, айнаны терезеге суйеп, қайшымен кекілін қиып жүретіні бар. Жаймасын тізіп, қуыршақтарымен «мама», «папа» болып отырады. Ал ұл балалар «мылтықты» ұстап «дыш-птыш» десіп шайқасып шаршайды. Одан қалса ойыншық «көліктерді» «ыңылдатып», «пипылдатып» ұятсыздар «куәліксіз» айдайтынын қайтесің ал?
Бір күні автобуста отырғаным да, артымда екі бес-алты жасар бала отыр. Кішкентайлардың жүрегі ауырып қалғаны мені уайымдатты. Оны мынадан білдім:
Әуірмәйді жүрек,әуірмәйды, сенсіз үткен күндер бөлмәсә,
Әуірмәйді жүрек, әуірмәйді, сені өйләтқән түндер бөлмәсә,
Әуірмәйді жүрек, әуірмәйді, мөлдіреген көзің бөлмәсә,
Әуірмәйді жүрек, әуірмәйді, сүйем деген сөздер бөлмәсә,- деп ыңылдап отқандары…
Бұл әншілерден кейін жүрегім «әуіріп» жүргенде автобуста тағы бір сәби кездесті. Саусағын шұқшитып, ананы бір, мынаны бір көрсетіп келе жатқаны. «Бастық» екені көзге бірден түседі. Әпекесі «ия» деуден басқаны айтуға шамасы жетпейді. Көшеде не көрседе:
— Анағән бәләміз, ия?
— Барамыз.
— Анәні жеймиз, ия?
— Жейміз, — деп, әпекесі әрең құтылып отыр. Кішкентайдың қуын қарашы «қорқытып» алғаны, көзге «мен мұндалап» тұрғаны…
«Тоғыз айлық бала – тоқсандағы кемпірді өлтіреді» демекші, қазіргілер осыдан қорқады-ау? Неткен әлсіз, ынжықтар жиналған. «Қарға баласын аппағым дейтін» уақыттан өтіп кеткелі қашан. Қазір «Аппақ боп қайдан шықтың? Құрғыр-ай?!» дейтін адамдар пайда болды емес пе? Яғни, сонау пайғамбарымыз (с.а.у.) келгенше дәурендеткен жаһилет дәуіріндегі қыз баласының көзін аша көмілетіндігін еске түсіреді. Бұны, қалай тоқтатамыз?
ТӨРЕХАН Арыстан

3 пікір

yesbolat83
Тәп-тәтті қылықтары өздерінің Іңгәләктардың. Менің балаларымның қылықтарына ұқсайды екен, Тұсқағаздарды жыртып, сурет салғандары, сандықта жинаулы тұрған көрпелерді құлатқандары, ойнағандары, күлгендері, қылықтары, әсіресе, мына жері:
әке мен сәбидің көзі табысады. Көздері мөлдіреп әкесін жуасытады. Ашуы басылып, сәби мойнына асылып еркелейді. Әке де, бала да бақытты

Бірақ, соңғы жолына түсінбедім:
Яғни, сонау пайғамбарымыз (с.а.у.) келгенше дәурендеткен жаһилет дәуіріндегі қыз баласының көзін аша көмілетіндігін еске түсіреді. Бұны, қалай тоқтатамыз?
satirik92
Жетімдерді меңзегенім.
korwinin_kyzy
Салуатты кыскартпа
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.