Жаным қайда?

Күле отырайық /
Бүгін менде ой көп. Содан сұрақ туды. Адамның жаны қайда? Ал, кеттік…
Ары қараймын, бері қараймын. Жаным невидимка. Тығылмаш ойнап жүр. Ойдың арғымағына міндім де шаптым. Зуылдатып келем, зуылдатып келем. Төртке салған ем. Төрт дөңгелекке права жоқ болғанмен. Ойдың «майбахына» мініп шопырдың бүкіл раңгтарын өтіп ем. Енді біздің ой «майбах» болған соң бастықта кеп…
Бірінші көшеге тоқтадым. Бұл көшеде жанын бөксеге, абиырына жіберген «адамдар» мекен етеді екен. Содан енді адам білгенге құмар. Бетің бүлк етпестен сұрайсың. Сөйтсем… Масқара…
Ақ тасым тас қара… Рахат дейді. Жан бөксеге қоныстанса рахат былқ-былқ етіп жанға болатта батпайды дейді… одан кейін жылы, тегін вентеляция бар дейді. Автоматты түрде тазаланып кумарить етесің дейді.
Астапыралла!!!
Одан бермен келдім. Қарасам өңкей көңке, жандары осы көңкеде (көлік). Мұрнын сүйіп, көзін сүртіп оның қабағына қарап мұң басқан. Бірде қара аяғын сипайды, қатты жапсаң қинайды, баласын қиып, оны қимайды. Анасын солай сүйсе ғой, анасына ақырып, көңкесін еркелетіп қалыңтырды сүйіп қарбалас. Қарасам, өзінде үй жоқ. Көңкесінде үй бар. Адамнан осы қаңылтыр қымбат оған…
Астапыралла!!!
Бермен шықтым көк қағазды басына көтерді. Жаны сонда. Танауымен құшырлана иіскейді. Ал беті қара күс. Қырып көрдім алынбайды. Қайтейін? Көк қағазын маған да сұғады. Өй, кет-ей дедім де тайып тұрдым. Құрығын лақтырып анауың малшынып кетті. Күлдім. Жетпейсің көк қағаз…
Астапыралла!!!
Бұрышқа келдім. Ерек түстермен жылтырап, көз шырымыңды ішеді. Қызығып кіріп кеттім. Кіріп алып іріп кеттім. Бұлардың жандары беті мен шаштарында екен-ау? Шашымды толқындатты ма? Жалындатты ма? Жарқыратты ма? Әйтеуір қанымды ішіп арықтатып… Қайтейін келбетті шарықтатып жіберді? Шыққанда өзімнің жынысымды ажырата алмай әбігерге түскенім-ай?!
Астапыралла!!!
Келесі ауылға барып ем, бетімді сасық сумен жуып берді. Басқа амалым жоқ. Өздері қызық, беттері қызыл. Сақтанып бетімді қара топырақпен сүрттім. Сақтады-ау?! Аяқтары қисық-ау өздерінің. Байқасам бұларда қырық жан, заты жоқ сырық жан. Сасықты ішіп:
— Жаным кіріп қалды,- деп қояды.
Астапыралла!!!
Жанды іздеп жүріп басы дәулерге тап болдым. Бұлардың жаны кітапта. Нүкте мен үтірдің арасында адасып жүр. Ойына күніне бірнеше рет қатынап қайтады. Екеуінің арасында пинг-понг. Басы үрпиген Теддиге ұқсаған. Бір уақытта көзәйнегін көтеріп:
— Алла құдыретті!!! — деп айқайлап жіберді.
Әлхамдулилла!!!
Осы сөзді естігенде денем шымырлап қоя берді. Мұрнымның ұшы жарқ-жұрқ етеді. Өтірік айтпаған секілдімін. Мигать етіп жаным өз орнын көрсетіп тұрғанын соңынан аңғардым. Жанымда тұрған Құранды қолыма алдым жаным рахаттана түсті. Ағайын, түйгенім:
Жан тыныштығы Ислам бұлағында сусындап тұр!!!
ТӨРЕХАН Арыстан

7 пікір

yesbolat83
Аллаһ Тағала осы өмірдің де келесі өмірдің де толықтай бақытын тек қана Ислам дініне қойған.
korwinin_kyzy
Я ЯЯЯ ЯЯЯ мейлі ол неше жерден СПИДтын дарісін ойлап тапсада, бірақ исламда болмаса оған онын ісі пайда бермейді



geofizik_001
Арыстан, сенің сөз саптасың мүлдем басқаша… керемет жеткізе білесің қарапайым нәрсені.
AKA
Бірнеше қайтара оқып, түсінгендей болдым-ау…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.