Оралман

Күле отырайық /
Жадағай киген, мойнына галстук таққан жігіт:
— Негізі мен оралман едім, шығыстан оралған едім. Ана ән бар ғой, «musicola» айтатын:
Ай-ай бөпем кейiн қалған елiмдi
Көрер мекен-ай,-деген
Осы әндегі «бөпе» менің атам ғой…
Қорғастан өткен кезімде сәждеге барып туған жерімнің топырағын сүйдім, сүйіп алып, отқа түсіп күйдім. Келгенде таза қазақ едік, қазір «чистый қазақ» болдық. Басында мылқау боп, оралман деген сылтау боп жүрдік қой… Бірде қызбен танысайын деген ниетпен:
— Дедушка можна с вами познакомитъся,- деп едім, сүйіп қалды-ау бетімнен жылы лебізбен сарт еткізді. Сөйтсем, «девушка» екен ғой… Тағы бір күні… Басымнан өткергенімді айтсам:
— Базар жоқ,- дейді. Мен болсам:
— Қайдағы «базар жоқ», көк базар, барахолка тұр ғой,- десем, бетіме қарап күліп жіберді. Сөйтсем «базар жоғы» «сөз жоқ» — деген мағына екен ғой. Автобуста бір қызбен сөйлестім:
— Ұлтын кім? – десем
— Метиспін, — деді. Мен оған:
— Қайдағы «метіс»? – деумен таңдандым. Қытайша сөйлеп төселіп қалғам, маған бір жігіт көмектесті. Оған алғысымды білдірейін деп:
— Шеше,- деп едім, оллаһи, биллаһи, ұйқыдан ояндым. «Шеше» — қытайша: «Рахмет» мағынасында, ал ана жігіт «шымкетский вариантпен» шатастырып алыпты ғой…
Енді қазір қай жерге барсаңда қазақша, анда-санда орысша «стрелятъ» етіп қоясың. Кезінде орысша үйренгенбіз:
— Неше ит, бес ит, девять, десять,- деп қойып… Бір күні қазағыммен сөйлесіп едім:
— Мен тек қана қазақша сөлеймін, кімді болмасын қазақша сайратып жіберем,- деп тұрған… Бір орыс келсе лезде:
— Вчера Реал-Мадрид с кем сыграл?- демесі бар ма?!
«Аққан су — бірден кір шаймас» — дегендей, бәрі кезегімен келер… Айтайын деген бір уәжім бар. Ағайын ренжімесеңіздер «қазақстандық», «оралман»,- дегенді қойып, шын «қазақ» болсақ қайтеді…

Төрехан Арыстан

10 пікір

yesbolat83
«қазақстандық», «оралман»,- дегенді қойып, шын «қазақ» болсақ қайтеді…
Jako
Негізі «оралман»-деген термин сәтті ойлап табылмаған, бұл қазақтарды бөлекткеп, бөлшектеп тұратын сияқты.
korwinin_kyzy
Егер ол Оралған болса, демек ол Оралман.
Егер кетіп қалған болса, демек ол қуылған
Картоп майлы болса демек ол қуырылған
Киім таза болса, демек ол жуылған
Jako
Өй, ақыным-ай, десеңші...
Arhun
Қазақтарыма өз қазақтарымның қатынастары мүлдем ұнамайды… Бізде оралман тұрмақ мына өзіміздегі қазақтардың өзі мың бөлшекке бөлініп отыр ғой… (( Жақында естіп қалған едім, бір топ семья оралман бізге ренжіп өзінің отанына көшіп кеткендігі. егер солай болса өте аянышты екен…
Korkem
битке өкпелеп тоныңды отқа жақпа деңіз)
p689606
«Великие люди обсуждают идеи, средние люди обсуждают события, а мелкие – обсуждают других людей»

Қайда туылғаны маңызды емес. Бастысы, адам достойный, тірлігі түзу, айтқан сөзін істейтін азамат болса болды. Қазақ болса, тіпті жақсы. Қандай қазақ екенінде шаруам жоқ. Шіріктер ғана көре алмағандықтан өстіп бөліп қарайды.
Лайықты жігіттер ісіне қарайды.
dudu
Өте дұрыс айтасын… Қазақ Қазаққа дұшпас болмасын бұл заманда ағайын!!!
satirik92
Ешкім мағынасын түсінбеген ау? Бұны жазған мен ақымақ, не түсінбеген сіз ақымақ.
semser_soz
Жақсы жазылған екен. Иә, сол "қазақстандық" деген айдарсыз шын "ҚАЗАҚ" болар күніміз тезірек келсе екен!!!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.