КВН-ге әзілдер керек емес пе?

Күле отырайық /
Әкесі баласына:
– Өскенде кім боласың?
– Такси жүргізушісі болам.
– Неге?
– Жолға ақшам кетпейді…
***
МАИ қызметкері жүргізушіні тоқтатады:
– Неге қауіпсіздік белбеуін тақпағансыз?
– Қарныма жетпейді.
– Тәртіп бәріне бірдей, айыппұл төлейсіз.
– Айыппұлды маған емес, қысқа белбеу шығарған компанияға салғаныңыз дұрыс болар…
***
Емханада:
– Дәрігер, айтыңызшы, өлгеннен соң екінші өмір бар ма?
– Сәл шыдасаңыз, оны өз көзіңізбен көресіз…
***
Сот залында:
– Айыпталушы, сіз неге көршіңізден көмір ұрлап от жағасыз?
– Ол бәрібір отқа көмір салмайды, үйін токпен жылы­тады емес пе?
***
Емханада:
– Дәрігер, сіз менің сау тісімді жұлып алдыңыз ғой.
– Ештеңе етпейді, кейін ауырса бәрібір келер едің…
***Қаламдастардың әңгімесінен:
– Шығармашылық бәйгеден тағы өте алмадым.
– Өлең беріп пе едің?
– Иә.
– Өлең емес, төлем беруің керек еді.
***
МАИ қызметкері бір жас жүргізушіні тоқтатады:
– Жол ережесін өрескел бұзғаның үшін куәлігіңді тартып аламын.
– Өзің біл, әке…

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.