Балалықтағы базар

Күле отырайық /
Біздің есіміздегі балалықта ойыншық әлеміндей бала бүйірді тартып тұратын базар қазіргі сәтте өкпесі дерттенген шалдай. Бір қабырғасы қайта құрылмастай күл-талқан. Қаны тоқтаусыз жүріп жүрек соғысы өзгеден озған тіршілігі бәсеңдеген. Көліктерім машықтарын тіптен жасанды күйге еңгізіп сары сағынышын басады. Көлікке есе бермей жарысқан жүк тасушылардың тынысы естілмейді. Өз заманында алушылардың көзін жеген сатылым заттары еді, ал қазіргі таңда сатушы дүрбімен алармандарды іздеп елеңдейді.
Бұл жердегі көлік тығынының табиғаты тәкәппар. Тығын туғызу үшін жарысардай. Көлік ішінде онсызда терлеп отырған ата-ананың жүрегін жұлып алардай балмұздақ сатушылар кіріп баланың дабылын қостырады. Жан қалтасындағы ақшасын бала жасын тию үшін жұмсаған ата-ананың шыдамы таусыла баланың құйрығын «ұялтады». Опық жеген сайын күшейе түсетін батырдай алақанды сезген сәттен бар дәрменін жинап опера қояды. «Айта түс» дегендей сары жәшік көтергендер «балмұздақтап» өте береді. Операға үйренбеген халықтың санаулысы түсіп қала береді.
«Ақшаларын» түсірген балаға ерегескендей көлік жүрмейді. Ауызы ашылып «шыңғырады». Билетбектің тамағы, жүргіншілердің құлағы шаршамайды. Ішіндегі халық екі сағат базардан шықпаса да достықтарын сайлап «көрер күніміз бір» десіп отырады. Көбі «қаза болған» түскі ұйқысын қандырады. Өз күтеріне жеткеніндей бір кезде тітіркеніп оянады да аялдамадан төбелесіп түседі. Қылшығын сүртіп қараса, үйіне әлі қайда?!
Базардың екі қанатының біріне кірсең, қақпамен таласқандай сені өзіне жұлып алтын тісті алтын-күмісін жарнамалайды, алам десең тісін қағып берердей. Алғысыңды айтып алтын тістен құтылсаң, «самопал» тістен бірі шығады! Үш мың, төрт мың арасындағы концерттен көрі осы базарды бір айналсаң қазақтың бүкіл той бизнесі мен шоу бизнесін тыңдап тынасың. Базардың тірлігі де өзінше бір концерт емес пе?
«Аға» алыңыз, «тәте» алыңыз деп аз ұлттың балалары жаныңа жабысып қалатын кездер де болды. Қазақтарым «алсаң ал, алмасаң алма! Өзіңе керек қой!» деп тұра береді. Күліп тұрып жайлайтындары да бар, кешке үйіңе барып не себепті алғаныңды білмейсің. Алармандардың бірі алудан бұрын барын үстеліңе қалдырады. Іздеп тауып, қайтарғанда күлген қарасына разы боласың. Бетіңдегі күлкіңді «сейфтер» кеп жыртып алады. Сатушы болғаныңа ыза буып отырғанда алдыңнан баянды көтерген зағипты жетектеп бүкіл базар білетін аға өтеді. Қуып жүріп көзің суланып шамаңа қарай бересің. Ішіңнен Жаратқанға разы болып тұрғанда алдыңа арбаға таңылған кісі бұрғы тісіне қарап, қалтасындағы тиынын санап жеткізе алмай тұрады. Сұраған бұрғы тісін қолына ұстата езуіне күлкі қондырасың. Темірден матаға алмастырғанда алдыңа апалар келеді, оларға да барынша көмектесесің. Кейде жетімханадан көмек сұрап келеді. Қолыңның ашықтығы ма? Көмек қолын созуға құштарлық па? Жаулықты бумалап ұстатып жібересің! Одан ағаңнан ұрыс естисің…
Күннің ашуын шақыртып, ол көзін ашпай баратындар бар. Қақпа ашылғанда кілтшінің көзі бақырдай болады. Олардың контейнерлері ашық тұрады. Өзге қалалардан келген алармандар жалғыз контейнер ашылғандықтан совет кезеңіндегідей кезекке тұрады. Көліктерінде құс ұйқыда жатып бір-бірін аңдысқан келермендер жарыса кіреді базарға. Жалғыз нүктеге тапсырыстарын тізіп айтып өздері «шипажайға» келгендей иықты кеңге салып жабылар сағатқа дейін басқаларын түрткілеп «қаңғиды». Ұйқысыз жандар болса жасарын жасап «күйіс қайтарады».
Екі күнде бір айран көтерген апамыз дастарқанымызды «айрандайды». Төрт-бесеуін арзандатып сатуға елден кеш келіп, елден ерте кетеді. «Шай! Шай!» бұл сөзде құлағыңда. Әрбір қатарды бөлісіп алған. Өзгенің қатарына бас сұқпайды. Бір қатардан шайдың иісін мұрныңа жалаңдатып өте береді. Олардың ізіне ілесіп жер тазалаушы да қалмайды. Өздерінің айлықтары да жетімсіз. Оған қараған олар жоқ, асфальтті жүк тасушылар сырғанардай жылтыратып кетеді. Қоқыстың көкелері контейнер алдындағы жайма үстелдердің астында шалқасынан жатады. Кейбірі өзінің астына жимай, көршісінің алдына үйеді. Көршісі келсе өзіне қайта көшіріп қоқысқа маза бермейді. Өздерінің орындары негізінен кіреберіс, контейнеріңді ашпасаң орныңа тұрақсыз саудагерлер тамырланады. Арбасын «Мерседеске» теңеп жүк тасушылар иықтарып күнге қарып «Жол! Жол!» десіп өткіншілермен тіреседі. Ауырлыққа жүрегі қысылып «Мерседестерін» қимай кеткендері де бар.
Апаларымыздың бірі күні бойы Қазақ радиосының тамағын ауыртады. Құлақтары ұшқан сөзді ұстайды. Сөз үйілген жерге үркердей жиылады. Ортасында бірі «Ия, Ия» деп қана тыңдасады. Қалғаны бүкіл базар жайын ашып тастап, соңынан өздеріне айналып қызыл шеке болады. Бір бұрышта еркектер тастармен қырлысады. Ішке кірген аларман сатушыны іздеседе еш бірі мойын бұрмаған соң, қолын сілтеп келесі базарға асығады.
Аналарымыз қайтқанда үйге көкеніс, жеміс-жидек көтеріп пысылдайды. Біретінде көкөніс аларда сатушыға қарасам төртпақ денелі, ірі. Бізге қарай бұрылғанда сызылған сұлу қызды көргенде сөзім жоқ болды! Кірістің біразы шай, қайнақ су, дәретхана, күнделікті төлем, оның сыртында айлық төлеммен кетеді. Балақты тістелеген күшіктей әкімшілік болсын, «басқасы» болсын алымның түр-түрін «көтеруі де», «босануы да» жеңіл! «Босанбай» тұрып бұлардың «жеріктігі де» күшті боп тұр-ау?

ТӨРЕХАН Арыстан

1 пікір

Kan
Жақсы жазылған екен жарайсың.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.