Тазша баланың блогы немесе мен туралы білгіңіз келсе

Күле отырайық /
Мен — Тазша баламын. «Тазош» десеңіздер де болады. Мен халықтың аузында көптеген ертегілерде жүремін. Мені сол жақтан табасыздар немесе осы блогта не істеп, не қойғанымды біліп отырсаңыздар болады.

Иә, қыздар, мен үйленгенмін! 15 балам бар, 12 қызым бар. Құдайға шүкір, қазақтың санын күн санап арттырып келемін. Осы жылы тағы екеуіне заказ беріп отырмыз.

Менің әйелім дейсіз бе?! Иә, ол — бір ханның қызы. Атын айтып, түсін түстемей-ақ қояйын. Ол ханнан қызын мен ұлы сынақтан өтіп алғанмын. Әлі есімде, ақпан айының отыз бірінші күні қақаған қатты ыстықта балшыққа батып бара жатқан алтын басты, күміс құйрықты айғыр атын ішіндегі құлынымен бірге тісіммен тартып шығарып, өз қызын берем деген уәдесінде тұрған болатын. Содан не керек, айдың күні аманында бас бостандығымнан айырылдым да қалдым немесе ханның қызына үйлендім. Отыз күн ойын, қырық күн тойын жасап, бір апта Көктөбеде гулянкада жүріп, не керек, әйтеуір «жынды» қып шаңырақ көтердік. Хан өзінің көп үйлерінің бірін бізге беріп, мені оттан аттатып, сол шаңыраққа «бас бола ғой, ие бола ғой»деп жалынып-жалпайып кіргізді. Енді міне, таз басым жалтырап, сол шаңырақтың тазша иесі боп отырған жайым бар.

Әлеуметтік жағдайыма келер болсақ, халық маған бірде ат мінгізіеді, бірде қара жаяу салып, артымды терлетіп ел кездіріп қояды. Так что, нақты жауап беру қиын. Халық не дейді — сол болады.

Ал мен кеттім. Тағы жаңалық болса, жазып отырам. Мүлт жібермей оқып отырыңыздар.

4 пікір

yesbolat83
Take, qosh keldin bizdin auylga. At basyn zhie buryp, zhanalyktarynmen bolisip turgaisyn.
Jako
Иә, BlogTIME сайтынан оқып жүруші едім…
Kan
«жынды» деген сөз ұнамайды маған осы?
Kan
жалпы жақсы жазылған екен
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.