LG компаниясы CES 2013-ке TurboWash™ технологиялы кір жуғышын шығарды

LG Electronics Kazakhstan /
LG компаниясы CES 2013 жәрмеңкесінде сыйымдылығы жоғары TurboWash™ технологиялы кір жуғыш машинасын көрсетілімге шығарды.
Өте тиімді жаңа LG кір жуғыш машиналары күшіңіз бен уақытыңызды үнемдейді
Биыл қаңтар айында Лас-Вегасте өткен CES 2013 жәрмеңкесінде LG Electronics (LG) компаниясы өзінің кір жуғыш машинасын ұсынды. Салмағы 15 кг болатын кір жуғыш машина бір салымда кірдің көп мөлшерін жуып, уақытыңыз бен күшіңізді үнемдейді.
Сұраққа жауап алу қорытындысына қарасақ АҚШ әйелдері кір жууға орташа есеппен алғанда бір аптада сегіз сағат жұмсайды екен. Солардың 75 пайызы кір жуу процесі көп уақыт алғанымен қоса жалықтырады деп көрсеткені де таңқаларлық жайт емес. LG компаниясы өндірген сыйымдылығы жоғары, әрі шапшаң циклді Mega-Capacity TurboWash™ кір жуғыш машинасы үй қожайының өмірін бірталай жеңілдетпекші.
LG TurboWash™ технологиялы WM8000 кір жуғыш машина кірді бір жуғанда сапалы нәтиже көрсетіп, уақытыңызды үнемдейді. Инновациялық кір жуғыш машина пайдаланушылардың көңілін қалдырмасы анық. LG кір жуғыш машинасы ENERGY STAR ® «Most Efficient» сертификатымен марапатталған.
«Біз бұл машинаны тұтынушылар сұранысына лайықтап, үлкен көлемді заттарды тез арада жуып шығара алатын етіп жасадық. Осы жолы бәрінен асып түстік, сондықтан тұтынушылар көңілінен шығады деген үміттеміз»,- деп LG Electronics Home Appliance президенті Сон Чжин Джо айтты.
LG WM8000 кір жуғыш машинасы стандартты кір жуғыш машиналарға қарағанда жүктеулігі 18 пайызға жоғары. Кірді сығу және жуып-шаю TurboWash™ технологиясы сіздің уақытыңызды үнемдеп, сапалы нәтиже көрсетеді. Соған қоса WM8000 кір жуғыш машинасының булы жүйесі матадағы дақтарға еніп, кірден айырылуға көмектеседі. Нәтижесінде уақытыңыз бен күшіңізді көп жұмсамай-ақ, кір заттарды көп мөлшерде жуа аласыз.
LG 6Motion™ технологиясы 6 түрлі алгоритімнен тұрады: қаныққан, реверсивті айналдыру, бұрмалау, шайқау, үтіктеу, базалық стандартты барабандардың айналуын өзара қиыстырып, сапалы нәтижесін көрсетеді. Жаңа жақсартылған басқару панелі барлық функцияларын басқара алады, сонымен қатар қазіргі замани стильде жасалған сыртқы пішінімен ерекшеленеді. WM8000 LG өте лас киімдердерге арналған және киім-кешектердің көлеміне байланысты дұрыс жууды автоматты түрде икемдейді. Егер кір жуғыш машинада мәселелер туындаса, шығынданып сервис орталықтарына барудың қажеті жоқ Smart Diagnosis™ технологиясы өзі мәселені тауып, шешіп береді.

3 пікір

yerbol89
Сипаттамасы жақсы көрінеді. Бұл кір жуғыш машинаның бағасы қанша туры туралы ақпаратты бере аласыздар ма? Біздің үйде ЛЖ-дың баяғыда алынған моторына 10 жыл гарантиясымен деген кір жуғыш машинасы әлі тұр. Міне 8 жыл болды ау деймін, әлі сыр берген емес. :)
korwinin_kyzy
Кыстати біздін теледидар елжи
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.