LG компаниясы CES 2013 жәрмеңкесінде Door-in-door форматтағы инновациалық тоңазытқышты көрсетілімге шығарды

LG Electronics Kazakhstan /
Door-in-door тоңазытқышыЖаңадан шыққан Инновациялық LG тоңазытқыштары кеңейтілген сыйымдылық пен пайдаланудағы ыңғайлылықты қамтамасыз етеді.

7 қаңтар, 2013-LG Electronics компаниясы CES 2013 жәрмеңкесінде сыйымдылығы кеңейтілген, қос есікті тоңазытқыштарын ұсынды. Ғажайып дизайнді, өте ыңғайлы қос есікті (Door-in-door) тоңазытқыштары пайдаланушыларға кез келген уақытта сүйікті тағамдары мен сусындарын бір пернені басып қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар тоңазытқыштың есігін ашқан сәтте суық ауаның азайғандығы жайлы ескертеді және тамақ өнімдерінің бұзылып кетпеуінің алдын алады.

«LG тоңазытқыштары тамақ өнімдерін сақтауда жаңа әдіс-тәсілдері мен көптеген таңғажайып жүйелерді ұсынады» — деп LG Electronics компаниясының HA бөлім Президенті Сеонг-джин Джо айтты. LG компаниясы тұтынушыларға интеллектуалды өнімдерді шығаруға дайын екендігін өзінің жаңа door-in-door системасымен дәлелдеді.

French сериясының жаңа тоңазытқышы
French сериясының тоңазытқыштары кеңейтілген сыйымдылық (880 литр), door-in-door жүйесі мен басқа да ерекше жүйелерді, соның ішінде мұзға арналған шағын Slim SpacePlus™ Ice System жүйесімен таң қалдырды. Мұзға арналған шағын дизайн, әрі жаңа жүйелі есіктегі кеңістікті оңтайландыру мен сөрелерді қолданудағы ыңғайлылық. Тоңазытқыш іші кеңейгенмен, сыртқы пішіні сол қалыпта стандартты түрде қалды. Тоңазытқыштың үлкен сыйымдылығы, ас үйдегі кеңістіктің кеңейюіне мүмкіндік береді.

10 жылдық кепілдемесі бар сызықты компрессор және ерекше Fresh Air Filter жүйе мен екі буландырғыш, multi-air технологиясы Smart Cooling Plus жүйесіне кіреді. Сызықты компрессор тамаша өнім шығарушылық пен энергия қуатын үнемдеп, ал Fresh Air Filter тоңазытқыштағы ауа тазалығын бақылайтын жүйе. Бұл технологиялар тамақ өнімдерінің көп уақытқа дейін сақталуын қамтамасыз етеді.

door-in-door системалы, 5 есікті тоңазытқыш
LG компаниясы сіздерге 5 есікті мега көлемді тоңазытқыш пен door-in-door максималды көлем мен ерекше сөрелер жиынтығын ұсынады. Екі есікті тоңазытықыштағы ішкі бөлгіштің болмауы арқасында, сөрелер мен арнайы себеттердің орындарын оңай түрде ауыстыруыға болады.

Бес есікті door-in-door жүйелі тоңазытқышы бірнеше бөліктерге бөлінген, олар тоңазытқыштың әрбір сантиметрін үнемді қолдануға мүмкіндік береді. Есіктің төменгі жағында жұмыртқа мен ұсақ заттарды сақтауға арналған орын бар. Есіктің ортаңғы бөліміндегі дәмдеуіш пен сусындарға арналған сөрені тамақтану кезінде стөл үстіне қойып қолдануға болады.
Сонымен қатар жеміс-жидектер мен көкөністер үшін арнайы мөлдір пластиктен жасалынған сөре сізге жемістер қалпын бақылауға мүмкіндік береді. Оңай алынатын сөрелер арқасында тағамдардың орнын ауыстыруға болады. Тоңазытқыштың сапалы тығыздалған қасиетінің арқасында ылғалдылықты жоятын жүйе көкөністердің ұзақ уақыт бойы сақталуын қамтамасыз етеді.

Жаңа Side-by-side тоңазытқышы
Соңғы шыққан side-by-sidе серия тоңазытқышының инновациялық door-in-door жүйесі арқасында көп көлемді сыйымдылық пен азық-түліктерге оңай қол жетімділікті ұсынады. Сызықты комрессор салқындату процесін қадағалайды және энергия қуатын аз жұмсайды.

5 пікір

maulen
Пайдасы мол дүние екен! Шығынды азайту үшін алдымен жаңа технологияны меңгерген жөн деп ойлаймын!
diil
иа, тұтынушылар жағдайын LG ойлап жатыр ғой)
followme_alik
Толығымен тәтті-дәмділерімізді тықпалап, бір маусым аяқ көтеріп,ішті сипап жататын уақыт та жеткен шығар.Күт бізді… LG (Side-by-side)тоңазытқышы… Инеттегі отзывтарға көңіл салсақ LG басқа компанияларға қарағанда озып тұр 2 критерий бойынша: сапалылық,қолжетімділік_… Армандар орындалады_қалтқыма pr, игі іс, жақсы пост :I
diil
Рахмет.Сіздреді қызықтырғанына қуаныштымын
STR
біз секілді патрицийлерге бәрібір ғой, ал қаратабандар үшін қиын сұрақ. қанша тугрик тұрады мына дүниелеріңіз?
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.