LG Electronics компаниясы ULTRA HD 84-дюймді 3D теледидарын ұсынады

LG Electronics Kazakhstan /
Тұтынушылар электроникасы жәрмеңкесінде ең алғаш рет ұсынылған IFA, 84-дюймді ULTRA HD ең жоғары мүмкіндігімен жабдықталған LG LM960V 3D-теледидары нағыз технологиялық, әрі эстетикалық серпіліс көрсетті. Әлемдегі ең үлкен 214 см диагональді экран барлығын таң қалдырды.
LG Electronics Kazakhstan: супер теледидар
Енді LG 84LM960V ULTRA HD жаңадан шыққан инновациялық 3D-теледидары арқылы үйден шықпай-ақ нағыз кинотеатрда отырғандай әсерді алуыңызға болады. Компания батыл, әрі жаңашыл ойды жүзеге асырды.

Әлемдегі ең алғашқы, әрі ең үлкен LG 84LM960V теледидары сурет кадрларын ауыстыру кезінде кескіндердің анық көрсетілуімен ерекшеленеді. Оған көзіңізді жеткізу үшін әр түрлі кескіндерді (мысалы: суреттерді) үздіксіз ауыстыру режимін қосыңыз. LG Triple XD Engine технологиясы кадрлардың бір қалыпты ауысып отыруын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар “бір қалыптылығын” жоғары сапалы 8 млн.пикселді (3840x2160) теледидар экранынан тамашалауға болады, ал ол Full HD теледидар панелінің сапалылығын 4 есеге арттырады.

LG Triple XD Engine технологиясы суретті анық бейнелеу замани жүйесінің ажыратылмайтын бөлігі болып табылады. Бұл технологияның ең басты міндеті кадрлардың бір қалыпты ауысып отыруын қамтымысыз ете отырып, көрермендердің кинодағы динамикалық көрініс немесе видео-ойындарды тамашалаған сәттегі әр көріністен ләззат алуын қамтамасыз ету. Сонымен қатар әлемге әйгілі LG CINEMA 3D технологиясымен жабдықталған. Ол 3D бейнелеу әсерін одан әрі күшейте түсіп, көрермендердің 3D атмосферасына енуіне мүмкіндік береді. Сонымен қатар 3D Depth Control функциясы арқылы 3D кескінін басқара аламыз. Кескінді 2D-дан 3D-ға алмастыратын кіріктірме маханизмі кез-келген видео немесе фильмге көлем береді, ал Dual Play функциясы ойынды бір теледидарда екі адамның ойнауына мүмкіндік береді, қарсыластар бір экраннан бір мезетте әр түрлі кескіндерді көру мүмкіндігіне ие болды.
LG Electronics Kazakhstan: теледидар

Реалистік 3D кескіндерін тамашалаған сәтте көрермендер қияли әлемге түсіп, замани кино атмосферасын сезіне алады. 3D нысаны көрермендерден қандай қашықта болса, дыбыс шығару әсері де соған байланысты әр түрлі болады, яғни дыбыстың жоғарлауы немесе төмендеуі. Ондай әсер LG 3D Sound Zooming технология арқасында іске асады. Қысқаша айтсақ, бұл көрерменге айналасында болып жатқан дыбысты анық, әрі сапалы етіп жеткізетін, 3D әсерін күшейтетін замани жаңа технология болып табылады. Оның сапасы да 2.2 инновациялық акустикалық жүйемен жабдықталған, екі 10-Вт динамика және екі 15-Вт сабвуфер. Жаңа, әрі ең үлкен LG теледидары көрермендерге кино атмосферасын толығымен жеткізу ушін дыбыс жүйесі қажет.

Ең үлкен көлемді экран мен жанды дауыс Smart TV теледидарларының қазіргі заманға лайықты философиясы болып табылады. Қолайлы қосымшалар, сервис және интернет көмегімен LG LM960V 84 диагоналді теледидар нағыз интерактивті құралға айналады, оны толығымен өз қалауыңызға қарай лайықтай аласыз. 500 ден астам қосымшалар мен икемдегіштерге қоса көрермен өзінің талғамына қарай 3D World немесе Megogo қосымшалары көмегімен кез келген видео немесе кинофильмді онлайн тамашалай алады.

LG компаниясы ұсынған жаңашыл теледидарының ең маңызды элементтерінің бірі- SmartShareTM Plus функциясы болып табылады. Ол ноутбук, самртфон, планшет және т.б сияқты портативті құралдардағы әр-түрлі мультимедияларды үлкен экранда трансляциялауға мүмкіндік береді. Resolution Upscaler Plus қосымша функциясы қатты диск пен веб сайттардан кескінді адаптациялап, пайдаланушы құрған контентті де оңтайландырады.

LG Magic Remote жетілдірілген дистанционды пульт бақылауы көмегімен тұтынушылар басқару панелін оңай шығарып навигацияны іске асыра алады. Басқаруды дауыс командасын беру немесе мәтінді теру арқылы іске асыруға болады. Бұл функция өте тиімді болып шықты, әсіресе толық фразалармен берген жағдайда, мысалы Twitter немесе веб сайтты еңгізген жағдайда.

LG ULTRA HD Smart TV ең үлкен теледидары енді Қазақстанның барлық электрондық магазиндерінде «Sulpak», «Технодом», «Планета электроники», «Мечта», «Эврика» ұсынылатын жекеленген бағасы: 2 999 990 тенге.

Теледидардың фантастикалық жаңа функцияларымен енді компаниянын ресми сайтына LG Electronics Almaty Kazakhstan Youtube: www.youtube.com/watch?v=mKbCPDAHnEA кіріп виртуалды таныса аласыз.

2 пікір

zhurttyn_balasy
әр көріністен ләззат алуын
Қандай көріністер ол соншама?
84-дюймді 3840x2160 Full HD теликтен әр көріністен ләззат алатын видео көріп жатырсыңдар, эээй қу дүние ай, техниканың дамыған заманы деген осы шығар, 128x120 көлеміндегі видеоға да мәз болып жүрдік қо кезінде
zhurttyn_balasy
Реалистік 3D кескіндерін тамашалаған сәтте көрермендер қияли әлемге түсіп, замани кино атмосферасын сезіне алады.
жо жоқ, қиялым, шарықтамай тұра тұр
Үш өлшемді голограмма теликтерді қашан шығарады екен а?
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.