Алмас Өтешов – олимпиадаға баратын ауыр атлет.

ЛОНДОН 2012 /
Алмас Өтешов – ауыр атлетикадан Лондон олимпиадасына қатысатын спортшы. 24 жастағы атлет 94 килограмм салмақ дәрежесінде сынға түседі.

Ол Лондон олимпиадасы жолдамасын маусым айының басында Талдықорғанда өткен Қазақстан чемпионатында жеңіп алды.

«ЖЕҢІЛСЕМ, ӘКЕМ ӨКПЕЛЕП ҚАЛАДЫ»

Алмас Өтешов сегіз жасынан бастап қазақша күреспен айналысқан. Қызылорда қаласындағы спорт мектептерінің бірінде оқыған.

– Ауыр атлетикаға 14 жасымда келдім. Мектепте қазақша күрес үйірмесі болмаған соң, дзюдомен айналысып та көрдім. Бірақ кейін мектептегі жаттықтырушылар мені ауыр атлетика секциясына ауыстырып жіберді, – дейді Алмас.

Алмас – үйінің үлкені. Соңынан ерген бір інісі, екі қарындасы бар. Бауыры Айдос та ауыр атлетикамен айналысады.

– Анам Айман ауыр атлетикамен шұғылданғаныма қарсы емес. Ал әкем Дәулетияр

​​– менің нағыз жанкүйерім. Жарыстардан жеңіліп келсем, өкініп, өкпелеп қалады, – деді Алмас Өтешов.

Алмас Өтешовтің негізгі мамандығы – дене шынықтыру пәнінің мұғалімі. Зайыбы Айжан да – ауыр атлет. Бір ұлдары бар.

– 2010 жылы университетті тәмамдадым. Оқу орнында жүріп, ауыр атлетикамен айналысып жүрдім. Қолым босаса, университет кітапханасына барып, газет-журналдар оқитынмын. Сол әдетім әлі сақталған. Көшедегі дүңгіршектерден спорт газеттері мен журналдарын алып, оқып тұрамын. Жақында Қабдеш Жұмәділовтың «Соңғы көш» кітабын аяқтадым, – деді спортшы.

Алмас ауылға демалысқа бара қалса, атқа мініп, серуенге шыққанды жақсы көреді.

– Жаттығудағы негізгі тамағым – жылқы еті мен қымыз. Бапкерлердің белгілеуі бойынша қайнатылған тамақтарды көп жейміз. Етті сорпасымен жегенді ұнатамын. Қуырылған тамақтарды жегім келмейді, – деді спортшы.

Ескерте кететін жағдай: Ақпаратты Аламан.кз сайтынан алдым!

2 пікір

Gulzhanat
Зайыбының есімі Айжан емес, оның есімі Айнұр
MSHERIMBEK
Ақпаратты Аламан.кз сайтынан алдым!
Бүкіл аламанды көшіріп келейік та… Не уже ли өз бетіңше пост жазу қиын м?
Просто, көшірме үшін плюс болмайды ғой, Қарабалау))))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.